Қазақстанда мұнай-газ саласында пайдаланылатын құтқару тыныс аппараттарын шығаратын зауыт ашылды

9 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «Akbarys» компаниялар тобының отандық құтқару тыныс аппараттарын шығаратын мамандандырылған өндірістік зауытын ашу салтанаты өтті.

Қазақстандық ірі мұнайгаз операторлары — Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) и «Тенгизшевройл» ЖШС (ТШО) — QHSE Akbarys заутының іске қосылуына көмектесті. Мекеме күкіртсутекті ортадағы жұмыс жасағанда пайдаланатын AVON Protection жүйесінің британиялық технологияласы бойынша жасалған капюшон-респираторларын шығарып бастады.

«Akbarys» қорғаныш капюшон-респираторлары AVON Protection жүйесінің озық британиялық технологиялары бойынша шығарылатын болады. Олар Қарашығанақ, Теңіз сияқты ірі мұнай-газ жобаларында күкіртсутекті ортадағы жұмыстардың барысында жәнеқұрамында күкірт бар немесе күкіртті газдың жылыстауы жағдайында қызметкерлерді  қорғау үшін  пайдаланылады деп хабарлады «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) Корпоративтік байланыстар департаментінде.

ҚПО және «Akbarys» компанияларының көпжылдық ынтымақтастық тәжірибесі бар. 2014 жылы мұнай-газ операторы қазақстандық кәсіпорынмен күкіртсутекті табу және мониторингтеу қызметтерін жергіліктендіруге бағытталған сынамалық келісімшарт, ал кейінірек басқа да бірқатар ірі келісімшарттар жасасты.

Зауыттың ашылуы QHSE Akbarys идеясын ірі мұнайгаз операторлары – Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) и «Тенгизшевройл» ЖШС жергілікті тауршығарушыларды қолдауының арқасында іске асырылды.

«Қазақстанның астанасында өндірістік зауыт ашу – бұл технологияларды енгізуге және қазақстандық жоғары технологиялық өндірістік және сервистік әлеуетті дамытуға инвестициялар тартуға бағытталған перспективті және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытудағы ҚПО компаниясының тағы бір қадамы. Бұл ҚПО, Өкілетті орган және Ұлыбританияның халықаралық сауда департаментінің табысты ынтымақтастығының тамаша нәтижесі болып табылады», – дейді ҚПО өндіріс жөніндегі директоры Габриеле Джиона.

Іс-шара үстінде ҚПО сонымен қатар «Akbarys» компаниясына Қазақстанда шығарылған 8300 дана апаттық-құтқару тынысаппараттарын жеткізуге келісімшартты табыстады.

Салтанатты рәсімге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, Өкілетті орган – «PSA» ЖШС, ҚР Ұлыбритания елшілігінің өкілдері, сонымен қатар мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.

Департаменттің деректері бойынша, ҚПО компаниясының жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесі 2014 жылғы 48%-дан 2018 жылы  60%-ға дейін өсті.

«Жалпы алғанда, 1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылған мезеттен бастап тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесі $7 млрд-тан асты» – деп атап өтті компанияда.

QHSE-Akbarys ЖШС қазақстандық қамту деңгейі 100%, персоналды күкіртсутектен қорғау, бұрғылау қалдықтарын басқару, атқарылатын қызмет түрлері бойынша консалтингтік қызметтер көрсету, сонымен қатар жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын шығару және жеткізу облысындағы қызметті жүзеге асыратын компания болып табылады.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В»Қарашығанақ кен орнын игеру жобасының операторы болып табылады.ҚПО консорциумының құрамына«Эни СпA» (29,25%), «Шелл» (29,25%), «Шеврон» (18%), «ЛУКОЙЛ» компаниялары(13,5%) және «ҚазМұнайГаз» (10%) кіреді. Қарашығанақ кен орны Батыс Қазақстан облысында орналасқан және 280 шаршы метрден аса аумақты алып жатыр. Оның есептік бастапқы баланстық көмірсутек қорлары 9 млрд баррель конденсат және 48 трлн текше фут газ құрайды, ал жалпы бағалау қорлары 2,4 млрд баррель конденсаттан және 16 трлн текше фут газдан асады.

Фото: kpo.kz