Қазақстандық компаниялардың ENI халықаралық жобаларына қатысуға зор мүмкіндіктері бар

Қазақстандық теңіз жобаларындағы қатал табиғи жағдайлардың арқасында, Қазақстанда бірегей білім мен іс-тәжірибеге ие мұнайшылар тобы қалыптасты. Мысалы, қазақстандық компаниялар қышқылды және агрессивті ортада қалай жұмыс істеу керектігін біледі және италиялық және басқа халықаралық әріптестеріне қышқылды газ кен орындарын игеруде көмектесе алады.

Бұл сұрақ Италияда Италия Өнеркәсібінің Жалпы  Конфедерациясы (Confindustria), «Assomineraria» Қауымдастығы, Eni, «KazService» Қауымдастығы және «KAZSERVICE» Қауымдастығы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аясында құрылған Стратегиялық әріптестіктерді дамыту кеңесі Petrocouncil) ұйымдастырған «Интернационалдандыру және жергілікті мазмұн 2.0» стратегиялық ынтымақтастық бойынша ИталияҚазақстан бизнескездесуі шеңберінде  талқыланды. Eni компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша атқарушы вице-президенті Лука Виньяти қазақстандық кәсіпорындардан Eni қандай тауар, жұмыс және қызмет түрлерін күтетіндігі туралы анағұрлым нақтырақ айтып берді.

Eniкомпаниясы Қазақстанның мұнайгаз нарығында маңызды роль атқарады. Eni қазақстандық мұнай-газ сервисі компанияларымен көптеген жылдардан бері жұмыс істеп келеді.  Eni компаниясымен бүкіл әлем бойынша басқа жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар ма?

– Eni әрқашанда Қазақстандағы шетелдік және ұлттық компаниялардан құрылған, әрқайсысы өзінің құндылығы мен үлесін қосатын бірлескен ксіпорындарды қолдауда, дамытуда, ілгерілетуде және құрылуын ынталандыруда маңызды роль атқарды. Мен қазақстандық жергілікті компаниялардың немесе бірлескен компаниялардың Eni халықаралық қызметіне қатысуы үшін үлкен мүмкіндіктерді көремін. Қазір сіздің компанияңыздың қай жақтікі екендігі маңызды емес, қауіпсіздіктің келісімшарттық міндеттеме еместігін ескере отырып, сіздің өзіңізге алған міндеттемелерді қалай орындайтындығыңыз маңызды. Жаһанданудың арқасында географиялық шекаралардың барлығы өшті, нақты ашық нарық және нағыз ашық бәсеке пайда болды. Және де қазір бәсеке тек анағұрлым пайдалы бағаны ғана білдірмейді, ол сонымен қатар қызмет көрсетудің толық спектрін көздейді. Қандай да бір берілген жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздікке келетін болсақ, бұл жерде табыстылықтың негізгі факторы компания мен мердігерарасындағы нақты әріптестікті сезіну болып табылады.  Біз ұзақмерзімді мақсаттарды жоғары бағалаймыз және оларды тез іске асыруға ұмтыламыз. Біз ұзақмерзімді мақсаттарды жоғары бағалаймыз, алайда сонымен бірге неғұрлым қысқа жолдарды қауіпсіздік мәселелерінде үнемдемей және компромисті қабылдамай іздейміз. Біз ұтылыссыз тәсілдеме арқасында әркім бірінші болатын үздіксіз және ашық әріптестік шеңберіндегі келешек көпжақты әріптестік қарым-қатынастарды бағалаймыз  .

Біз бизнес мүддесінде цифрландыруды қолдауды және басқаруды және жаңа технологияларды енгізуді және бизнес пен біздің барлық мүдделі тараптырымыз үшін құндылықтар құруды, барынша қауіпсіздікті, активтердің тұтастығын, көміртексіз және циклді эконономиканы қамтамсыз ете отырып,бизнеске күн ілгері кесіп-пішілмеген және инновациялық тәсілдемені бағалаймыз. Eni компаниясын оның барлық қызмет облыстарын қамту үшін арнайы әзірленген цифрлық түрлендірудің кең ортақ міндеттері бар: еңбекті қорғау мен жұмыс орнында персоналдың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жағдайларын жақсартудан бастап,  объектілердің сенімділік, жұмысқа қабілеттілік және техникалық тұтастық деңгейін  қауіпсіздік пен қоршаған ортаға әсер тұрғысынан қосымша артықшылықтармен жоғарылатуға дейін; экономикалық және операциялық көрсеткіштерді арттырудан бастап, жаңа бизнес-модельдер әзірлеу мен көбіне-көп деректерге  бағдарланатын шешімдер қабылдау үдерісін үдетуге дейін.

Eni компаниясының стратегиялық таңдауы технологиялар мен жаңа машықтар болып табылады. Ұзақмерзімді перспективада, анағұрлым кеңірек даму үдерісінің бір бөлігі болып табылатын цифрлық трансформацияның арқасында Eni компаниясы өзіндік үдерістерге бұдан да көп кіріктірілетін болады, сонымен қатар жаңа цифрлық құзыреттерді дәстүрлі техникалық машықтармен бұдан да тиімді үйлестіре алады, компания инновациялар үшін бұдан даашық болады және ең озық технологиялық стартаптар мен әзірлемелерді пайдаланатын болады, өзінің операциялық және жұмыс процестерін жеделдетеді және бұдн да көп жас мамандарды тартады.

Бұл тәсілдемені қолдайтындардың барлығы қай елден шыққандығына байланыссыз Eni компаниясының әріптесі бола алады.

– Сіз қазақстандық жергілікті компаниялардың ерекшеліктері туралы, олардың күшті және осал тұстары туралы не ойлайсыз?  Жаһандық деңгейде жұмыс істеу үшін олар қандай қасиеттерді дамытуы тиіс?

– Қазақстандағы жалпы экономикалық ахуал алдымен жергілікті компанияларға сын-тегеурін тастағаны сөзсіз, ал содан кейін оларға жоғары стандарттарға қол жеткізуге көмектесті. Олардың көбісінің құрлықта да, сол сияқты теңізде де қатал табиғи климат жағдайларындағы,құрамында күкірт деңгейі жоғары объектілердегі жобаларғақатысу мүкіндіктері болған жоқ және олардың көбі алғашқыда сын-тегеурінді қабыл алды, сосын осындай күрделі жұмыс ортасы жағдайында даму мүмкіндігін алды. Бұдан басқа, бұл сала соңғы 20 жылда кезіккен көптеген аспектілер мен ахуалдар бірінші рет Қазақстанда кезікті, бұл ең озық тәсілдемелер мен технологияларды енгізуге және қабылдауға әкелді. Сонымен, бұл сыртқы факторлар мен экстремалды жағдайлар қандай да бір дәрежеде шектегенімен,  ал кейде бастапқы шығарушы ел нарығынан сыртқа шығару үшін өте мамандандырылған болып табылатын тауарлар өндірісін жергіліктендіруге кедергі келтіргенімен, әрқашан қазақстандық сервистік компаниялардың өсуін басқарды.

Бұдан басқа, ұлттық (қазақстандық) сахнада халықаралық ойыншылардың бар екендігі себепті, жергілікті ұлттық компаниялар жеткілікті түрде көпұлттыға айналды, алайда жергілікті нарықтың күтулері мен стандарттарына бағдарланды. Жаттығу базасы жаман емес дегендей!!!

Халықаралық немесе жаһандық деңгейде ғана емес, шетелде жұмыс істеу үшін оларға не нәрсе қажет? Шын мәнінде олардың осал тұстары жоқ, басқа елдерде әлеуметтену машықтарын дамыту қажет болар, өйткені мұндай қосымша талаптар болған жоқ (немесе олар қарастырылған жоқ). Шетелде жұмыс істеу өз елінде жұмыс істеуден ерекшеленеді. Анағұрлым ықтимал заңнамалық шеңберден басқа, сіз сырт жақта тұрғандығыңызды және жергілікті мазмұн, қоғамдастық, өмір салты, интеграция және әріптестікпен байланысты сұрақтарға, алайда басқа перспективадан кезігетініңізді елестетіп қана көріңіз.

Егер қысқаша айтар болсақ, мұнда сөз басқаша ойлау мен түсінуде болып отыр. Қазақстанда тексеріліп, сыннан өткен тәжірибелі бірлескен кәсіпорындар (қазақстандық және халықаралық мердігерлердің)- бұл Жергілікті мазмұн 2.0 бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастыққа апарар ең тез жол!!

– Бұдан бұрын Қаламқас кен орын игеру $ 7 млрд. сомаға бағаланады деп айтылған болатын. Бұл сома дұрыс па? Жоба бойынша жұмыс қашан басталады? Мұнай өндіру қашан басталмақ?

НКОК ұсынылатын даму жоспарымен 2019 жылдың ортасына қарай таныстырмақ. 2018 жылғы 12 желтоқсанда мердігер компаниялар, Энергетика министрлігі және «PSA»  ААҚ арасында келісімге қол қойылды, ол тараптардың Қаламқас кен орнын нақты игеруді барынша тезірек бастауға ықыластарын растайды.

Даму жоспары жұмыстың жоспарлары мен Қаламқас-теңіз кен орнын игеру және кен өндіру шығындарының сметасын анықтайтын негіз қалаушы құжат болып табылады.

Артықшылық берілетін тұжырымдама Қаламқас-теңіз кен орны мен Хазар кен орнын («Pearls» PSA шеңберінде игерілген) бірлескен игеру болып табылады. Бірлескен игерулер анағұрлым ұсақ және маргиналды ресірстарды игеруге ықпал етеді және Біріккен Корольдіктегі Солтүстік теңіз және АҚШ-тағы Мексика шығанағының солтүстік жағалауы сияқты мұнай провинцияларында кең таралған. Қаламқас-Хазар мұндайдың Қазақстандағы алғашқысы болады.

Шығыстар сметасы мен жұмыс кестесі пысықталуда және НКОК 2019 жылдың ортасына қарай ұсынатын жоспарда көрсетілетін болады.

Игерудің табысты дамуы үшін шешуді қажет ететін және тиімді ведомствоаралық шешімдерді талап ететін Қазақстандағы осы алғашқы бірлескен игерумен байланысты толып жатқан коммерциялық, құқықтық және әкімшілік мәселелерден басқа ешқандай кедергілер жоқ.

– Мердігерлер тарту жоспары туралы нақтырақ айтып бере аласыз ба?

  • инженерлік-техникалық жобалауға;
  • бұрғылау жұмыстарына;
  • құрылыстық-монтаждау жұмыстарына;
  • техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге

бөлінетін қаражат көлемдері қандай?

– Жобаны НКОК басқаратын болады. Алдын ала бағалау Қаламқас-теңіз жобасын дамытудың барлық нұсқаларының еңбек нарығына, білім беруге, ғылыми және инженерлік салаларға, инвестициялық белсенділікке, жергілікті өмір сүру деңгейі мен табыстарға, сонымен қатар жалпы жергілікті экономикалық дамуға оң ықпалын айғақтайды.

Қазіргі уақытта НКОК «Қаламқас-теңіз және Хазар» жобасына жергілікті тауар, жұмыс және қызмет жеткізушілерді мүмкіндігінше барынша тарту бойынша жоспар әзірлеу үстінде. Жобалау тобы құбырлар, жасанды аралдар дайындау және салу, жабдықтар, материалдар өндірісі және қызметтер ұсыну бойынша жергілікті қуаттарды зерттеумен айналысуда. НКОК сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметімен, «Атамекен» салалық қауымдастықтарымен және «KazEnergy» бірлестікте жаңа Мұнай-газ саласында стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі аясында жұмыс атқаруда.

– Бұл жоба бойынша мердігерлерге қойылатын талаптар қандай болмақ?

– Мен осы жоба боцһйынша мердігерлер мен жеткізушілерге қоылатын талаптардың барлығын тізіп бере алмаймын, мен, дұрысырағы, соңғы 15+ жыл ішінде үздік орындаушылардың қалай жұмыс істегендігін ескере отырып, олардан ештеңе күтілмейді дер едім. Басқаша айтқанда, жобаға мінсіз мердігерлер емес, білікті және жобаға тікелей немесе жанама тартылған адамдардың құрылыс кезінде және  жобақызметінің толық мерзімі бойына қауіпсіздігінен бастап, активтердің құнын барынша артыруға дайын нағыз әріптестер, қосылады деп күтіледі. Сондықтан жақсы нәтиженің келешектгі қосымша ынтымақтастықты, келешектегі ортақ құндылықтарды көздейтіндігін мойындай отырып,  біржақты нәтиже емес, ең жақсы жаһандық нәтиже іздейтіндер консорциум үшін дұрыс әріптестер болар еді. Осылай, қалаулы ойбаршамызды және әрқайсымызды  үнемі келу нүктесін емес, бастау нүктесін, тойынуды емес, тәбеттті сезінуге әкеледі.

Құзыреттілік, машықтар, түсінушілік бар; келесі қадам – өзімізді бір мақсатты көздеген, ортақ құндылықтары бар және жобаны екіжақты иеленетін біртұтас  сезіну. Бізге, мүдделі тараптарға (соның ішінде акционерлерге) және мердігерлерге Қазақстанда және әлемде бәсекеге қабілетті болуға, толық аяқталатын күрделі жобаларды және берілген құн шеңберіндегі жобаларды орындауға, сонымен қатар елге инвестицияларды көбіне-көп тартуға көмектесетін осы.

– Сіздің ойыңызша, Қазақстанда бірінші кезекте қандай тауарлар жергіліктендірілуі тиіс?

– Бұл сұраққа жауап бергенде мен Қазақстандық мазмұнды дамыту бағдарламасын баяндап бере алмаймын, алайда біздер ел ішінде физикалық және материалдық тұрғыдан не істеу мүмкін, ішкі деңгейде не істеген дұрыс (келешекте қайтадан, жеткілікті түрдегі көп санымен және т.д.) екендігіне шоғырлануға тырысуымыз керек және елде өндіріс құру үшін ұзақ уақыт кезеңі, шектеулі келешек және бәсекеге қабілетсіз нарық (ел ішінде, сонымен қатар әлемде), теңгерілмеген инвестициялар өрістетусияқты көптеген себептермен Қазақстанда өндірудің қажеті жоқтарды шығарып тастауымыз керек.

Мысал ретінде, алайда онымен шектелмей отырып, мен ыдыстар, құбырларға арналған клапандар, фитингтер, сөрелер, электр қозғалтқыштар, сорғылар шығару, ал толық өндіріс мүмкін болмаған жағдайда, түпкілікті өңдеу, жинақтау және сынақтар да елде өтуі тиіс.

Әрине, Қазақстанда (немесе кез келген жеке жобада) пайдаланылатын ерекшеліктер мен стандарттар тарылттырып, қысқартылған кезде тауарларың тізбесі бірден кеңейтілетін болады: олардың арасында тығыз және кері корреляция бар. Іс жүзінде, өндірілетін тауарлардың саны стандарттардң түрлері қысқарған сайын ұлғаяды, бұл өндірісті жергіліктендірудің және баға бойынша бәсекеге қабілеттіліктің мақсатқа сәйкестігін растайды.

Сондықтан бағдарламаларға және жобалардың келешектегі қажеттіліктеріне, соның ішінде объектілердің тұтастығы және оларға техникалық қызмет көрсету жобаларына ерекше назар аударған жөн.

– Сіз Жергілікті құндылық бағдарламасы туралы не ойлайсыз? Сіздің жергілікті мазмұнды дамыту стратегияңыздың ерекшеліктері қандай?

– Eniүшін бұл жергілікті қажеттіліктерді түсіну және болжау және жергілікті дамуға жәрдемдесу болып табылады.

Бұл Eni компаниясының белгілі «қос ту» тәсілдемесі, оның мақсаты энергия түрлерінің тұрақты үйлесімімен энергияға қолжетімділікті және мекендерді дамытуға одан әрі көмектесу мақсатында жергілікті халықпен және компаниялармен байланысты және өзара әрекеттесуді  қамтамасыз етуде болып табылады.

Тұрақтылық  бұл, мысалы, жергіліктімазмұнды әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектесетін мәнмәтін құру тәсілі. Консорциумдар жеткізушілердің, мердігерлердің және қолдаудың белсенді желісін дамыту мақсатында әрқашан да жергілікті өнеркәсіптік қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс істеу маңызды деп есептейді. Және дәл осы орын алды да (Тенарис, Ақсай индустриалды паркі және т.б.).

Өндірісті ел ішінде жұмылдыруға көмек көрсету және бірлескен кәсіпорындарға анағұрлым тез және сапалы қызмет көрсету/қолдау арқылы соңғы бірнеше жыл ішінде жергілікті мазмұн өзгерістерге ұшырады. Кейбір жағдайларда бұл БК еңбегінің жемісі, алайда мақтауға кімнің ие болатындығына байланыссыз,менталитеттің өзгеретіндігін немесе, мен айтар едім, дамитындығын білудің және мойындаудың өзі маңызды. Мен таяудағы келешекте мұндай мысалдар көп болатындығына сенімдімін – бұл тек міндеттеме ғана емес, бұл -қажеттілік. 

Тұрақтылық, сонымен қатар бизнестің өзіне де таралып, оны тұрақтылықпен тек келісімшарт қолданыста болатын уақыт ішінде ғана емес, ол аяқталғаннан кейін де қамтамасыз етеді. Дәл осы себептен де адам ресурстары, адамдар, машықтар, кәсіби дайындық пен ұлттандыру басты басымдыққа айналды және қала береді де.

Технологияға,әсіресе Қарашығанақ пен Қашаған сияқты өте күрделі объектілер туралы сөз болғанда, тиісті түрде дайындалған адамдарсыз қолдау көрсетіле алмайды.

Жағдай теңбе-тең түрде дамыды, жоғары сапалы жергілікті мазмұннан туындайтын артықшылықтарды пайдалануға бастапқы қарсылық меңгерілді. Жергілікті мазмұн ендігі жерде аса маңызды және екі  тарап та бұдан пайда алады.

Тұрақтылықтың бірнеше аспектілері мен анықтамалары бар және Eni компаниясы оларға бірнеше тұрғыдан келеді. Біз тұрақтылықты уақыт өте келе алынатын нәтижелерді кепілдендіретін, алайда біздің іскери тиімділігіміз бен беделімізді нығайтатын үздіксіз жетілу үдерісіндегі қозғаушы күш ретінде қарастырамыз. Мысалы, біздің әлеуметтік бастамаларға бейінділігіміз біз жұмыс істейтін елдердегі жергілікті қоғамдастықпен өзара әрекеттесудің ерекшелігі болды – ол біздің негіз қалаушымыз – Энрико Маттеи уақытынан бастау алады – және екі белгілі келісімшарттағы негізгі элемент болды (ӨБТК және СКӨБК).

Анықтама үшін

ҚПО және НКОК компанияларымен біздің БК арқылы Eniкомпаниясы Қарашығанақта және Қашағанда жұмыс істеу үшін үздік тауарлар, қызметтер және жұмыстар жеткізілімін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда, сонымен қатар бүкіл әлемде көптеген мердігерлермен, жеткізушілермен және контрагенттермен ынтымақтасады. Біз Қазақстанда жұмыс істеуіміздің ықпалы бар екендігін мойындаймыз және жергілікті мазмұнды және сатып алу мүмкіндіктерін дамыту арқылы тұрақты дамудың жергілікті мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосып келеміз. ҚПО, мысалға, жергілікті мазмұнды дамыту бағдарламасын енгізген Қазақстандағы алғашқы компаниялардың бірі болып табылады. Бұл бағдарлама 2001 жылы жүзеге асырылғаннан бастап, оның деректер базасында 4600 жеткізуші тіркелді. 1997 жылы ӨБТК (өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім) басталғаннан 2018 жылға дейін тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті мазмұн үлесі 7,2 млрд. долл. асты.

Жергілікті жеткізушілерді дамытуға бірқатар бастама ықпал етеді: мысалы, ҚПО-ның жергілікті кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға сапа, денсаулықты сақтау және қауіпсіздік тұрғысынан бейімдеуі. СКӨБК БК арқылы «Қашаған» жобасы Қазақстанда теңіз мұнайын игерудің басталуы болды. Бұл аса күрделі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданған кезде, Каспий өңірінде жобаны дамыту үшін қажет болып табылатын қолдау базалары, инфрақұрылым, құрылыс техникасы, теңіз кемелері мен бұрғылау қондырғылары жоқ болды.  Жергілікті жеткізушілерді, жұмыс күшін және инфрақұрылымды дамытуға салынған елеулі инвестициялар Қазақстанда әртүрлі салаларды құруға және оларды дамытуға әкелді.

– Сіздің соңғы үш жылдағы ең сүйікті кітаптарыңыз қандай?

  • Legacy: What the All Blacks Can Teach Us about the Business of Life, (Мұра: Бизнестегі All Blacks бізді не нәрсеге үйрете алады) ДжеймсКерр, 2013 ж.
  • ХомоДеус: Ертеңгікүнніңқысқашатарихы, ЮвальНойХарари, 2015 ж.
  • Аяқ киім сатушысы. Nike компаниясының оның негізін қалаушысы айтып берген тарихы, Фил Найт, 2016 ж.