Қазақстандық мазмұн: кедергілерді еңсеру

Жергілікті өндірісті қалай жолға қою және шетелдік инвесторларды қалай тарту керек?

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Kazenergy» қауымдастығы  отандық өндірісті дамыту және республика мұнай-газ операторларының тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуларындағы жергілікті мазмұн үлесін арттыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізуде. Таяуда Стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес (Petrocouncil) Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлердің америкалық Хьюстон қаласына сапарын ұйымдастырды, онда «OTC 2019» – оффшорлық технологиялардың 50-ші Халықаралық конференциясы мен көрмесі өтті.

Petrocouncil.Kzке берген сұхбатында «Атамекен» ҰКП мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл бойынша ресми өкілі Асылбек Жәкиев айтып бергендей, қазақстандық компаниялар үшін сапар өте жемісті болды, өйткені олардың бірлескен кәсіпорындар құрып, Қазақстанда жаңа өндірістер ашуға қабілетті ықтимал инвесторлармен кездесуінің және келіссөздер өткізуінің орайы түсті. Бұдан басқа, Шеврон (Chevron) компаниясының менеджерлерімен кездесу өткізілді, онда шағын және орта бизнес өкілдерінің «Теңізшевройл» компаниясының тендерлеріне қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Теңізде де, құрлықта

– «OTC» немесе OffshoreTechnologyConference– жыл сайын өткізілетін технологиялар бойынша көрмеконференция, ол әлемдегі мұнай-газ саласындағы маңызды оқиға болып табылады. Форумға жыл сайын мұнай-газ индустриясының жүздеген өкілдері тәжірибе алмасу, жаңа технологиялармен бөлісу, саланың келешегін талқылау үшін жиналады. Осынай маңызды іс-шараға барып, қазақстандық делегация қандай нәтижелерге қол жеткізді?

– Иә, дұрыс айтасыз, бұл мұнай-газ саласындағы өте маңызды, ал бастысы өте пайдалы іс-шара. Қазақстандық кәсіпкерлер де көптеген пайдалы ақпарат алды деп ойлаймын.

Биылғы жылы көрме-конференцияға бүкіл әлемнен 16 000-ға жуық компания, соның ішінде форумға «Атамекен» ҰКП мен «Kazenergy» қауымдастығының арқасында барған 10 қазақстандық компания қатысты,.

Солтүстік Каспий Жобасын одан әрі дамытуды, соның ішінде Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жобасын іске асыруды ескерумен, біздің сапарымыз ерекше өзектілікке ие болды. Біз мұнай сервисі индустриясының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін және қазақстандық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру үшін әріптесте ретінде тартыла алатын көптеген компаниялармен кездестік.

Бұның сыртында біз бірқатар маңызды іскерлік кездесулер өткіздік. Мысалға, «Теңізшевройл» компаниясы (ТШО) біздер үшінШеврон корпорациясының, соның ішінде ІТ-индустрияға, логистикаға, құрылысқа жетекшілік ететін басты  менеджерлерімен кездесу ұйымдастырды. Біз олармен, сонымен қатар, Шевронның жобалары мен тапсырыстарына біздің шағын және орта бизнесіміздің қатысуы мүмкіндігін талқыладық. Корпорацияның мамандары біздің ытымақтастығымыздың перспективті бағыттары, олардың талаптарына қалай сәйкес келу керектігі және алдын ала біліктілік жүйесінен қалай өту керектігі туралы айтып берді.

Кездесуге бізден басқа Австралия Сауда Палатасының  өкілдері, сонымен қатар Шевронның Австралияда жұмыс істейтін қызметкерлері шақырылды. Бір қызығы, бұл елде де жергілікті мазмұн мәселелері өзекті болып табылады. Австралиялық компаниялардың менеджерлері ұсақ өндірушілердің мүдделерін қорғау тәжірибесімен бөлісті.

Бізден айырмашылығы, Австралияның мұнай сервисі өте дамыған, өйткені әлемдік компаниялармен едәуір ұзақынтымақтастық тәжірибесі бар, сондықтан шетелдік жеткізушілерді алмастырып, операторларға қызметтердің қажетті көлемін ұсыну оларға жеңіл. Алайда, біздің байқағанымыздай, жергілікті компаниялар босаңсымайды, өз мүмкіндіктерінің шектерін үнемі кеңейтіп отырады.  Біз тәжірибе алмасу үшін олармен кездесу ұйымдастыру туралы келісімге келдік. Біздің олардан үйренеріміз бар.

Сонымен қатар АҚШ-та біз «Бектэл» (Bechtel) корпорациясында – өздеріңіз білетіндей, бізде Қазақстанда көп жылдардан бері Теңіз жобасында жұмыс істеп жатқан аса ірі америкалық құрылыс компаниясының кеңсесінде болдық. Компанияның өкілдері қазақстандық компаниялардың, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдерінің олармен ынтымақтастықты қалай жолға қоюларына болатындығы туралы бізге нақтылап түсіндіріп берді.

Нью-Йоркте біз америкалық ІТ-компаниялармен кездесу өткіздік. Сөз арасында, кездесуді ұйымдастыруда көмек көрсеткендері үшін Нью-Йорктегі ҚР Бас Консулдығының қызметкерлеріне алғыс білдіргім келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мұнай-газ саласын цифрлау үдерісінің қаншалықты маңызды бып табылатындығын ескерумен, бұл да өте жемісті және уақытылы өткен кездесу болды.

Біз америкалық компаниялармен келіссөздер өткіздік жәнемұнай-газ операторлары үшін ІТ-қызметтер жеткізушілердің қатарына алдағы уақыттарда  қазақстандық компаниялардың кіруіне мүмкіндікберетін біраз шешімдеріміз бар деп айта аламын.

– Жалпы, бүгінгі таңда мұнай-газ саласындағы ІТ-қызметтер нарығының көлемі мен отандық жеткізушілердің үлесі қандай?

– Біздің деректеріміз бойынша, Қазақстанның мұнай-газ операторлары ІТ-қызметтер сатып алуға жыл сайын $180 млн.жуық қаражат жұмсайды. Бұл қызметтердің негізгі үлесі шетелден сатылып алынатындығы түсінікті. Яғни, операторлардың белгілі әлемдік компаниялардан, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б. тұрғысындағы, жеткізілімдердіңжолға қойылған жүйесі бар. Трансұлттық компаниялардың көбі, мысалға, өздері сияқты үлкен компаниялармен ынтымақтасып, барлық бөлімшелерде де солардың қызметтерін пайдаланады. Дегенмен де, біз операторлар цифрлық телқосақ, бұлтты технологиялар, логистика, бейнебақылау жүйесі және т.б. әзірлеуді қазақстандық жеткізушілерге сеніп тапсыруларына болар еді дейміз.

Яғни бұл ақпараттық-зияткерлік қызметтердің барлығын қазақстандық мердігерлер де жеткізе алар еді. Және де операторлар тарапынан үдерісті түсіну және қарсы қадам жасау бар. Жуырда Норт Каспиан Оперейтинг Компани  (НКОК)Алматыда ІТ-индустрия өкілдеріне арналған форум өткізді.  Ал осы аптада осындай конференцияны Нұр-Сұлтанда  ТШО өткізуде.

Өз тарапынан Кеңес тараптардың әрқайсысына қолдау көрсетуге және көмектесуге дайын. Мысалы, операторларға біз олардың талаптарына сәйкес келетін ықтимал жеткізушілер таңдап берумен көмектесе аламыз. Ал қазақстандық жеткізушілерге жергілікті кадрлар тартуда, оларды оқытуда көмек бере аламыз. Айтқандай, біз осында Атыруда, APEC PetroTechnic базасында Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеімен және Атырау мұнай-газ университетімен бірлесіп IT-Hub ашуды жоспарлап отырмыз. Өзіміздің жергілікті білікті мамандарымызды өсіретін боламыз.

Тауарлардың үлесі

– Қазақстанда мұнай-газ операторларының сатып алуларындағы жергілікті мазмұн үлесі көлемінің нақ тауарлар бойынша төмендігі туралы сұрақ әлденеше рет көтерілді. Бұл сұрақтың шешілуі үшін Кеңес өз тарапынан не істеуде?

– Иә, бүгінгі таңда бұл өзекті мәселе болып табылады. 2018 жылы, мысалға, операторлардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуының жалпы көлемдері  $12 млрд. құрады, олардың ішіндеқазақстандық өндіріс тауарларына жұмсалған шығындардың үлесі 5% құрады. Сондықтан, иә, біздің әлі өсуіміз қажет. Қазір біз Атырауда «Атырау мұнай сервисі технопаркі» жеке индустриялық аймағын құрудың заңгерлік мәселелерімен айналысып жатырмыз. Міндет ол жерде мұнай-газ саласы үшін қазақстандық өнімдер шығаратын компаниялардың орналаса алуы болып табылады.

Біз қазір бірлескен өндіріс құра алуы мүмкін қазақстандық және шетелдік компаниялардың тізімін жасап жатырмыз. Америкалық, испаниялық компаниялардың тізімі жасалып та қойды. Сонымен қатар Франциядан, Нидерландыдан және т.б. компаниялардың тізімдерін  аламыз деп сенеміз.

Теңізде, Қашағанда және Қарашығанақта жобаларды операторлардың Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБТ) негізінде басқаратындығын еске сала кеткім келеді. Бұл құжатқа сәйкес, операторлар шетелден жеке басына пайдалану үшін алып келетін тауарлардың барлығына кедендік баж бен салықтар салынбайды. Иә, операторлар үшін бұл өте пайдалы, бірақ өндірісті осында, Қазақстанда жергіліктендірумен айналысуға ниеттілер үшін бұл рентабельді емес. Тіпті біз бірлескен кәсіпорындар құру және жергілікті тауарлар өндіру үшін шетелдік инвесторларды тартатын болсақ та, ол оператор шетелден әкелетін тауармен баға бойынша бәсекелесе алмайды.

Сондықтан да бұл істе өндірушілер салықтардан және кедендік баждардан босатылады деп болжанып отырған жеке мұнай сервисі индустриялық аймақтары үлкен көмек көрсете алар еді,

Ағымдағы жылғы сәуірде Қазақстан Президенті  республика аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуының құқықтық негіздерін айқындайтын «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заңға қол қойды.

Заңмен бұл аймақтар республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарға, сонымен қатар шағын және жеке индустриялық аймақтарға бөлінген.

Егер де осы жеке индустриялық аймақтардың қатысушыларына салықтық және кедендік жеңілдіктер беру мәселесі шешілсе, онда бұл қазақстандық өндірісті арттырудағы және дамытудағы үлкен қадам болады.

Және де өндірістің жергіліктендірілуіне және осы арқылы қазақстандық мазмұн үлесінің ұлғаюына қазір операторлардың өздері де қызығушылық білдіріп отырғандықтарын атап өту керек. Сол Хьюстонда біз әлемдік мұнай сервисі компанияларының өкілдерімен кездестік, олардың көпшілігі Қазақстан туралы тек естіп қана қоймаған. Олардың көбі өндірісті біздің республикамыздың ішінде жолға қою үшін қазақстандық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құруға әзір. Сондықтан қазақстандық мазмұнға байланысты ахуал өзгеруде және позитивті ілгерілулер көбейе түсуде. 

Әңгімеңізге рахмет.