Қазақстанның үш ірі кен орнында 31 млн тоннадан аса мұнай өндірілді

2019 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 52,23 млн тоннадан аса мұнай және конденсат  шығарылды деп хабарлады сейсенбіде ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мұнай және конденсат  өндіру көлемі 7 айдың ішінде 52,53 млн тонна құрады – бұл жоспарға қатысты101,2%. Алайда  өткен жылдың осындай кезеңіне қатысты98,7%», – деп хабарлады Нұрлыбек Жеңісбек, ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің басшысы.

Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемінің төмендеуі болжамды және ол үш ірі кен орнындағы жөндеу салдарынан орын алды.

Бұл ретте Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ үш аса ірі кен орындарында өткен жеті ай ішінде 31,6 млн тонна көмірсутек шикізаты шығарылды.

«Қашаған – 7,2 млн тонна, Теңіз – 17,5 млн тонна, Қарашығанақ – 6,9 млн тонна», – деп түсінірді Энергетика министрлігінң өкілі.