BNYM банкіндегі ҚРҰБ $21,5 млрд сомасындағы шоттарына салынған тыйым алынды

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚР Ұлттық Банкінің Bank of New York Mellon банкіндегі21,5 млрд сомасындағы шоттарына заңсыз салынған тыйымның алынып тасталуына қол жеткізді деп хабарлады ведомство басшысы Марат Бекетаев 14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы есептік кездесу кезінде.

«… 2003-2018 жылдардан бері $18 млрд сомаға мемлекеттің мүддесі қорғалды, сонымен қатар ҚРҰБ-нің Bank of New York Mellon банкіндегі  $21,5 млрд сомадағы шоттарына заңсыз салынған тыйымның алынып тасталуына қол жетті. Келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді Марат Бекетаев өзінің баяндауының барысында.

Еске сала кетелік, Қазақстанның егеменді қорының шоттары 2017 жылы шетелдік инвестормен сот дауының шеңберінде бұғатталған болатын. Бұдан басқа сот Қазақстанның KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» қорының номиналды құны $5,2 млрд –қа жуық акциялары түріндегі мүлігіне тыйым салуға рұқсат етілгендігі хабарланған.  KMG Kashagan B.V. компаниясының негізгі мақсаты Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайран, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған кен орындары игеріліп жатқан Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісімге қатысудың қазақстандық үлесін (16,88%) басқару болып табылады.

Фото: wsj.com