Арнайы экономикалық және индустриалды аймақ қатысушылары үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған

Биыл Қазақстанда қазақстандық және шетел компанияларын Қазақстанда өндірістерді құруға инвестиция жасауға итермелейтін «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» ҚР жаңа заңы қабылданды. Инвестициялық және құрылыс құқығы жөніндегі сарапшы Мира Досова  petrocouncil.kzсұхбатында заңнамада қандай өзгерістер болғандығы жайлы және отандық кәсіпкерлердің қандай перспективалары пайда болғандығы жайлы айтып берді.

Заңда қандай негізгі өзгерістер орын алды?

– Бұл сұрақ бойынша негізгі жайттардың мәнін түсіну үшін өндірістерді құруды ынталандыру мақсатында, бірқатар коммерциялық-экономикалық маңызды преференцияларды беруден басқа, өздеріңіз білетіндей, осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген жер учаскелерінде аумақтар бөлінетіндігінен бастайық. Олар ең алдымен бизнес үшін қажетті барлық инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен (электро-, су- және газбен жарақтандыру; көлік-логистикалық инфрақұрылым және басқасы) жабдықталған. Сондай-ақ, осы инфрақұрылымға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бөлімшелер (басқарушы компаниялар) бар. Одан басқа салық және кеден органдары бөлімшелерінің болуы болжанып отыр. Мұндай «шаруашылық», оның ішінде «бас ережелер» арқылы ретке келтіруді талап етеді. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» ҚР жаңа Заңының «новеллалары» осы аспектілерге қатысты.

Инвестициялық жобалар экономикалық (АЭА), сондай-ақ олардан бөлек индустриалды аймақтарда (ИА) іске асырылады. Бірақ біріншісінің қызметі қалай болған күнде де, заңнамалық түрде реттелсе, екіншісі реттелген жоқ.Енді бейнелеп көрсетер болсақ, бұрынғы ҚР «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» мәтініне  рәсімдік нақтылаудан басқа ИА туралы жаңа ережелері қосылған – және тек қана ИА өзінің қызметін реттеуге қатысты ғана. Бұл АЭА-на ұсынылатын түрлері бойынша преференцияларға қатысты болған жоқ (преференциялар туралы комментарийлер төменде келтірілген). 

Осылайша, жаңа құжат бұрынғыдай тек арнайы экономикалық аймақтар ғана емес, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтар үшін бұрын қарастырылған принциптер бойынша индустриалды аймақтарды құру, олардың жұмысы және таратылуын реттейді. Негізінде өзгертпей түсіріп алынды.

Орталық және өңірлік деңгейлердің мемлекеттік органдарының құзыреттіліктері, сондай-ақ арнайы экономикалық  және индустриалды аймақтарының құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Индустриалды аймақтардың түрлері заңнамалық түрде бекітілді: республикалық және өңірлік мәні бар, сондай-ақ шағын индустриалды аймақтар. Жеке меншік индустриалды аймақтарды құру мүмкіндігі пайда болды.

Қалыптасқан тәжірибенің негізінде жер телімдерін берудің реті айқындалды.

Отандық кәсіпкерлерде қандай қосымша мүмкіндіктер пайда болды?

– Жаңа заңның ішінде «жаңылыстар» мен «қателер» орын алғанына қарамастан, басқарушы компаниямен қалай өзара әрекеттестік жүргізу сияқты индустриалды аймақтың жұмыс істейтіндігі туралы ұғым анағұрлым нақты – ашық форматта пайда болатын шығар.   

Жаңа жазылған механизмдер есебінен жер телімдерін алудың мерзімдерін қысқарту болжанады.

Міндеттеріарнайыэкономикалықжәнеиндустриялықаймақтардыңинвестициялықтартымдылығындамыту, ілгерілетужәнеарттыруболыптабылатынбірыңғайүйлестіруорталығынқұрукөзделеді. ИА қатысушылары АЭА- ғыдай «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік және басқа да қызметтерді ала алатын болады.

Жаңа заң іс жүзінде қалай жұмыс істейтіндігі уақыттың еншісінде. АЭА-да және ИА-да индустриялық өндірістерді дамытуда жаңа кезеңді ұсына отырып, соған қарамастан, «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР-ның бұрынғы Заңы АЭА-да инвестициялық жобаларды іске асыру барысында бірнеше рет өзгерістерге ұшырағанын атап өткен жөн. Әр жолы осы Заңның ережелерін ағымдағы тәжірибе мен тәжірибеге сүйене отырып «тегістеуге» тура келді. Бұл, мүмкін, осы заңғақатыстыкүтіледі. 

Индустриалды аймақтардың аумағында тауарларды қалай өндіру керектігін жоспарлайтындар үшін қандай-да бір преференциялар қарастырыла ма: кедендік баж, салықты азайту?

– Преференцияларға келер болсақ жаңа заңды қабылдағаннан кейін ештеңе өзгере қойған жоқ. АЭА шеңберінде ұсынылған барлық преференциялар сақталды және жаңа заңнан көрініс тауып отыр.

ИА-ға келер болсақ, мұнда қалыптасқан тәжірибеге сүйенген дұрыс. Инвестициялық жобаларды іске асыратын, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару және т.б салалардағы ИА көп қатысушылары басқа нормативті актілермен қарастырылған инвестициялық преференцияларды пайдаланады.

Мысалы, ең көп таралған инвестициялық режимдер ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, оған сәйкес жаңа өндірістер құруға немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуге және (немесе) олардың қарауына жататын инвестициялық жобалар, инвестициялық басым жобалар, арнайы инвестициялық жобалар шеңберінде жаңартуға болады (қызмет түрлеріне байланысты әртүрлі «преференциялар жиынтығымен» ерекшеленеді).

– ТШО, НКОК, КПО мердігерлері мен қосалқы мердігерлері нені білулері тиіс, олар үшін қандай-да бір преференциялар бар ма?

– Индустриялық жобаларды іске асыру үшін негізгі преференциялар таңдап алынған қызмет түрлеріне және оларға тиісті инвестициялық режимдерге қарай беріледі.

Мысалы, «бос қойманың иесі» үшін немесе АЭА-та іске асырылатын арнайы инвестициялық жобалар үшін импортқа ҚҚС пен әкелінетін кедендік баждарды салудан босату қарастырылғн.

Сондай-ақ, осы режим шеңберінде ҚР Салық заңнамасына сәйкес салықтар бойынша преференциялар беріледі. АЭА қатысушылары мен олардың құрылыс мердігерлері квоталау және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу жөніндегі талаптардан босатылады.

Инвестициялық жобаларға қатысушылар кеден баждарын салудан босатылады. Олар үшін жер учаскелерін, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және т. б. беру түрінде ҚР заңды тұлғасының тіркелген активтеріне инвестициялар көлемінің 30% – нан аспайтын мөлшерде мемлекеттік заттай гранттар көзделген.

Инвестициялық басым жобаларға қатысушылар кеден баждарын және импортқа ҚҚС салудан босатылады. Сонымен қатар, олар мемлекеттік заттай гранттар алуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, басым жобаларды іске асыратын тұлғалар КТС-ның 100% – ға есептелген сомасын азайту, жер салығының ставкаларына 0 коэффициентін қолдану, салық базасына 0 пайыз ставка бойынша мүлік салығын есептеу түрінде салықтар бойынша преференциялар алады.

Мұндай жобаларға инвестициялық субсидиялар беріледі. Оларға құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың 30% – на дейін өтеледі. Жеңілдіктер жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі жобалар бойынша ғана берілмейді.

Сондай-ақ, инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісім-шарт жасасқан инвесторлар мен олардың құрылыс мердігерлері квоталау және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу жөніндегі талаптардан босатылады.

Егер еркін сауда аймағындағы (FTA) және ЕАЭО негізгі инвестициялық режимдер мен преференциялар туралы айтатын болсақ, онда оның шеңберінде ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде импортқа кедендік әкелу баждарын салудан босатылады. Сондай-ақ, бұл аймақтар ТМД шеңберінде импортқа кедендік әкелу баждарын салудан, сондай-ақ Грузия, Сербия, Вьетнам елдерімен қарым-қатынастардан босатылған.

– Дамушы және аз дамыған елдер үшін жалпыға бірдей преференциялар жүйесі шеңберінде де преференциялар беріледі (GSP).

– Мұнда ЕАЭО – да қабылданған қолданыстағы преференциялар жүйесі шеңберінде бекітілген тізімге сәйкес аз дамыған елдермен сауда кезінде кеден баждарын салудан босату қарастырылған. Сондай-ақ-қолданыстағы преференциялар жүйесі шеңберінде бекітілген тізімге сәйкес дамушы елдермен сауда кезінде кедендік баж ставкасын 25% – ға төмендету.

Бұдан басқа, ДСҰ шеңберінде кедендік баждардың төмендетілген ставкаларын қолдану көзделген. Мысалы, ЕАЭО аясында бекітілген ҚР ДСҰ алдындағы міндеттемелеріне байланысты тауарлар тізімі бойынша Қазақстан Республикасы үшін импорт кезінде.

Индустриялық аймақ болу үшінжер не болуы керек? Және индустриялықаймақ болу үшін қандай заңды формада кәсіпорын болуы тиіс?

Аумақ инфрақұрылым объектілерімен, оның нысаналы мақсатына қарай, яғни өндірістің белгілі бірт үрлерін, бизнес-жобаларды іске асыру үшін есімдік емес объектілермен жабдықталатыны анық. Мұндай құрамдас бөлігі ИА құру туралы ұсыныспен бірге заңнамалық тәртіппен бекітуге ұсынылатын техникалық-экономикалық негіздеумен, тұжырымдамамен, ЕА даму жоспарының және оның инфрақұрылымының жобасымен айқындалады. Алайда, АЭА да солай.

Индустриалды аймақтың басқарушы компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық түрінде құрылады.

Рахмет!