Бозымбаев Теңізде Келешек кеңею жобасын іске асырудың барысы мен қазақстандық қамту үлесі туралы айтты

Бозымбаев Теңізде Келешек кеңею жобасын іске асырудың барысы мен қазақстандық қамту үлесі туралы айтып берді

Теңіздегі Келешек кеңею жобасы (ККЖ) жұмыстарының жалпы прогресі 2019 жылғы мамырдың аяғына қарай 61,1% құрады. Бұл жөнінде тұрғындармен есепті кездесу барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев әңгімеледі.

Энергетика министрінің мәліметтері бойынша, 2019 жылға арналған жоспарға сәйкес ККЖ-да $3,1 млрд. соманы игеру жоспарланып отыр. Олардың ішіндегі қазақстандық қамту $1,8 млрд. құрайды. Бұл ретте жалпы жылдық жоспар 74% орындалған.

Ағымдағы жылы жобалау бойынша жұмыстардың барлығын аяқтау жоспарланып отыр. Ерсай өндірістік алаңында 47 құбыр эстакадасы және Кореядағы зауытта 4 модульдайындалып, Теңіздегі Прорва айлағы арқылы жеткізілетін болады.

Жоба іске қосылғаннан бастап қаражаттың нақты игерілуі $24,5 млрд сомаға жетті, оладың ішінде қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға $7 млрд. жұмсалған. Іс жүзінде 61,1%орындалды.

«Жобада 45 500 қазақстандық жұмыс істейді. Үшінші буын зауыты мен шикі газды айдау, мұнай жинау жүйесі, ұңғымаларды бұрғылау объектілерін салу жүргізілуде», – деді Қанат Бозымбаев.

Еске сала кетелік, Теңіз кен орнындағы Келешек кеңею жобасы 2016 жылдан бері іске асырылуда және 2022 жылы аяқталуы тиіс. Жобаның құны $36,8 млрд. сомаға бағаланады, олардың ішінде қазақстандық қамту 32% немесе $12 млрд. құрауы тиіс.

Жоба іске асырылғаннан кейін кен орнында мұнай өндіру деңгейі қазіргі 28 млн тоннадан жылына 39 млн тоннаға дейін өсуі тиіс.

2019 жылы компания 29,1 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Алғашқы 5 айдың ішінде 12,5 млн тонна өндірілді.

2019 жылғы 1 тамыз – 12 қыркүйек аралығында кен орнында күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар энергетика министрі сөз сөйлеуінің барысында басқа екі ірі кен орнындағы мұнай өндіру бойынша деректерді айтып өтті. Егер Қашағандағы теңіз телімінде 2019 жылғы қаңтардан мамырға дейінгі аралықта 4,24 млн тонна мұнай шығарылса, құрғақта – Қарашығанақта – осы кезең ішінде 5 млн тонна  көмірсутек шығарылды.

Егер Қашағанда күрделі жөндеу ағымдағы жылғы 14 сәуірден 19 мамырға дейінгі аралықта жүргізілсе, осыған ұқсас жұмыстарды Қарашығанақта 2019 жылғы 15 қыркүйектен бастап 13 қазан аралығында жүргізу жоспарланған.

Фото: government.kz