Газ бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасы шеңберінде ҚПО Қазақстанда $50 млн-ға тапсырыс орналастырды

Алматы қаласында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау (ГӨША) бойынша жоба үшін «Schneider Electric» ЖШС компаниясының Қазақстанда дайындаған модульдік қосалқы станциялардың жөнелтімі болды деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.

2017 жылдың қазан айында ҚПО компаниясы шеңберінде ГӨША жобасы үшін бес модульдік қосалқы станцияларын дайындауға электротехникалық жабдықты шығару бойынша әлем бойынша көшбасшылардың бірі болып табылатын «Schneider Electric» (SE) компаниясымен келісімшарт жасасты. Оларды дайындау үшін SE қазақстандық серіктес – «PSI Engineering» ЖШС Қарасай машина жасау зауытын тартты.

Салтанатты рәсімде ҚПО бас директоры Эдвин Блом айтып өткендей, «бұл келісімшарттың ерекшелігі, бұрын мұндай қосалқы станциялар тек шетелде дайындалған» және бұл «Қазақстанда шығарылған алғашқы өнім».

«ҚР Энергетика министрлігі мен өкілетті органның тікелей қолдауымен іске асырылатын ГӨША жобасында жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ҚПО Стратегиясы шағын станцияларды дайындауға қазақстандық материалдарды тартуға, Қарасай машина жасау зауытының қуатын жүктеуге, қазақстандық мамандарды жұмысқа тартуға және технологиялар мен білімді қазақстандық серіктестерге беруге мүмкіндік берді», – деді компания басшысы.

«Біз ҚПО компаниясы үшін жоғары технологиялық модульдік қосалқы станцияларды жеткізу бойынша соңғы фазаға көшетіндігіміз жайлы мақтанышпен айтамыз. Қазақстандық өндірістің бұл қосалқы станциялары Қарасай машина жасау зауытының базасында озық халықаралық технологиялар бойынша алғаш рет шығарылды», – дейді «Schneider Electric»ЖШС бас директоры Максим Агеев.

Оның айтуынша, жоба SE компанияның стратегиясын толықтыруға, қазақстандық өндірушілердің әлеуетін жоғарылатуға және жаңа өнімді шығару бойынша өз мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Біз қазақстандық машина жасаушыларды әрі қарай тартуға ниеттіміз», — деп атап өтті.

Қазақстандық өндірістің модульдік қосалқы станциялары ҚПО талаптарына сәйкестікті растай отырып, зауыттың кешенді қабылдау сынауларынан сәтті өтті.

Эдвин Бломның айтуынша «ГӨША жобасында жергілікті мазмұнды дамыту бойынша Стратегияны сәтті іске асыру, ҚПО-ға шамамен $52 млн сомасына Қазақстан Республикасының бес өңірінен 10 тауар өндірушісіне 18 тікелей тапсырысты орналастыруға мүмкіндік берді, бұл отандық машина жасаушыларды қосымша көлеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді».

Естеріңізге сала кетейік, Қарашығанақ өңдеу кешенінің газы бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру 2018 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Жобаны жүзеге асыру туралы келісімге ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен ҚР өкілетті органы — «PSA» ЖШС және Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл және ҚазМұнайГаз компаниялары тұлғасындағы Қарашығанақ жобасының акционерлері арасында қол қойылды.

«PSA» ЖШС өкілдері айтып өткендей, ГӨША жобасының арқасында Қарашығанақ кен орнында өндірудің ең жоғары деңгейі қолдау табады. 2037 жылға дейінгі кезеңде $1,1 млрд бюджеті бар жоба Қазақстан бюджетіне $3,2 млрд астам мөлшерде қосымша кіріс түсуін қамтамасыз етуі тиіс.

«Осы жобаны жүзеге асыру аясында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтудың ең төменгі үлесі персоналды жалдау кезінде 40% және 75% құрайды», – делінген өкілетті органның хабарламасында.

Жоба шикі газдың қосымша көлемін жылына 4 млрд текше метрге дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Осы газ көлемі сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін барынша арттыру үшін қабатқа кері айдау үшін пайдаланылатын болады. Ол сондай-ақ кен орнында кейінгі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ресурс болады.

«Консорциуммен келіссөздер өте қиын болды. Энергетика министрлігі басшылығының белсенді ұстанымының арқасында біз консорциуммен өзара қолайлы жағдайларға қол жеткіздік және келіссөз үдерісін сәтті аяқтадық. Бұл жоба шығындарды бақылау механизмін қолданумен сипатталады, оның мәні келісілген бюджет пен кесте шеңберінде жобаны іске асыру үшін жауапкершілік консорциумға жүктеледі. Және егер жоба құнының келісілген параметрлері асып кетсе, онда мұндай асқан шығындар жоба акционерлерінің есебінен есептеледі», — деп атап өтті «PSA» ЖШС бұрынғы бас директоры Мурат Журебеков (Қазіргі кезде ол ҚР энергетика вице-министрінің лауазымын алып отыр — Petrocouncil).     

Анықтама:

Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасының үкіметі, Бритиш Газ/Шелл (29,25 %), ЭНИ (29,25 %), Шеврон (18 %), Лукойл (13,5 %) атынан шетел компанияларының альянсы және ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы (10%) арасында жасалған өнімді бөлу туралы Түпкілікті келісім шеңберінде іске асырылады.

Қазіргіуақыттажоба 2 кезеңдікәсіптікқызметкөрсетусатысындатұр, ол 2 кезеңдеқолжеткізілгенжылсайынғыөндірудіңшамамен 11 млн тонна сұйықкөмірсутегіжәне 16,5-17,5 млрд. текше метр газдықолдауменсипатталады.