КҚК магистралдық мұнай құбырына қызмет көрсетуді және жөндеуді қазақстандық компанияға сеніп тапсырды

 «ҚазТрансОйл» АҚ және «КҚК» АҚ Каспий құбыр консорциумының объектілерінде техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апаттық жағдайда әрекет ету жөніндегі келісімшартқа қол қойғалы бір жылдан аса уақыт өтті.

2018 жылғы мамырда компаниялар «Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан» АҚ (КҚК – Қ) объектілерінде техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апаттық жағдайда әрекет ету жөнінде келісім жасасты. Құны 23 млрд теңге (шамамен $70 млн) келісімшарт бес жылға – 2018 – 2023 жылдар аралығына, ұзарту мүмкіндігімен жасалған.

Магистралды мұнай құбырының Қазақстан аумағындағы  қызмет көрсетілетін бөлігінің ұзындығы 466 км құрайды. Бұл жобаның шеңберінде  Атырау облысының өзінде ғана 263 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жуырда өткен баспасөз турының барысында «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) өкілдері өткен жылы қазақстандық компания КҚК-Қ компаниясының12 мыңнан аса тапсырысын орындағандығын хабарлады. Магистралдық мұнай құбырына техникалық қызмет көрсету үшін 3 өндірістік база ұйымдастырылды.

«Біздің базаларымыз автокөлік техникасымен және арнайы техникамен, мұнайдың апаттық төгілуінің салдарынжоятын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған. Біз халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жұмыспен қамтамасыз етеміз», – деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Әлен Таңатаров.

Оның айтуынша, «КҚК және ҚТО мұнай құбырларының Қазақстандағы бөліктерінің барлығы қазақстандық және ресейлік мұнайды экспортқа тасымалдаудың сенімді және қауіпсіз буындары болып табылады».

Компаниялардың баспасөз қызметтерінің деректері бойынша, республика аумағында Шығыс өңірде КҚК төрт алаңдық объектіде жұмыс істейді. «Теңіз» және «Атырау»  МАС 2015 жылы КҰК Кеңейту жобасының шеңберінде жаңғыртылған. 2016 жылы Қазақстанда А-МАС-4, ал 2017 жылы – А-МАС-3Аіске қосылды.

ҚТО жәнеКҚК2001 жылы консорциумның операциялық қызметі басталған мезеттен бастап ынтымақтастықта. Мәселен, жүк жөнелтушілерлің КҚК мұнай құбырына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, ҚазТрансОйл өзінің «Атырау» мұнай айдау станциясында қосымша объектілерді іске қосты, олардың көмегімен «Өзен-Атырау», «Кеңқияқ-Атарау», «Мартыши-Атырау» мұнай құбырларымен, сонымен қатар теміржолмен келіп түсетін көмірсутек шикізатын КҚК жүйесіне ауыстырып құю жүзеге асырылады.

2018 жылы КҚК жүйесі арқылы барлығы 61 млн тонна мұнай тиелді, бұл 2017 жыл нәтижелерінен асты. 2018 жылы теңіз терминалында тиелген 31 млн тонна мұнайдың 54,3 млн тоннасын қазақстандық компаниялар жеткізді, тағы 6,8 млн тоннасы Ресейден келіп түсті.

Мұнайдың ең  көп көлемі қазақстандық кен орындарынан келіп түскен: Теңізден –  28,7 млн тонна, Қарашығанақтан – 10,3 млн тоннажәне Қашағаннан – 13,2 млн тонна.

 «Теңіз-Новороссийск»  құбырының ұзындығы 1 511 км құрайды. Бұл бағыт бойынша Қазақстанның экспорттық мұнайының үштен екіден аса бөлігі, сонымен қатар ресейліккен орындарынан, соның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан шикізаттасымалданады.

«КҚК» АҚ акционерлері:

Ресей Федерациясы (Транснефть компаниясы– 24% және КҚК Компани – 7 %арқылы)– 31%;

Қазақстан Республикасы Казахстан (Қазмұнайгаз – 19%және Kazakhstan PipelineVentures LLC — 1,75%арқылы) – 20,75%;

Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%,

LUKARCO B.V. — 12,5%,

Mobil Caspian Pipeline Company — 7,5%,

Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%,

BG Overseas Holding Limited — 2%,

Eni International N.A. N.V. — 2%,

OryxCaspianPipeline LLC — 1,75%.

«ҚазТрансОйл» АҚ —магистралдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. Ішкі нарыққа және Қазақстан – Қытай, Атырау – Самара, Актау айлағында танкерге және теміржолмен жөнелту үшін цистерналарға құю жолымен, сонымен қатар Каспий құбыр консорциумының жүйесіне ауыстырып құю жолыменбес бағытта

 экспортқа мұнай тасымалдау қызметтерін көрсетеді. Ресейлік мұнайдың ҚХР және Өзбекстан бағытындағы транзитін жүргізеді. «Қазақстан-Каспий Құбыры» ЖШС-на, «МұнайТас» СБҚК» АҚ-на, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына және «Торғай Петролеум» АҚ-на тиесілі мұнай құбырларын пайдалану бойынша қызметтер көрсетеді.