Мұнай-газ саласындағы МВА бағдарламасында іс жүзінде нені оқытады

Магистратурада оқу ең алдымен ағымдағы нарыққа практикалық бағытталған білім алу және осының нәтижесі ретінде жалақысы жоғары мәртебелі жұмысқа орналасу мүмкіндігі болып табылады.

Егер бакалавриатфундаменталды білім беретін болса, магистратурада анағұрлым тереңірек теориялық білімді меңгеру көзделеді және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу мүмкіндігі ұсынылады.

Магистратура шетелде жұмыс істеуге ниеттенген адамдар үшін перспектива ашады, өйткені магистр дәрежесі шетелде растауды қажет етпейді.

Магистрлік бағдарламаларда барынша көп сағат арнайы пәндерге, зерттеу жобаларын зерделеуге, өндірістік практикаға баруға бөлінеді. Осының арқасында оқу бітірген түлек әзірлеуші, үйлестіруші, талдамашы және сарапшы қызметтерін бір мезгілде орындай алатын құзыретті жұмыскерге айналады.

Мұндай жұмыскер тиісті жоғары жалақы алады.

Қазақстан-Британия техникалық университеті кәсбіи профессор-оқытушы құрамы бар, мұнай-газ саласына бағытталған МВА оқыту бағдарламасын ұсынатын Қазақстандағы аздаған оқу орындарының бірі. Енді кәсіпорындардың мансаптық өсуге қызығушылық танытқан мамандары мен басшылары КБТУ магистратурасына түсіп, өндірістен қол үзбей оқи алады. Оқу орны Атырауда, сонымен қатар Ақтау қаласында APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің қабырғасында өз аудиториясын ашты.

Бағдарламалар практикалық бағытталған модульдерден тұрады, олар басқару, көшбасшылық қағидаттарын және бизнес пен инженериядағы интеграциялық тұжырымдамаларды қамтиды. Тыңдаушылар Бизнес және Ғылым әлеміндегі қазақстандық және халықаралық кәсіби мамандардан заманауи білім алады. Оқу материалы Брайан Трейси («Табысты бизнесті қалай құруға болады», «Басшыларға арналған коучинг») және Джон Шоул («Ең үздік сервис бәсекелестік артықшылық ретінде») сияқты халықаралық спикерлермен ұсынылған.

Білім беру бағдарламасы «Мұнай-газ секторы», «Менеджмент», «Адам ресурстарын басқару», «Қаржы», «Киберқауіпсіздік», «Қауіпсіздік және қоршаған орта» сияқты бағыттарда мамандануды ұсынады.

Магистратурада оқу мерзімі, оқу орыс тілінде өтеді, 12 ай құрайды. Оқытудың қорытындысы бойыншатүлектер мемлекеттік үлгідегі Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесі берілетін диплом алады.