МЕАЖ– мұнайдың көлеңкелі айналымымен күрес қаруы

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өз кәсіпорындарын бақылау есепке алу құралдарымен (БЕА) жарақтамаған мұнай және газ конденсаты өндірісі және айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердің барлығы Қазақстанда өз қызметтерін жүзеге асыра алмайды. Бұл туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 144-бабы мәлімдейді. Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңес ҚР Энергетика министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Алан Аралбаевтан «Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесі» дегеніміздің не екендігі және оның не үшін керектігі туралы түсіндіріп беруді сұрады.

Энегетика министрлігінің соңғы жылдардағы ең ауқымды инновацияларының бірін  – Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесін (МЕАЖ) енгізуге алты айдан аз уақыт қалды. Жаңа Кодекске сәйкес, өндіруші, тасымалдаушы және өңдеуші компаниялар өз инфрақұрылымын мұнайды бақылау және есепке алу құралдарымен жарақтандыруы және бұл деректерді онлайн режимде (24 сағатта 1 рет) Энергетика министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде жіберіп отыруы тиіс. МЕАЖ міндеті – тұтынушыға жеткізуге дайындалған, айналымдағы шикі мұнай мен газ конденсатының саны туралы деректерді тәулік сайын жинауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды автоматтандыру.

МЕАЖ қалай жұмыс істейтін болады

Өндірілген және сатылған мұнайды есепке алу процесін цифрландыру тарихы 2013 жылдан басталған. Сол кезде ҚР Бас прокуратурасы ҚР Премьер-Министрінің атына мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін (МЕАЖ) құру және Қазақстандағы мұнайдың көлеңкелі айналымымен күресу мақсатында заңнаманы жетілдіру ұсынысымен Ұйғарым жолдаған болатын. Содан бері есептіліктің екі жүйесі– «Мұнай және газ ақпараттық-талдамалық орталығы» АҚ (МГ АТО) және «Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» веб-порталыпайда болды. Екі жүйеде де деректерді қолмен енгізу көзделген және қорытындысында деректердің алшақтануы болып тұрды, ал кей жағдайларда үлкен кәсіпорында өндіру тәулігіне 0 баррельді көрсеткен сенімсіз жағдай да орын алды. Бұл жүйелердің екеуінде де шикі (тауарлық емес) мұнай бойынша есептілік  жоқ, сонымен қатар оларда саланың әрбір субъектісі бойынша тауарлық және шикі мұнай бойынша материалдық баланстарды жедел кешенді тоғыспалы талдау мүмкіндігі көзделмеген.

«Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» веб-порталы(ББМЖ).

– КСШ, ҚПҚ және ЖС бойынша 47-ден аса есеп  (ЖПҚ және Энергетикадан басқа) – Сандық көрсеткіштер: сөткелік, айлық және жылдық өндіру  , Тасымалдау, өңдеу, Тауарлық мұнай бойынша өндірістік жоспарлар – Сапалық көрсеткіштер: ЛКШ орындалуы – Деректер онлайн нышандарға қол режимінде енгізіледі – Деректерді талдау қазіргі уақытта эпизодтық түрде жүргізіледі  

«Мұнай және газ ақпараттық-талдамалық орталығы» АҚ (МГ АТО)

– есептілік текКСШ бойынша ғана – Сандық көрсеткіштер: сөткелік, айлық және жылдық өндіру, Тасымалдау, өңдеу, Тауарлық мұнай бойынша өндірістік жоспарлар   – Деректер онлайн нышандарға қол режимінде енгізіледі – Деректерді талдау тұрақты түрде жүргізіледі

Ақпарат жинау жүйесінің жетілмегендігіне қоса, жер қойнауын пайдаланушылар өз есептерінен орнатулары тиіс есепке алу құралдары құнының жоғарылығы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өндіруші кәсіпорындардың 90 пайызын тоқтату тәуекеліне әкелді.

Бұл күрделіліктердің барлығы үлкен өзгерістердің алғышарттарына айналды – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Заңға келесілерге қатысты өзгерістер енгізілді:

– МЕАЖ-ға олар туралы ақпаратжинақталатын субъектілердің операциялары: мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу, жоғалту, ҚР аумағына енгізу және ҚР аумағынан әкету көлемдері туралы ақпарат;

– өз объектілерін БЕА-мен жарақтандыру туралы субъектілерге қойылатын талаптарды  қолданысқа енгізудің мерзімдері;

– МЕАЖ шеңберінде ақпарат жинаудың кезеңділігі;

– субъектілердің АЖ-не қойылатын талаптар.

Есептіліктің жаңа архитектурасы мына түрде болды:

Жабдықтардыорнату мерзімдері кейінге шегерілді, алайда жабдықты орнатудың барлық шығыстарын жабу жер қойнауын пайдаланушылардың мойнында қалды. Энергетика министрлігінде  компанияларды белгілі бір жабдықты таңдаумен шектемеу шешімі қабылданды. Әрбір жер қойнауын пайдаланушы датчиктерді және деректерді интеграциялау жүйесін кімнен сатып алатындығын өзі шешеді. Тек 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы 22 мың ұңғыма мен мұнайды есепке алудың 100 коммерциялық тораптарының барлығы да есепке алу құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.

Жаңа есептің сыртқы түрі жобамен мынадай болады (5-сурет) және XML форматында жолданған болуы тиіс.  Есеп әлі әзірлену үстінде болғандықтан, Энергетика министрлігі құжатқа қандай деректер міндетті түрде енгізілуі тиістігі туралы өз ұсыныстарыңызды беруге шақырады.

Басқа инновациялар

МЕАЖ-дан басқа, Энергетика министрлігі саладағы процестерді өзгертуі тиіс басқа да инновацияларды әзірлеуде. Мысалға, мұнай өңдейтін екі зауытта датчиктердің көмегімен жабдықтардың техникалық күйін қадағалайтын және жөндеуді бастаудың оңтайлы уақытын ұсынатын бақылау жүйесі енгізілді. Егер бұрын зауыт міндетті түрде жыл сайын жөндеу жүргізуге тоқтатылуы тиіс болса, енді датчиктер жабдықтың тозған-тозбағандығын және оны алмастырудың қажеттігін көрсетіп отырады. «ҚазМұнайГаз» АЖҚС желісі автомобильдегілергежанар-жағар май құю кезінде машина салонынан шықпай-ақ, отын ақысын телефон қосымшасы арқылы төлеуге мүмкіндік беретін байланыссыз АЖҚС жүйесін енгізді. Ал Энергетика министрлігінің таяудағы жоспарларында Азия банкімен бірлестікте жаңыртылатын энергия өндірісі бойынша деректерді қадағалап отыратын смарт грид тұжырымдамасын әзірлеу бар.

Фото: profit.kz