Теңізде мұнайшылар Теңізшевройлмен өзара байланыстың мәселелік сұрақтарын ортаға салды

Теңізде мұнайшылар Теңізшевройлмен (ТШО) өзара байланыстың мәселелік сұрақтарын ортаға салды және қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша шаралар ұсынды

Казэнерджи қауымдастығы мен “Атамекен” ҰКП құрған Стратегиялық әріптестікті  дамыту жөніндегі кеңес (Petrocouncil)  Теңіз кен орнында “ТШО мердігерлерінің және қосалқы мердігерлерінің өзара байланысы: өндірістегі синергия” кеңейтілген дөңгелек үстелін өткізді. ТШО менеджерлері, бас мердігерлері және олардың қосалқы мердігерлері – 100-ден аса адам мерзімі жеткен мәселелерді ортаға салу үшін вахталық кенттің Ватернас залында жиналды.

Іс-шараны ҚР “Атамекен” ҰКП мұнай-газ операторларымен (ТШО, НКОК, ҚПО) өзара байланыс жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жакиев ашты. Ортаға салынған көкейкесті мәселелер – өнеркәсіптік қарым-қатынастар, кадрларды дамыту және көрсетілген жұмыстар мен қызметтер үшін ақының уақтылы төленуі сұрақтары болды. Кездесудің объективтілігіне ықпал ету тәуекелін төмендету үшін Petrocouncil қызметкерлері компаниялардың сұрақтарды аты-жөнін көрсетпей берулерін ұсынды. Осылай, компаниялар  келіссөздер жүргізу және мерзімі жеткен мәселелерді шешу үшін конструктивті және қауіпсіз алаңға ие болды.

Мысалға, компаниялардың бірі жаңа жобалардың барлығында жабдықтар мен материалдарды жеткізу бойынша ТШО жинақтаған тәжірибесін барынша пайдаланумен және жергілікті персоналды қатыстырумен  ТШО компаниясының жобалық дизайн-кеңселерін Қазақстан Республикасына орын ауыстыруды ұсынды. Бүгінгі таңда ККЖ бойынша негізгі жобалық жұмыстар Қазақстан Республикасынан тысқары, Еуропа мен Солтүстік Америка аумақтарында ғана шығарылатын материалдар мен жабдықтар пайдаланылып орындалатындықтан, отандық компаниялардың жағдайы басынан-ақ тиімсіз.

Кездесу барысында айтылған тағы бір мәселе –  ол жобалау кезінде пайдаланылатын ТШО спецификациялары. Олар америкалық, еуропалық және қазақстандық стандарттарға негізделген және осының салдарынан спецификациялардың мәтіндері кей тұстарында бір-біріне қайшы келеді, орындалуға келмейтін талаптар бар, қосымша нақтылауды және келісуді (әрбір келісімшарт бойынша жеке-жеке), персоналдың біліктілігін халықаралық растауды қажет етеді, бұл да жұмыстардың ұзақтығы мен құнына әсер етеді.

ТШО мердігерлері және қосалқы мердігерлері жобалау спецификацияларындағы сәйкессіздіктерді жою үшін бір тараптан ТШО және екінші тараптан “Атамекен” ҰКП мен Казэнерджи қауымдастығының, сонымен қатар Қазақстан машинажасаушылар одағының өкілетті инженерлері мен мамандары қатысатын жұмыс тобын құруды ұсынды.

Сұхбат шеңберінде, сонымен қатар, ТШО қосалқы мердігелерінің бір бөлігі Еуропа қайта құру және даму банкінің ШОБ қолдау бағдарламалары туралы білмейтіндіктері айқындалды. Бұл бағдарламалар консультанттар тартуға және компанялардың менеджерлерін оқытуға жұмсалатын шығыстардың 85%-ын жабуды қарастырады.

 Өткізілген кездесудің арқасында ТШО мердігерлері және қосалқы мердігерлері болып табылатын компаниялар жобаның дамуына қатысты барлық қажетті ақпаратты алды. Өз кезегінде, ТШО менеджерлері жобаны жүзеге асырып жатқан қосалқы мердігерлердің ой-пікірлерін естіп білді.  Келесі осындай кездесу бірнеше айдан соң Атырауда өтеді.

Мұнай-газ саласындағы Стратегиялық  әріптестікті дамыту кеңесі (Petrocouncil) «Атамекен» ҰКП мен «KAZENERGY» қауымдастығының аясында құрылған, «Атамекен» ҰКП мен «KAZENERGY» Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, PSA және басқа мүдделі құрылымдардың қатысуымен жұмыс атқаратын одақтардың, кеңестердің және басқа альянстардың іс-әрекеттерін үйлестіретін заңды тұлғалардың консультациялық-кеңестік бірлестігі болып табылады. Кеңес шоғырландырылған жұмыстың тиімділігін арттыруды және іс-әрекеттердің қосарлануын болдырмауды көздейді. Бұдан басқа, бірлестік мұнай сервисі компанияларының және мұнай-газ нарығы операторларының мүдделерін білдіреді және ілгерілетеді.