Тоталь Қазмұнайгазбен мұнай-газ саласын цифрландыру тәжірибесімен бөліседі

2019 жылғы 30 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, ҚР Энергетика министрлігі және «Тоталь Э энд П Казахстан» компаниясы (Total E & P Kazakhstan) мұнай-газ саласын цифрландыру аясындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Қол қойылған құжатқа сәйкес тараптармемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда және мұнай-газ индустриясын цифрландыруды одан әрі дамыту процесінде көмек көрсетуге ниетті», – делінген ҚМГ хабарламасында.

Ынтымақтастық шеңберінде цифрландыру, цифрландыру бастамаларын «Тоталь» компаниясының үлгісімен іске асыру, деректерді басқаруды жақсарту, кадрлар дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату, білім беру бастамаларын ілгерілету сұрақтары және т.б. бойынша консультациялар жоспарланады деп түсіндіріледі.

«Тоталь әлемдегі аса ірі  мұнай-газ компанияларының бірінші ондығына кіреді. Сондықтан олардың цифрландыру  және қазіргі заманғы технологияларды қолдану мәселелеріндегі тәжірибесі операциялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және мұнай-газ активтерінің көрсеткіштерін ұлғайту мақсатында Қазақстанның үздік іс-тәжірибелерді қабылдауына мүмкіндік береді.», – деп есептейді ҚМГ басқармасы төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев.

Келісімге Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Лё Мэравтың Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде қол қойылды.

«Франция Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялар көлемі бойынша елдердің бестігіне енеді. 2005 -2008 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына салынған франциялық қаржы жұмсалымдарының көлемі $15 млрд.  сомадан асты. 2018 жыл қорытындысы бойынша тауар айналымы 32,5% өсті және $4,5 млрд құрайды», – деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Аталып көрсетілгендей, «қазіргі уақытта көлік машиналарын жасау, құрылыс материалдары, медикаменттер, тамақ өнімдері өндірісі саласындағы бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс атқаруда». Энергетика, ғарыш салаларында, жаңғыртылатын энергия көздері, инфрақұрылымды дамыту, Smart City бойынша жобаларды іске асыруда бірлескен жұмыс жүргізіліп отыр.

Қазақстанда франциялық капиталдың қатысуымен 130-дан аса кәсіпорын, соның ішінде жоғары технологиялық жобаларды іске асыратын «Тоталь», «Орано», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» жұмыс істейді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықтыодан әрі дамытуға, көлік инфрақұрылымы, цифрлық технологиялар, адами капитал облысындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылықты атап өтті.

«Ауыл шаруашылығында бізде зор әлеуетіміз бар. Danone, Lactalis және Soufllet  франциялық компанияларымен бірлескен жобаларды «табыс тарихтарына» жатқызуға болады.  Қазақстан бизнес жүргізу үшін экологиялық таза өнімдер шығару және ЕАЭО елдері мен ҚХР сыйымды нарықтарына қолжетімділік тұрғысынанперспективті болып табылады», – деді ол.

Сонымен бірге «франциялық инвесторларға  бірлескен кәсіпорындар ашу, импортты алмастыру және агроөнеркәсіп өнімдерін одан әрі экспорттау бойынша жан-жақты көмек көрсетілетін болады» деп уәде етілді.

Өз кезегінде Францияның экономика және қаржы министрі стратегиялық ынтымақтастықты жалғастыруға франциялық тараптың әзір екендігін атап өтті және «Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы жетекші әріптесі болып табылады» деді.

Сонымен қатар бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Bpifrance» инвестициялық компаниясы арасында бірлескен инвестициялау туралы меморандумға қол қойылды.