ТШО негізгі өндірісіндегі қазақстандық қамтуға жұмсалған шығындар ККЖ басталуына дейін 10% құрады

«Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейін қазақстандық тауарлар мен қызметтер сатып алуға жасаған жиынтық төлемдері $30 млрд сомадан асады деп хабарлады таяуда ТШО бас директоры Имер Боннер.

Жалпы алғанда, кәсіпорын республикада жұмыс істеген бүкіл уақыт бойы  ТШО-ның Қазақстанға төлемдері$141 млрд сомадан асады. Бұған сонымен қатар қазақстандық қызметкерлерге жалақы, отандық тауар өндірушілердің және жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алу, мемлекеттік кәсіпорындарға төлемдер, қазақстандық әріптеске дивиденттер төлеу, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылатын салықтар мен роялти кіреді.

Бұл ретте ТШО негізгі өндірісіндегі Келешектегі кеңейту жобасы (ККЖ) басталғанға дейін қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу шығыстары сатып алудың жалпы көлемінің небәрі 10%-ын құрады.

Қазақстанның Энергетика министрлігінің деректері бойынша, 2018 жылы ТШО, НКОК және ҚПО шамамен 245 млрд теңге сомаға тауар импорттады, ал жергілікті тауарлар тек 19 млрд теңгеге ғана сатылып алынды, бұл сатылып алынған тауарлардың жалпы көлемінің 7%-ын құрайды.

ККЖ және $36,8 млрдсомаға бағаланатын Сағалық қысымды басқару жобасының (СҚБЖ)  шеңберінде қазақстандық қамту (ҚҚ) шығыстары $11,9 млрд құрайды, олардың $6,7 млрд сомасы бүгінгі таңда төленіп те қойылған.

Имер Боннер ККЖ\СҚБЖ іске асыру уақытында Қазақстанда тіркелген 430-дан аса компания 1000 келісімшартты орындау үшін жұмысқа тартылғандығын атап өтті.

Жергілікті өндірушілермен табысты жұмыс істеудің мысалы ретінде ол «Alageum Electric», «Қазэнергокабель» және «Қазқұбыржөндеу» сияқты компаниялармен жалпы сомасы $7,5 млн. құрайтын келісімшарттар жасасуды келтірді. Кабель науашаларын, трансформаторлар, аспап қойғыштар, төменгі вольтты кабельдер мен аспап кабельдерін, сонымен қатар қоршау материалдарын жеткізу бойынша келісімге қол қойылды.

ТШО басшысы Ақтау декларациясының шеңберінде тауарларды жергіліктендіру жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Соның ішінде, ол  Honeywell компаниясының NSB панельдерін жөндейтін цех құру жөніндегі келісімшартқа қол қойғандығын хабарлады, оның салтанатты ашылуы ағымдағы жылғы қыркүйекке жоспарланған.

Cameron компаниясы Ақтаудағы кәсіпорын объектісінде Orbit клапандары мен жетекті тетіктерді сынамалық құрастыруды орындады. Бұдан басқа, Baker Hughes компаниясының қатысуымен химиялық реагенттердің 12 түрін дайындайтын өндіріс іске қосылады.

Энергетика министрлігінң деректері бойынша, өндірісті жергіліктендіру бойынша жұмысТШО-да 19 өндірушімен жүргізілуде екендігін атап өтеміз.