ТШО, НКОК және ҚПО компанияларындағы қазақстандық қамту: қалай санауға байланысты

Соңғы уақытта қазақстандық қамтуды дамытутақырыбы аса өзекті болып отыр. Жуырда Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінің барысында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі мұнай-газ операторларының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесі өте төмен және көптеген жылдар бойы өзгермей келе жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, операторлардың қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуының көлемі небәрі34% құраған.

Ал осы цифрларды ақшамен көрсеткенде, мысалы, 2018 жыл бойынша, қалай болады екен?

Сонымен, жер қойнауын пайдаланушылардың ең ірі үштігі:ТШО, НКОК, ҚПО компанияларын бағыт ретінде алалық, олардың  жиынтық үлесі республика бойынша барлық сатып алудың 78%-ға жуығын құрайды.

«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы, компанияның сайтында жарияланған деректерге сәйкес, 2018 жылы қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді $3,5 млрд. сомаға сатып алған. Егер бұл ТШО-ның өткен жылғы сатып алуларының жалпы сомасының 34%-ы деп есептейтін болсақ, онда оператор шетелдік тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға $7 млрд.-тан аса жұмсаған. Жалпы алғанда, 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық қамтуға $29 млрд.жұмсаған.

Биылғы жылғы наурызда «Қазмұнайгазсервис-2019» VIII жыл сайынғы  конференциясында сөйлеген сөзінде «PSA» ЖШС бас директорыМұрат Жүребеков2018 жылы Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. (ҚПО) компаниясының тауарларды сатып алуларындағы шетелдік қамту 88%, ал Норт Каспиан Оперейтинг Компанида (НКОК)  –  73% құрағандығын атап өтті.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың өздерінің деректері аздап басқаша. НКОК-тың жоспарлау және жергілікті қамтуды іске асыру жөніндегі басшысы Нұрболат Төлемісов компанияның 2018 жылғы тұрақты дамуы жөніндегі есеппен таныстыруға арналған форум кезінде өткен жылы қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға $424 млн жұмсалғандығын, бұл Солтүстік-Каспий жобасы сатып алуларының жалпы көлемінің 43,4%-ын құрайтындығын атап өтті.Сонда, НКОК шамамен $600 млн. соманы шетелде қалдырып отыр ма?

Сөз арасында айта кетелік, консорциумның өкілі түсіндіріп кеткеніндей, осы $424 млн соманың $12,2 млн (27,3%) сомасы қазақстандық тауарларды сатып алуға, $275,8 млн – жұмыстарды (56,3%), және $136 млн – қызметтерді (31%) сатып алуға шығындалған.

Жалпы, 2004 жылдан бастап 2018 жыл аралығында НКОК қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға $14 млрд жұмсаған.

ҚПО сайтында жарияланған деректерге сәйкес, 2018 жылдың қорытындылары бойынша компанияда тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізілімдеріндегі жергілікті қамтудың үлесі 60%-ға жеткен, бұл ақшалай $474 млн. құрайды. Яғни, шетелдік ТЖҚ сатып алуға оператор $300 млн. аса жұмсаған ба?

«Жалпы алғанда, 1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылған мезеттен бастап ҚПО сатып алуларындағы жергілікті қамтудың үлесі $7 млрд.-тан асты», – делінген компанияның сайтында жарияланған хабарламада.

Міне осындай қарапайым арифметика. Компаниялардың өкілдерінен сатылып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізіміне нақты ненің кіретіндігін сұрап білген қызықты болар еді. Өйткені, осындай есептерді құрастырушылардың деректері бойынша, жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық қамтуға олар Қазақстанда жасайтын кез келген  шығындарының барлығын, мектеп, балабақша салуға, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды қолдауға өздері бөлетін демеушілік ақшаға дейін түгел енгізеді.

Фото: bnews.kz