«Жаңа серпін» Маңғыстау облысының жастарына Теңізде жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Атырауда АРЕС PetroTechnic жоғары колледжінің базасында «Жаңасерпін» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау орталығы іске қосылды. 30 дәнекерлеуші мен құбыр құрастырушы халықаралық стандарттар бойынша жаңа кәсіпті меңгереді. Мемлекеттік бағдарлама алғашрет KCOI отандық мұнайсервистік компаниясының жеке қаражаты есебінен іске асырылуда.

Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласынан жұмыссыз жастарды экономикалық жағынан қолайлы өңірлерге көшіру және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері Атырау облысында 40 адам оқытылып, жұмысқа орналастырылды. Отандық мұнайсервистік компания саналы түрде мемлекеттік қолдаудан бас тартады және тыңдаушыларды өзі оқытады, стипендия төлейді, тұрғын үймен және тамақтандырумен қамтамасыз етеді, осылайша әлеуметтік жауапкершілік танытады.

«Жаңасерпін» бағдарламасы жастарды оқытуды және одан әрі экономикалық жағынан қолайлы аудандарға қонысаударуды және жұмысқа орналастыруды көздейді. KCOI компаниясы осы балаларды оқуды аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, компанияда жұмыссыз жастарды оқыту бағдарламасын кеңейту мүмкіндігі қарастырылуда.

«Біздің компания біздің мамандарымыздың дайындық деңгейін мақтан тұтады, халықаралық сертификаттар мен дипломдары бар ең жоғары дәрежелі дәнекерлеушілер бізде жұмыс істейді. Біз оларды бағалаймыз, бірақ мамандардың жаңа буынын өсіру қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, «Жаңа серпін» бағдарламасы аясында біз жастарды оқытуға қаражат салып қана қоймай, сонымен бірге бірегей білім трансферін қамтамасыз етеміз. Біз қазақстандық дәнекерлеушілердің олардың тігісіне 15 жылға кепілдік беретіндей және шетелден жұмыс қолын әкелмейтіндей деңгейге жетуін қалаймыз», – деп атап өтті KCOI компаниясының HR менеджері Лука Де Мартини.

АРЕС PetroTechnic Жоғары колледжі 2018 жылы бұған дейін «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша дәнекерлеушілер тобын оқытты. Сол кезде бюджет қаражаты есебінен 40 адам оқытылып, жұмысқа орналастырылды. 2019 жылдың мамыр айында АРЕС PetroTechnic-те Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болды, ол оқу орындарының өндіріспен өзара әрекеттестігінің маңыздылығын атап өтті. Дәл осы колаборация жұмыссыз жастарды өндірісте сұранысқа ие біліммен қамтамасыз етеді.

Фото: kasipkor.kz