Жабдық шығарушылар форумына тіркеу жүргізілуде

Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес (Рetrocouncil) Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы 27 қыркүйекте өтетін Жабдық шығарушылар форумына қатысушыларды тіркеуді жүргізуде.

Жабдық шығаушылар форумының негізгі мақсаты мұнай-газ өнеркәсібі саласы үшін жабдық шығарушылардың отандық нарығын дамытуды ынталандыру, шетелдік өндірушілермен бірлескен кәсіпорындар құру жолымен тауарлар өндірісін жергіліктендіру болып табылады. Іс-шараға жабдықтар шығару бойынша әлемдік көшбасшы компаниялардың өкілдері шақырылды.

Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының, Қазақстан машинажасаушылар одағының, Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің  (Рetrocouncil) өкілдері қатысады.

«Теңізшевройл»,  Норт Каспиан Оперейтинг Компани,  Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компанияларының өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, жабдық шығаруды жергіліктендіру бойынша өз жұмыстары мен табыстары туралы әңгімелеп береді.

Біз Жабдық шығарушылар форумы мұнай-газ операторлары мен қазақстандық өндірістік компаниялар үшін Қазақстанда жабдықтар шығаруды дамытудың мүмкіндіктері айқындалатын  және мәселелері  талқыланатын  бірыңғай платформаға айналады деп үміттенеміз.

Тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://petrocouncil.kz/forum-kazenergy/