Жыл сайын, тасқын судың ұлғаюына байланысты электр энергиясын сатып алушылардан электр энергиясының қосымша көлемін төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Алайда, бұрын осы электр энергиясын сату тетігінің кейбір кемшіліктеріне байланысты көптеген сатып алушылар сауда-саттыққа қатыса алмады. Бірқатар шарттар олардың қатысуын шектейтін еді, енді бұл кедергілер жойылды, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
10 сәуірде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кезінде ГЭС өндіретін электр энергиясының сауда-саттығы өзгертілген Қағидалар бойынша өткізілді, соның арқасында «арзан» электр энергиясын сатып алуға жаңа сатып алушылар да қатыса алды. Бұл дегеніміз, «ойын шарттары» барлық сатып алушылар үшін барынша объективті болды, бұл дағдарыс жағдайында электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді. Мамандардың айтуынша, бұл шара нарықтың ықтимал үлестестігін жоюға мүмкіндік беріп, электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікті дамытуға жаңа серпін болады.
Ү. ж. 10 сәуірде табиғат қорғау мақсатында су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына электр энергиясының көтерме сауда нарығының 71 субъектісі, оның ішінде 68 сатып алушы және 3 сатушы қатысты. Электр энергиясына сұраныс 1 458,6 млн.кВтсағ. құрады, электр энергиясының сатып алынған/сатылған көлемі 301,2 млн. кВтсағ. құрады, қорытындысы бойынша 13 мәміле жасалды.
Сауда-саттық өткізу барысында сауда жүйесінің жұмысы бойынша қатысушылардан техникалық ескертулер түскен жоқ. Электр энергиясының сауда-саттығына бақылаушы ретінде Энергетика министрлігінің өкілдері де қатысты.
Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаевтың айтуынша, бұл заңнамалық бастамалар электр энергиясының көтерме сауда нарығында нарықтық қарым-қатынасты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Қағидаларға енгізілген елеулі өзгерістер сатып алушыларға бірінші кезеңде өзінің баға ұсыныстарымен 30 минут ішінде «шығуын», ал сатушыларға сауда сессиясының келесі 30 минутында өтінім беруін және сұраныс қанағаттандырылған жағдайда – жұптарды автоматты түрде қалыптастыруды қамтамасыз етті.
Ең маңыздысы – сауда жүйесіндегі барлық іс-әрекеттер иесіздендірілген, іс жүзінде қатысушылар арасындағы сөз байласу факторы алып тасталды.
Қағидаларға және бағдарламалық қамтылымға енгізілген осы өзгерістер тұтынушылардың қол жеткізуіне кедергі келтірмейтін және олардың қатысуын шектемейтін жағдай жасауға мүмкіндік берді.