Қазақстанның машинажасау саласын дамыту үшін не істеу керек? Сарапшы пікірі

Қазақстан үкіметінде республиканың машинажасау саласын дамыту шындап қолға алынған сыңайлы. Қалай болғанда да, саланы жандандыру талпынысы деп бағалауға болатынқандай да бір қозғалыс байқалады. Жуырда, мысалға, «Машинажасау саласын дамыту бойынша 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы» бекітілді. Алайда, отандық машинажасау саласын көтеру үшін, оның өнімдері мұнай-газ операторларының сұранысына ие болуы үшін бұл жеткілікті болады ма? petrocouncil.kz үшін берген сұхбатында «Белкамит» зауытының бұрынғы директоры, Қазақстан машинажасау одағы басқармасының мүшесі Павел Беклемишев машинажасау саласын дамыту үшін не керектігі жөніндегі пікірімен бөлісті.

— Павел Иннокентьевич, еліміздегі машинажасау саласының бүгінгі ахуалы жалпы алғанда қандай? Жағдайы қалай?

— Бүгінгі таңда еліміздің машинажасау саласының жағдайы терең де тұрақты тұралаумен сипатталады, айтуға қаншалықты өкінішті болғанымен, бұл солай. Бұл бұрынғы кезеңдерде біздің айтарлықтай қуаттыөз машинажасау индустриямыз болғанына қарамастан. Ол Кеңестер Одағындағы тұрақты қомақты кооперация қалыптастырылған бірыңғай өндірістік жүйе шеңберінде болды, даму процестері, соның ішінде Қазақстан машинажасау саласында да, жүріп отырды. Соңғы жылдары, мәселен, Қазақстанда электрондық машинажасауды құру бойынша жұмыстар жүргізілді, мұны біз қазір ойға да алмаймыз десек те болады. Электрондық машинажасау кәсіпорындары құрылды, жобалау институты мен конструкторлық бюро құрылған болатын.

Кеңестік Қазақстанда машинажасау жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 16%-ын алды, оған тау-кен металлургиясы кешенінде, мұнай-газ секторында шикізат өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, халық шаруашылығының, мысалы, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеттен басқасының барлығы дерлік, кірді. Бұл жақсы көрсеткіш екендігін атап өту керек. Бүгінгі таңда осындай көрсеткіш өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2%-ын алатындығын зорға айтуға болады. Әрине, өндіруші сектор өнімдерін өңдеудің өсуі факторы бар,  бірақ … машинажасау құлдыраған және өсу үшін елеулі үрдістерді әзіргекөріп отырғаным жоқ.

Бізде шенеуніктер көбінесе цифрларды  қақпақылдауға келгенде пысық, сондықтан олар қандай да бір табыстарды көрсеткен болып жатады, алайда олар жоқ дерліктей.

«2018 жылы қазақстандық машинажасау өндірісінің көлемі $3,1 млрд. сомаға жетті. Алайда мұнай-газ машиналарын жасау саласының өнімдерін шығарудың сала құрылымындағы үлесі небәрі 5% немесе шамамен 53 млрд. теңге құрады. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің деректері бойынша

Егер мұнай-газ машиналарын жасау туралы айтар болсақ, ол кеңестік Қазақстанда болған емес. Гурьевте, қазіргі Атырау,  Петровский атындағы зауыт болды. Бұл салаға ілмекті арматура, соның ішінде мұнай-газ кешені үшін дешығарылғанӨскемендегі арматура зауытын да жатқызуға болады.

Қазіргі замандағы Қазақстанда мұнай-газ машиналарын жасау дегенмен де пайда болды. Идеалында, бұл бізде ұзақмерзімді тұрақты сұраныс бар нарық. Мұнай-газ операторлары бізді  қалай «тепкілегенімен», біздің кәсіпорындарымыз бұл нарыққа кіруге тырысуда, кей кездері бұл іске асып та жатқан түрі бар.

Машинажасауды дамыту жөніндегі жол картасына қатысты, шындығында біз саланы дамытудың кешенді жоспарын дайындағанымызды атап өткім келеді. Бірақ ол бекітілмеді. Бізде машинажасаушылардың билігінде ештеңе жоқ дерлік. Меніңше, мұның елеулі әлеуметтік-экономикалық түсіндірмелері бар. Машинажасау көп еңбекті қажетсінетін сала. Ол жерде жұмыс істеу қажет. Жекелеген жағдайларды қоспағанда, ол жоғары маржиналды емес, сондықтан онда жұмыс істейтін адамдар, біріншіден, жеткілікті түрде құзыретті, екіншіден, еңбекқор болуы тиіс. Ал мұндай адамдардан пара алу қиын. Өз еңбегімен қаражат табатын сауатты адамға өз пайдасымен бөлісуді ұсына бастаған кезде, ол бас тартады. Өкінішке орай,бұл ауруды бізде мемлекет әлі жеңген жоқ, және машнажасаушылар оншақұрметтелмейді.

— Қазақстандық мұнай-газ машиналарын жасаудың аздаған өнімдеріне біздің ірі жер қойнауын пайдаланушылардың сұранысына қатысты не айта аласыз?

— Негізінде, мен жалпы машинажасау туралы айтар едім және еліміздің импортының 50%-дан артығын машинажасау өнімдері алатындығын атап өткім келеді. Ал мұнай-газсаласы туралы айтар болсақ, онда Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларының қатысушылары болып табылатын шетелдік компаниялар көбінесе өздері шыққан елдерінің экономикалық мүдделерін сақтауға тырысады. Және қазақстандық өнімдердің сапасы олар үшін жарамсыз дегенде, олар қулық істейді. Қазақстанда жасап шығаруға әбден болатын заттарды да олар шетелден әкеледі.

Мәселен, Теңіздегі Келешектегі кеңейту жобасыннда 260 мың тонна металл конструкциялары қолданылады, олардың 200 мың тоннасы импортталып, тек 60 мың тоннасы ғана Қазақстанда жасалады. Ал, осы көлемнің барлығын да біз өз елімізде шығара алар едік деп есептеймін.

Мен көптеген жылдар бойы мұнай-газ компанияларымен, соның ішінде біздер «үш кит» деп атайтын ТШО, НКОК және ҚПО компанияларымен де жұмыс істедім. Оларға ыдыстық жабдықтарды жеткіздім. Және бұл облыста бүгінгі таңда олардың қажеттіліктерін 80% қанағаттандыра алар едік деп айта аламын. Ал мәселелер туындап жатса, шетелдік әріптестерді шақырып, жұмыстарды солармен бірлесіп атқарар едік.

Мен сол «АтырауМұнайМашта» жұмыс істеуге және бізде тап сұранысқа ие позицияларды жергіліктендіруге дайын шетелдік әріптестерді әкеліп отырдым. Теңізшевройлдағылар біздің тілегімізді қолдағысы келмеді.

— Ал ТШО-дан не талап етілді? Ұзақмерзімді келісімшарт па?

— Қай істе болсын басты қозғаушы күш ақпарат болып табылады. Ақпаратты ұзақмерзімді негізде алдын ала беріңіз, сонда жергілікті өндірушілердің қозғалуы жеңіл және пайдалы болады.

Ал операторлар болса, баршаның шарттары тең болуы тиіс дейді бізге. Екінші жағынан, жер қойнауын пайдалануға шарт жасасқан кезде олар өздеріне қазақстандық жеткізушілерге басымдық беру, олардың дамуына көмектесу міндеттемелерін алды. Бірақ іс нақты заттарға келіп тірелген кезде, олар: «Жоқ, шарттар барлығы үшін тең болуы тиіс» деп шыға келеді.

Біз ақша сұрап тұрған жоқпыз ғой, сапа тұрғысынан жеңілдік жасаудысұрап тұрғанымыз жоқ. Біз ақпарат беріңдер, оны алдын ала беріңдер, біз сонда сендердің сұраныстарыңның барлығын қанағаттандыруға тырысамыз дейміз.

— Ал жергілікті қамту сұрақтары осындай мәселелер бар басқа елдерде қалай шешіледі?

—  Айтпақшы, біздің елімізде жергілікті қамту бойынша халықаралық конференция өткізу бірнеше мәрте ұсыныс бердім. Оның үстіне, осындай конференция Ұлыбританияда бір жерде өтеді. Құрығанда бейтарап ел Түркиядаөткізген жақсы болар еді. Конференция өтетін орынның да мәні зор емес пе. Осындай конференциялардың бірінде Ұлыбританияда болдым. Міне, сонда Кувейттен келген әріптестердің бірімен әңгімелестім. Жергілікті қамту туралы айта отырып, ол трансұлттық компанияларға тиесілі болған автомобильдерге май құятын  37 станцияның  жуырда кувейттік бизнесмендерге табысталғанығын атап өтті. Бізде дегенмен де бензинді біздің компанияларымыз сатады. Үлкен, орташа шағын, бірақ біздікі…

— Яғни, олардағы жағдай біздермен салыстырғанда мүшкілдеу ме?

— Бізде бар нәрселер олардың түстеріне де кіріп-шықпайды. Араб әмірліктерінің өзінде немесе Иракта мен «Белкамит» зауытында біз шығарған жабдықтар туралы айтқанымда таң қалды. Менен сіздердің кәсіпорындарыңызда қанша шетелдік жұмыс істейді? –  деп сұрады. Мен бір-де біреуі істемейді, мамандардың барлығы – біздікі, қазақстандықтар дедім. Оларда барлығын да шетелдік кәсіпорындар шығарады екен және оларда жұмыс істейтіндер де шетелдіктер екен.

Ал Ұлыбританияда, Норвегияда және басқа елдерде мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығару бойынша жергілікті қамтуды дамыту 10% үлеспен бастау алды, ол кейін 80%-ға дейін арттырылатын болады.

Біз норвегиялық әріптестерден олардың жергілікті қамту мәселесін қалай шешетіндіктері жөнінде сұрадық. Ал олар болса, король барлық жауапты тұлғалардың барлығын жинап алып, «Былай болуы тиіс» деп айтты дейді. Сосын барлығы да Корольдің айтқанын істей бастаған. Бітті.

«2018 жылыТШО, НКОК және ҚПО компанияларында 245 млрд теңгеге тарта сомаға тауар импортталды, ал жергілікті тауарлар небәрі 19 млрд теңгеге ғана сатылып алынған, бұл сатылып алынған тауарлардың жалпы көлемінің 7%-ға жуығын құрайды». ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша

— Мүмкін, Жол картасы қабылданғасын бізде де қандай да бір өзгерістер орын алар …

— Егер байқаған болсаңыз, Жол картысынң әрбір тармағы мына сөздерден басталады: «сұрақ пысықталсын» немесе «мүмкіндіктер қаратырылсын». «Заң әзірленсін» деген сөздер жоқ, «мүмкіндік пысықталсын» деген бар. Мен айтып кеткенімдей, біздер, яғни Қазақстанның машинажасаушылар одағы, машинажасауды дамытудың кешенді бағдарламасын әзірледік. Міне сонда барлығы нақты жазылған болатын: заң әзірленсін, парламенттің қарауына енгізілсін, машинажсау кәсіпорынларын қолдау қоры құрылсын және т.б.

Дегенмен де, жол картасы пайда болып, онда премьер-министрдің «пысықталсын», «мүмкіндіктер қаратырылсын» тапсырмаларын беруінің өзі жақсы бастама. Енді барлығы сала қатысушыларының өздеріне байланысты. Егер бұл сұрақты қозғайтын болса, жұмысты белсендірсек, онда табысқа міндетті түрде қол жеткіземіз.

Яғни, ақыр соңында, мұның барлығы да өзімізге байланысты. Біз баруымыз, айтуымыз тиіс, премьер-министр пысықтауға тапсырма берген екен, ендігі жерде біз пысықтайық. Әйтпесе, сіз шенеунікке келесіз де, өнеркәсіптік саясат немесе қор құру сұрақтарын талқыласақ дейсіз, ал ол болса, уақытым жоқ, бұл қызық емес дейді. Ендігі жерде бұлай айтпайтын болады. Яғни, мұндай тұжырым мәселе шешілді деген сөз емес. Бұл баруға және осыны пысықтатуға негіз бар дегенді білдіреді.

— Ал егер дегенмен де заң қабылданып, қор құрылып, өнеркәсіптік саясат қабылданса, бірінші кезекте не істеу керек болады? Мүмкін, өндіруші кәсіпорындар үшін ҚҚС,  кедендік баж салығын алып тастау керек немесе саланың дамуын жеделдететін  басқа да шаралар қабылдау қажет шығар?

— Сіз ҚҚС сұрағын қозғадыңыз. Мған бұл сұрақ 1997 жылдан бері таныс. Яғни, өз кезінде мұндай мәселе шынында да бар болатын. Мысалға, тауар енгізген кезде, ол кедендік баж салығы мен қосымша құн салығын (ҚҚС) төлемеді. Ал қазақстандық кәсіпорыннан сатып алған кезде, ол қосымша құн салығын төлеуі тиіс болды. Бірақ бұл мәселе осыдан 10 жыл бұрын, Даниал Ахметов премьер болып тұрған уақытта шешілген. Салық Кодексіне жеңілдіктері бар ТШО сияқты осындай кәсіпорынға қазақстандық кәсіпорын өз тауарын жеткізетін болса, онда ол ҚҚС-ын «нольдік мөлшерлеме» бойынша төлейтіндігі қарастырылған өзгерістер енгізілді.

Жалғыз ғана шарт – жыл сайын үкімет осындай жеңілдіктерге ие компаниялардың тізбесін шығарып отыруы тиіс.

Заң жүзінде бұл мәселе шешілді. Кейбір министрлердің мұны білмейтіндігі және трибунадан осы туралы айтатындығы таңқалдырады.

Ол ҚР Салық Кодексінің  «Жекелеген жағдайларда салық салу» 393-бабымен реттеледі. Ал кедендік баж салығы бойынша жағдай аздап күрделірек. Кедендік баждың ықпалы аздау екені рас. Менің бағалауымша, кемінде екі есе.  Егер ҚҚС қазір жалпы құнның 12%-ын құраса, кедендік баждық ықпалы 6%. Бірақ бұл сұрақты да шешу керек.

Ең бастысы, жер қойнауын пайдаланушылардан бізге ақпарат керек. Және де ол ұзақмерзімді негізде керек. Біздің өкімет тарапынан белгілі бір қолдау керек. Яғни, жер қойнауын пайдаланушыларға жеткізушілерді таңдаған кезде олардың жергілікті тауар өндірушілерге артықшылық берулері тиістігін естеріне салып отыру керек. Оның үстіне мақсатты бағыттап және ықтиятты талдау жұмысының негізінде, нақты цифрларға сүйеніп, өз әділдігімізді дәлелдей отырып еске салу керек. Жергілікті қамтудың дәрежесі ол абстрактілі емес қой. Оны санау керек қой. Ал бізде жергілікті қамтуды мониторнингтеу негізі болуы тиіс «CT-KZ» сертификаты оңды-солды таратылады. Заңсыз берілген сертификаттар үшін ешкім ешқандай жауапкершілік көтермейді. Міне, іске осылай қараған жағдайда қалай жергілікті өндірісті дамытуға және жергілікті қамтуды артыруға болатындығын енді ойлап көріңіз.

Мұнай-газ машиналарын жасауға келетін болсақ, мен сапалы өнім шығару үшін қазақстандық кәсіпорындарда барлық мүмкіндіктер, яғни білікті адами ресурс бар деп есептеймін. Және де мен қазақстандық машинажасаудың келешегіне қатысты дегенмен де айтарлықтай оптимистік көңіл-күйдемін.

— Рахмет!

Фото суретті ұсынған П. Беклемишев