Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілетін рессейлік мұнайдың транзиті тоқтатылмады

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қытайға тасымалданатын рессейлік мұнайдың транзиті тоқтатылмады және ГОСТ шеңберіндегі сапа мен келісімді міндеттерге сай толықтай жүзеге асуда.

2020 жылдың 22 қаңтарының уақыты бойынша магистральды мұнай құбырлары жүйесіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнай қабылдау ішінара қалпына келтірілді. Тапсырылып жатқан мұнай құрамындағы хлороорганикалық қоспалардың мөлшері белгіленген нормалардан аспайды.

Естеріңізге салсақ, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесінде мұнай қабылдау кезінде мұнай сапасын сараптау нәтижелеріне сай 204°С дейін қайнайтын фракцияда хлороорганикалық қоспалардың шамадан тыс екендігі анықталды. Сол күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамымен тапсырылатын мұнай сапасына қатысты сұрақтарды шешу үшін мұнай қабылдау тоқтатылды.

Магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша экспорт пен ҚР МӨЗ-на тасымалданатын мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты ҚР Энергетика министрлігі 2020 жылдың қаңтар айына мұнай жеткізу кестесіне түзетулер енгізді. Оның ішінде, Қытай бағыты бойынша қазақстандық өндірушілермен тасымалданатын мұнай экспорты төмендеді. Босаған көлемдер ПҚОП жүктеу үшін қайта бағытталды. Сонымен қатар, ПМӨЗ жүктеу кестесі де өзгертілді.
Бүгінгі таңда магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалы түзетілген кестеге сай жүзеге асуда.