Қазақстан мұнай сатудан қанша ақша тапты және саланы дамыту бойынша жоспарлары қандай?

Қазақстан Республикасы өз аумағында орналасқан мұнайгаз кендерін игерудің кезекті кезеңіне көшуде. Жеңіл алынатын көмірсутектер кезеңі өтуде, сондықтан мемлекетке мұнай өндіру саласында саясатты өзгерту қажет.

Мұнай мен газ өндіру

5-қыркүйекте Атырауда болған елдің мұнайгаз кешенін дамыту бойынша кеңейтілген кеңесте энергетика министрі Қанат Бозумбаев хабарлағандай, соңғы 28 жыл ішінде, яғни тәуелсіздік жылдары ішінде республикада 1,5 млрд тоннадан аса мұнай және 741 млрд текше м газ өндірілген. Сондай-ақ Ұлттық қорға түскендердің жалпы көлемі шамамен 31,6 трлн теңгені құрады.

1991 жылы мұнай өндірудің жылдық көлемі 25 млн тоннаны құраған болса, ал 2018 жылы ол 3,5 еседен астам көбейіп, 90 млн тоннаға артты.

Министрдің сөзі бойынша, Қазақстан мұнайды экспорттаушы жетекші елдермен бір қатарда тұр, алынатын мұнай қорлары бойынша 4,6 млрд тонна – 12 орынға және газ қорлары бойынша 3,9 трлн текше – 22 орынға көтерілді.

«Мұнай мен газды толық тасымалдау жүйесі құрылды. Каспий мұнай құбыры қысқа жолды және Теңгіз, Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарынан мұнайды сыртқа шығару үшін анағұрлым тиімді экономикалық жағдайларды қамтамасыз етеді. Қытай экспорттау маршруты құрылды», – деп атап өтті Қанат Бозумбаев және жылына дүниежүзінің 36 еліне 66 млн тонна өндіре отыра, мұнайды сыртқа шығару 5 еседен астамға көбейді.

Жобаларға инвестициялар

Энергетика министрлігінің басшысы орташа мерзімді кезеңде мұнай өндіруде инвестицияның негізгі өсуі – $44,5 млрд көлемінде — үш жобаны іске асыруға тиесілі деп хабарлайды: Теңгізді болашақта кеңейту жобасы ($36,8 млрд), Қашағанның 1-кезеңін кеңейту жобалары ($2 млрд), Қарашығанақта өндіру деңгейін ұзарту жобасы ($4,5 млрд).

БКЖ (ПБР)  іске асыру 2023 жылдан бастап Теңгізде мұнай өндірудің жылсайынғы деңгейін 12 млн тоннаға арттырады. Қазір мұнда шамамен 28 млн тонна өндірілуде.

Қашағанда қазірдің өзінде өндіру деңгейі тәулігіне 380 мың баррельге жетті. Сондай-ақ  2022 жылы өндіру деңгейі 420 мың баррельге дейін, ал 2027 жылы тәулігіне 500 мың баррельге дейін өседі деп жоспарлануда.

«2025 жылға қарай ел бойынша мұнай өндірудің жылсайынғы көлемі 105 млн тоннадан астам деңгейге шығады деп күтілуде», – деп бөлісті Қанат Бозумбаев.

Кен орнының таусылуы

Сонымен бірге мұнай мен газды өндірудің жылдам өсуі республиканың табиғи ресурстарына өзінің теріс әсерін тигізді. Жетілген кен орындарында өндірістің күрт төмендеуі байқалады. Мысалы, Қызылорда облысында жыл сайын өндірудің 1 млн тоннаға азайғандығы байқалады. Орташа мерзімді келешекте өндірудің қысқаруы Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында болады.

«Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы» Ахметжан Есимов осындай кен орындарында қалған қорларды өндіру үшін инвестициялар мен жаңа технологиялар керек деп есептейді.

«Бұл жағынан Ресейдің оң тәжірибесі бар, онда қиын алынатын мұнайды өндіруді ынталандыруға бағытталған бірқатар тиісті заңдар қабылданған», – дейді ол және мұндай кен орындары бойынша салықтың сараланған мөлшерлемесін, тіпті салықтан босатуға дейін енгізуді ұсынады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз тарапынан бұл жетілген кен орындары халықты көп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететіндігін және қазірдің өзінде геологиялық барлауды белсендіру қажет екендігін еске салды. «Өйткені жаңа кен орнын ашу мен іске қосу арасында кем дегенде 10-15 жыл өтеді», – деп атап өтті спикер.

Оның айтуы бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның мұнай теңгерімі 4,5 млрд тонна мұнай мен 1,6 трлн текше газды құрайды, 317 кен орны 427 млн тонна конденсатпен. Қорлардың негізгі бөлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан. Қорлардың 79% Теңгіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында орналасқан.

Министрдің пікірінше, геологиядағы негізгі мәселе біздегі қорлардың өсуінің төмен деңгейінен тұрады. «Тәуелсіздік алғаннан бастап біз 1,4 млрд тонна мұнай алдық, ал қорлардың өсуі 2,1 млрд тоннаны құрады. Сондай-ақ өсу коэффициенті 1,5 құрайды. Бұл көрсеткіш жоғары болып көрінуі мүмкін, алайда, бұған Қашаған жобасы арқасында қол жеткізілді. Онсыз коэффициент 0,9% құраған болар еді», -деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар ол Қазақстанда жаңа ашылымдар үшін маңызды перспективалар бар екендігін атап өтті. Геологтар шартты жанармайды 130 млрд тоннаға дейін өндіру болжам ресурстарымен 15 шөгінді бассейнді атап көрсетті.

Осылайша, бес игерілген бассейндер аумағында: Каспий маңы, Бозашы үстірті, Маңғышлақ, Оңтүстік Торғай және Зайсан – анағұрлым терең көкжиектерде зерттеу жүргізу қажет. Осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджеттен ақша бөлу қажет және инвесторлардың қаражатын тартуға тырысу керек. Аз зерттелген алаптар аумағында – Солтүстік Торғай, Ертіс маңы, Арал, Сырдария және Шу-Саксуй — жоғары тәуекелдің болуына байланысты зерттеуді мемлекет есебінен жүргізу қажет.

Министрдің мәлімдеуінше, Каспий маңы алабының барлық ірі кен орындары – Имашев, Қашаған, Теңгіз, Жаңажол, Кеңқияқ, Қарашығанақ және Чинаревское — оның беткеймаңдық бөлікте орналасқан. Геологтардың пікірінше, оның беткеймаңдық бөлігін үлкен тереңдіктерде тұзды қабаттарында қосымша зерттеу қажет, мұнда ірі ашылымдар үшін айтарлықтай мүмкіндік бар.

Геология және барлау

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК» (ҚМГ) АҚ бірлесіп 2021-2025 жылдарға геологиялық барлау бағдарламасын әзірлеуге кірісті, мұнда келешектегі учаскілер ауданы мен қажетті қаржы ресурстары көрсетілетін болады. Бұдан басқа заңнаманы жетілдіру және инвестицияларды тарту үшін салық жеңілдіктерін ұсыну бойынша шаралар кешені әзірленетін болады.

Бағдарламада аймақтық іздеу-барлау жұмыстарын ғылыми зерттеуге көңіл бөле отыра, геологиялық ғылымды дамытуға, материалдық-техникалық қорды қалпына келтіруге, ғылымның өндіріспен байланысын нығайтуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Қаныш Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты тартылатын болады, ол геологиялық ғылым бойынша ұлттық оператормен тағайындалуы тиіс.

Министр жер қойнауын пайдаланушылардан отандық ғылымды қолдауды және ғылыми зерттеуге тапсырыстарды барынша көп Қазақстанда өткізуді  сұрады, бұл институттардың материалдық-техникалық қорын нығайтуға мүмкіндік береді және жастарды ғылымға тартады.

Экологиялық мәселелер

Соңғы 12 жыл ішінде ілеспе газды жағу көлемінің төрт есеге қысқаруына, сәйкесінше, қоршаған ортаға эмиссияның төмендеуіне қарамастан бірқатар экологиялық мәселелер шешілмеген болып қалып отыр.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарының айтарлықтай мөлшері жиналып қалды. Қазір Экология министрлігі мен ҚМГ арасында келісімге қол жеткізілді, оған сәйкес ұлттық компания 2023 жылға дейін барлық қалдықтарды өңдеу міндетін өз қолына алды, олардың көлемі 3,6 млн текше м құрайды.

Экология саласындағы басқа маңызды міндет — айналымды сумен қамтамасыз етуді енгізу. Қазір мұнай компаниялары бойынша айналмалы сумен қамтамасыз етудің орташа деңгейі 30-40 пайызды құрайды. Ведомство бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 70% дейін жеткізуді алға мақсат етіп қойды.

Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мәселесінің өзі өзектілердің біріне айналуда, әсіресе, республиканың мұнай-газ аймақтарында. Бұған байланысты министр Ақтөбе облысындағы Көкжиде жерасты суларының кен орындарын ластанудан сақтауға шақырады.

«Көкжиде кен орны ерекше және Батыс аймағының халқының қажеттіліктерін жаба алады. Су қорлары 1983 жылдары-ақ тәулігіне 196 мың текше м көлемінде бекітілген болатын», – деп Мырзағалиев мырза айтып өтті.

Қазір 8 кен орны шегінде жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізатын өндіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Ауызсудың бірден-бір көзінің ластану қаупі бар.  Министрлік осы ауданда мұнай операцияларын бақылауды күшейтуді жоспарлауда.

Тауар шикізат орнына

Дейтұрғанмен  жақын болашақта республика мұнайхимиялық жобаларды қолдау арқылы көмірсутек шикізатын өңдеу үлесін көбейтуді жоспарлайды. Бұл шешім дүниежүзінде мұнайхимия өніміне сұраныстың өсуімен, сондай-ақ осындай тауардың үлкен қосылған құнымен байланысты қабылданды. Төмен тығыздықты полиэтилен және одан жасалған дайын өнімдердің құны бастапқы шикізат құнына қарағанда 10-20 есе артық.

Ахметжан Есімовтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда мұнайгазхимиялық саланың әлемдік нарығының көлемі $2 трлн жетті және өсуін жалғастыруда. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжауы бойынша 2050 жылға дейінғі әлемдегі экономикалық өсім, әлемде мұнайхимияның бастапқы өнімін өндіру деңгейінің дүниежүзі бойынша  60% артуына әкеледі.

«Самрұқ-Қазына» қорының басшысы полимерлерге бағаның құбылмалылығы мұнай мен газ бағасына қарағанда төмен екендігін түсіндіреді, бұл анағұрлым болжамды сараптық түсім ақшаны, ал инвестициялар мұнайгазхимияға береді, орташа есеппен әр салынған теңгеге экономика бойынша төртреттік мультипликативтік нәтиже береді.

Бұл экспорттық түсімнің анағұрлым нақты болжамын береді, ал мұнайгазхимиясына инвестициялар орташа есеппен әрбір салынған теңгеден экономикаға төрт есе мультипликативтік өсім нәтижесін береді.

Оның айтуынша,  осындай өндірістердің болмауы салдарынан біз этан, пропан және бутан сияқты табиғи газдардың құнды компоненттеріннің үлкен бөлігін жоғалтып жатқандығымызды айтып өтті, және олардың метан бағасы бойынша сыртқа шығарылуын мәлімдеді.

Спикер басқа елдерде мұнайхимиялық жобаларды қолдау  мысалын келтірді және олардың тәжірибесін қабылдауды ұсынды. Мысалға, оның мәлімдеуінше, Сауд Арабияда инвесторлар үшін 10 жыл бойы салық демалыстары бар, сонымен қатар сұйылтылған көмірсутек газының әлемдік бағасына 30% мөлшерінде дисконт бар. Өзбекстанда технологиялық жабдықты әкелуге кеден баждары тоқтатылды, оларды мұнайгазхимия өнімін өндіру кезінде қолдану жоспарлануда.

Қазақстанда бүгінгі таңда мұнайхимияны дамыту үшін барлық алғышарттар бар. Атырау МӨЗ-да хош иісті көмірсутектерді өндіру бойынша кешен енгізілді, ол сала үшін негізгі шикізат болып табылатын 133 мың тоннаға дейін бензол және 496 мың тоннаға дейін параксилолды өндіруге мүмкіндік береді.

Атырау облысында «Ұлттық индустриалдық мұнайхимиялық технопарк» СЭЗ аумағында қосынды қуаты жылына 1,7 млн тонна, құны $9,1 млрд құрайтн полипропилен және полиэтилен өндіру бойынша екі жоба іске асырылады .

Полипропилен өндіру бойынша зауытты пайдалануға енгізу 2021 жылдың ортасына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта барлық негізгі жабдыққа тапсырыс берілді, бағанын қағу аяқталды, іргетасты қалау жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы газ турбиналы станция іске қосылатын болады, келесі 2020 жылы – суды тазарту қондрғысын орнату.

Полиэтиленді өндіру бойынша қуаттылығы 1,2 млн тонна және құны 6,8 млрд долларды  құрайтын зауыт құрылысының жобасы бойынша австриялық Borealis компаниясымен бірлесіп ТЭО әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді. 

«Бүгінгі күннің басты мәселесі үкіметаралық келісімді анықтау, ол мемлекеттік қолдау кепілдері мен шараларын қарастырады», – деп атап өтті  Есімов мырза.

Норвегия үлгісі

Сондай-ақ, мұнайгазхимия саласы көмірсутек шикізатынан қосымша кірістер әкелуге қабілетті жалғыз ғана сала емес. Бүгінгі таңда үлкен даму мүмкіндігіне ие салалардың бірі – мұнайсервистік индустрия.

«Мұнайсервистік индустрия ел экономикасының өсуі мен оны әртараптандыру драйверлерінің біріне айнала алады. Мұнай мен газ өндірісін арттыра отырып,  біз Норвегия үлгісі бойынша заманауи мұнайсервистік кластер құруымыз керек, мұнда мұнайсервисінен кіріс көмірсутектерді сыртқа шығарудан түскен кірістен артып кетті», – деп атап өтті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев.

Ол мұнайсервисін дамыту отандық шағын және орта бизнестің дамуына, өнімді және білікті жұмыс орындарын құруға, жоғары қосылған құны бар өндірістерді оқшаулауға түрткі болады деп есептейді.

«Бүгінгі таңда үш ірі операторлардың жобалары  – ТШО, НКОК және КПО – жергілікті өндіріс үлесінің 34% құрайды. Ал тауарлар бойынша 7% артпайды. Сонымен қатар осы компаниялардың сатып алу көлемі 4,6 трлн теңгені құрайды және шамамен барлық салалар бойынша сатып алулардың 80% құрайды», – деп айтып өтті мемлекет басшысы.

Ол инжиниринг пен құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізгі бөлігі бұрынғыша шетелдік компаниялармен орындалатындығын, үкіметтің әкімдіктермен бірлесіп мұнайгаз компанияларының сұранысын отандық тауарлар мен қызметтерді жеткізуді көбейту бойынша жұмысты күшейту керектігін атап өтті.

«Ең алдымен, инжиниринг пен модульдік құрылымдар құрылысында біздің компаниялар санын көбейту керек. Қажет болса, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу керек. Мысалы, Қаламқас-теңіз және Хазар жобалары бойынша отандық металл құрылымдарын пайдалануды қамтамасыз ету керек», – деп атап өтті президент және мұнайгаз компаниялары жобаларға жергілікті компаниялар мен жергілікті мамандарды белсендірек тартуға шақырды.

Мемлекет басшысының пікірінше,  қазақстандық банктер жергілікті мұнайсервистік компанияларға кепілдендірілген мердігерлермен келісімшарты  болған жағдайда  банктік кепілдіктер беріп, қаржыландыруы тиіс деп есептейді.

«Мысалы, ТШО-мен нақты келісімшарт кез келген банк үшін керемет қамтамасыз ету. Ұлттық банк осы мәселеге көңіл бөлуі тиіс», – деп атап өтті Тоқаев мырза.

Сонымен қатар нарық қатысушылары жергілікті мамандарды сапалы даярлау мен ұлттық кадрлардан — мұнайгаз жобалары жетекшілерін тәрбиелеп өсіруді қамтамасыз етуі тиіс.