Қазақстанның мұнай өндіруші компаниялары тауарлар сатып алу көлемін 10% ұлғайтты

Мұнай-газ операторларының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі соңғы үш жыл ішінде мұнай-газ операторларының жалпы сатып алуларының 28%-ына жетті.

Қазақстан мұнай сервисі компанияларының одағы (KazService) мұнай өндіруші компаниялардың 2016-2018 жылдары жүзеге асырылған тауарлар сатып алуының талдауын дайындады. Соңғы үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушылар 1,3 трлн.теңгеге тауар сатып алған, олардың30%-ы отандық өндірушілерге тиесілі.

 «2016 жылдан бастап 2018 жыл аралығында Қазақстанның мұнай өндіруші компаниялары тауар сатып алу көлемдерін 10% ұлғайтты. Қазақстандық компаниялар шығарған тауарлар 369,4 млрд теңгеге сатылып алынды, бұл үшжылдық кезең ішіндегі жалпы соманың 28%-ы. Бұл ретте ҚҚ үлесі 2018 жылы 29,6%-ға жетіп те қойды», – деп хабарлады KazService.

Атап айтқанда, 2016 жылы отандық жеткізушілер мұнай-газ операторларына  108,3 млрд теңгеге тауар сатты, бұл мұнайшылардың жылдық сатып алуларының барлық көлемінің 24,9%-ын құрады. Келесі жылы қазақстандық қамту үлесі 10 млрд теңгеге артып, 118,5 млрд теңге немесе 28,8% құрады. Ал 2018 жылы мұнай өндіруші компанияларға қазақстандық тауарлар жеткізу тағы 22 млрд теңгеге өсіп, 142,4 млрд теңге немесе 29,6% құрады.

Көрсеткіш Көлемі, млрд теңгемен
  2016 ж. 2017 ж. 2018 ж.
Тауар сатып алудың барлығы 434,2 412 480,8
Соның ішінде ҚҚ 108,3 118,5 142,4
ҚҚ үлесі 24,9% 28,8% 29,6%

Қазақстан мұнай сервисі компаниялары одағының деректері бойынша, анағұрлым сұранысқа ие тауарлар санатына құбырлар, химиялық өнімдер, жанар-жағар май материалдары, электр энергиясы және т.б. кіреді.

Аталған кезең ішінде мұнай өндіруші компаниялар барлығы 1,3 трлн теңгеге тауар сатып алды.

Сатып алу көлемі бойынша Топ-10 тауар позициясы, млрд теңгемен

Сегмент Сатып алу көлемі ҚҚ ҚҚ үлесі
1 Құбырлар 286,4 45,9 16%
2 Химиялық өнімдер 227,6 93,4 41%
3 ЖЖМ 125 67,9 54%
4 Ысырмалар, клапандар, шүмектер 88,3 5,4 6%
5 Электрэнергиясы 81,2 78,4 96%
6 Сорғылар 79,2 19,6 25%
7 Генераторлар, компрессорлар 77,6 1 1%
8 Кабель өнімдері 50,9 3,3 7%
9 Ұңғыма жабдықтары 38,8 0,9 3%
10 Құрылыс материалдары 33,6 15,1 45%

Бұл ретте тауар позицияларының көбісінде қазақстандық қамту (ҚҚ) деңгейі сатып алудың жалпы көлемінің жартысына да жетпейді.

«Электр энергиясы мен табиғи газдың 100%-ға жуық қазақстанда өндірілген болуышикізаттың басымдығын көрсетеді», – деп атап көрсетеді сарапшылар.

Атап айтқанда, мұнай-газ компаниялары сатып алған қазақстандық тауарлардың ең көбі электр энергиясы – 78,4 млрд теңге немесе сатылып алынған өнімдердің жалпы көлемінің 96%-ы. Екінші орында табиғи газ: қазақстандық қамту үлесі – 92%, сомасы – 17,5 млрд теңге, ал үшінші орында – ЖЖМ: 54% немесе 67,9 млрд теңге жергілікті қамту.

ҚҚ үлесі ең үлкен топ-10 тауар, млрд теңгемен

Сегмент Ққ үлесі ҚҚ сатып алуы Сатып алудың барлығы
1 Электрэнергиясы 96% 78,4 81,2
2 Табиғи газ 92% 17,5 18,9
3 ЖЖМ 54% 67,9 125
4 Ырғалғыш білдек 45% 2,5 5,5
5 Құрылыс  материалдары 45% 15,1 33,6
6 Трансформаторлар 42% 2,4 5,8
7 Химиялық өнімдер 41% 93,4 227,6
8 Сорғылар 25% 19,6 79,2
9 ЖҚҚ 24% 3,9 16,6
10 Арнайы техника 22% 2,7 12,1

Ал мұнай-газ саласында қолданылатын жоғары технологиялық өнімдер, бәз-баяғыша, шетелден әкелінеді.

Мысалы, ұңғыма жабдықтары 38,8 млрд теңгеге сатылып алынды, ал қазақстандық өнімдердің үлесі небәрі 2,5% немесе 987 млн теңге құрады. АТ-өнімдерді жер қойнауын пайдаланушылар барлығы 27,5 млрд теңгеге, ал осыған ұқсас қазақстандық тауарларды 34 млн теңгеге сатып алды.

ҚҚ үлесі ең төмен топ-10 тауар, млрд теңгемен

Сегмент ҚҚ үлесі ҚҚ сатып алу Сатып алулардың барлығы
1 Мобильдік ғимараттар 0% 0 6
2 АТ өнімдері 0,12% 0,034 27,5
3 Жиілікті түрлендіргіш 0,63% 0,034 5,3
4 Электр жабдықтары 0,78% 0,117 14,9
5 Қашау 0,79% 0,055 6,9
6 Дроссель жапқыштар 1,16% 0,063 5,4
7 Генераторлар, компрессорлар 1,33% 1 77,6
8 Метбұйым өнімдері 1,42% 0,101 7,1
9 Жөндеу жынтықтары 2,21% 0,427 19,3
10 Ұңғыма жабдықтары 2,54% 0,987 38,8