«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында пайданы ұлғайтуына не көмектесті

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді хабарлады. Есепті кезең ішіндегі ҚМГ таза пайдасы 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 73%-ға артты.

Қаржылық көрсеткіштер

Компания сайтында жарияланған деректер бойынша, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ҚМГ табысы 3,4 трлн теңгеден немесе  $8,9 млрд сомадан асты, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 1,4% жоғары.

«Табыс серпініне негізгі оң ықпалды газды экспортқа өткізу көлемінің ұлғаюы және теңгенің АҚШ долларына қарағанда әлсіреуі көрсетті», – деп аталып көрсетілген компанияның хабарламасында.

Қазақстандық газды Қытайға экспорттау $896 млн құрап, 47%-ға дерлік артты.

Бұл ретте компания өнімдерінің өзіндік құны $6,6 млрд-тан астам сома құрады, бұл 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,9 %-ға төмен.

«Төмендеу Брент маркалы мұнайға орташа бағаның құлдырауымен байланысты болды, сатылып алынатын газ көлемдерінің өсуімен және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуімен бұның орны жартылай толтырылды»,  – деп түсіндіреді компания.

KMG International (KMG I) компаниясының мұнай сатып алуға жұмсалған шығындарының сомасы 49,3%-ға төмендеп, $530 млн құрады. «ҚазТрансГаз» АҚ газ сатып алуға жұмсалған шығындары 23,1%-ға —  $519 млн сомаға дейін ұлғайды.

Жалпы алғанда, компанияның есептік кезең ішіндегі таза пайдасы 2018 жылдың біріші жартыжылдығымен салыстырғанда 73%-ға өсіп, 622 млрд теңге немесе $1,6 млрд-тан аса соманы құрады.

Бұл ретте, салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша төлемдер 16,1%-ға өсіп, 731 млрд теңге немесе $1,9 млрд-тан аса соманы құрады.

Сонымен бірге, күрделі жұмсалымдар 5,8%-ға төмендеп, 167  млрд теңге немесе $440 млн құрады, бұл «қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың аяқталуымен» байланысты.

ҚМГ жалпы борышы 2018 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда  2019 жылғы 30 маусым бойынша 3,8%-ға төмендеп, 4 трлн теңгеге жуық немесе $10,5 миллиардқа жуық соманы құрады.

Өндіру және өндіріс

2019 жылдың бірінш жартыжылдығында ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11,7 млн тонна мұнайдан асты, бұл 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 0,5%-ға төмен. Ілеспе және табиғи газ өндірісінің көлемі 4,1 млрд текше метрге дейін 1%-ға жуық  өсті.

Бұл ретте, компанияның деректері бойынша Қашаған кен орнында бірінші жартыжылдық ішінде мұнай өндіру 5,7 млн тоннаға жуық немесе тәулігіне 250 мың баррель  мұнай құрап, 7,6%-ға төмендеді. Өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 472 мың тонна мұнай және 278 млн текше м газ құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштерден тиісінше 7,6% және 6,3% төмен.

«Мұнай өндіру көлемінің азаюы жерүсті және теңіз кешендеріндегі жоспарлық күрделі жөндеулермен, 2019 жылғы 14 сәуір – 19 мамыр кезеңінде өндірістің толық тоқтатылуымен  байланысты», – деп түсіндірді ҚМГ.

Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көлемі ҚМГ үлесіне  535 мың тонна құрап, 5,4%-ға азайды. Газ өндіру  982 млн текше метрге жетті, бұл 2018 жылғы бірінші жартыжылдық көрсеткішінен 0,5%-ға төмен. Атап көрсетілгендей, «мұнай және газ конденсатын өндірудің төмендеуі газ факторының ұлғаюымен және ұңғымалардың суланғандығымен байланысты».

 Теңізде мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 2,9 млн тоннадан асты, бұл 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы көрсеткішінен 1,5 % жоғары. Ал газ өндіру 1,3% ұлғайып, 1,6 млрд текше м құрады.

Операциялық активтер (еншілес және бірлескен кәсіпорынар) өндірулеріндегі ҚМГ үлесі 0,5%-ға 7,7 млн тоннаға дейін азайды.

«Операциялық активтердегі өндіру көлемдерінің төмендеуі негізінен өндіру деңгейінің табиғи құлдырауының өсуімен шартталған», – делінеді хабарламада.

Сонымен бірге, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ 11,6 млн тоннадан аса мұнай мен газ конденсатын, соның ішінде 8,2 млн тоннадан асасын – экспортқа өткізді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,5% жоғары. 

Ішкі нарыққа мұнай өңдеу зауыттарына 1,6 млн тонна көлеміндегі шикі мұнай жеткізілімін қоса, мұнай өнімдерін одан әрі өткізу үшін 13,4 млн тоннадай жеткізілді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 10 млн-ға жуық тонна құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 1,7% көп.

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында 6,6 млн тонна өңделді, бұл 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1,8% көп.

Олардың ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында 2,7 млн тоннаға жуық мұнай,  Павлодар мұнай өңдеу зауытында – 2,5 млн тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ҚМГ үлесі 50%) – 1,3 млн тонна, Caspi Bitum  (ҚМГ үлесі 50%) – 181 мың тонна өңделді. KMGI зауыттарында өңдеу  3,3 млн тоннадан асты.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 1,6% өсті және 9,3 млн тонна құраы.

Олардың ішінде Қазақстандағы мұнай өндіру зауыттарында 1,5 млн тоннадан аса бензин, 2 млн тоннаға жуық дизельдік отын, 231 мың тонна авиаотын және 2,3 млн тоннадан аса басқа мұнай өнімдері өндірілді.

KMGI зауыттарында мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 3,2 млн тоннаға жетті. Олардың ішінде – 802 мың тонна бензин, 1,4 млн тоннадан аса дизельдік отын, 200 мың тонна авиаотын және 816 мың тонна өзге мұнай өнімдері.

Мұнайды жәнегазды тасымалдау

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ мұнай тасымалдауы өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 5% ұлғайды және 38,9 млн-нан аса тонна құрады.

Мұнай тасымалдау көлемінің негізгі өсуі«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК (ҚТКФ) жүзеге асыратын теңізбен тасымалдау көрсеткіштерінің ұлғаюына келеді. Кәсіпорын 5,4 млн тоннадан аса мұнай тасыды, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегіден 59,3% көп.

Өсудің себебі 2018 жылдың аяғында ҚТКФ, ҚМГ және KMG I арасында жасасылған жеткізу және тасымалдау туралы келісім бойынша Жерорта теңізімен және Қара теңізбен мұнай тасымалдау көлемдерінің ұлғаюы болды.

Мұнай тасымалдаудың көлемдерін Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырынан Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырына қайта бөлу «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) мұнай тасымалдау көлемдерінің 4,6%-ға 180 мың тонна мөлшерде артуына және «МұнайТас» СБКК» ЖШС (МТ) мұнай тасымалдауының 17,6%-ға 190 мың тонна мөлшерінде азаюына ықпал етті.

Үшінші тараптар өндіруінің азаюы себепті жүк жөнелтушілердің «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО)  мұнай құбырлары жүйесіне мұнай тапсыруының төмендеуіне байланысты, ҚТО мұнай тасымалдау  көлемдері 1%-ға 299 мың тонна мөлшеріне азайды.

ҚМГ магистралдық газ құбырымен газ тасымалдау көлемі 50,1 млрд текше м құрап, 8,7%-ға төмендеді. Магистралды газ құбырларымен газ тасымалдаудың жалпы көлемінің азаюы негізінен «Газпром» ЖАҚ-ның ресейлік газ ағындарын қайта бөлуі себепті және Өзбекстаннан және Түрікменстаннан Қытайға газ жеткізілімдерінің төмендеуі себепті газ транзитінің төмендеуімен байланысты.

Қытайға газ тасымалдау экспорттық көлемдерінің артуы Теңізден Ресейге экспортталатын көлемдердің төмендеуінің орнын толтырды.

Фото сурет: emba.kz