Әлемдегі ең таңдаулы компанияларға таныссыз және ақшасыз жұмысқа қалай тұруға болады

«Мен қазақтың жігіттері мен қыздары таныссыз ешнәрсеге қол жеткізе алмайсың деп ойламаса деймін. Сенер ешкімің жоқ екендігін біліп тұрсаң, басқалайдың ойына да кіріп-шықпайтын істерді атқаруға болады»,  – дейді ірі халықаралық компаниямен алғашқы келісімшартына 20 жасындадщакұғеү,ғұңұң қол қойған мұнайшы инженер Ғалия Садықова.

Бәрінен «жаман»

–  Мен КБТУ-ға мұнайшы мамандығы бойынша оқуға барғанымда ата-анам да, жолдастарым да Қазақстанда қыз инженерлердің қолынан келетіні шамалы деді, – деп әңгімеледі Ғалия. – Менің курстастарымның көбі үшін (ал олар негізінен республикамыздың батыс өңірінен келгендер) жлы орындар алдын ала дайындалып та қойылған болатын. Олардың тек диплом алулары ғана қалды. Ал мен өз қаламда болғаныммен,  курста өзімді бөтен, бұл ортаға кездейсоқтап болғандай сезінетінмін, өйткені менің туыстарымның арасында мұнайшылар жоқ еді.

Ағылшын тілінде оқытылатын мұнай және газ факультетінде грант мүлде берлімейтін. Кейбір стуенттердің компаниялармен жасасқан келісімшарттары болды, оқудың ақшасын солар төлп отырды. Маған бұндай ұсыныс ешкімнен түскен жоқ. Мен бұл жақсы да болды ойлаймын: келісімшартты жұмыспен өтеу керек қой. Екінші курстан бастап менің оқу ақшасын төлеуіме басқа мүмкіндік пайда болды. Түрлі компаниялар курсымыздан алдыңғы қатардағы 10-15 студентті іріктеп алып, олардың оқу ақысының 50 -90%-ын төлейді. Мұндай демеушілік жәрдем менің қатардағы қызметкер ата-анамның жағдайын айтарлықтай жеңілдетті: папам – университетте сабақ берді, ал маман – сақтандыру компаниясында жұмыс істейді. 

Бала кезімнен бастап менің өзімді-өзім бағалауым өте төмен, ал амбициям аса жоғары. Көп нәрсеге қол жеткізгім келеді, бірақ бұған әлі де дайындығым жеткіліксіз сияқты болады да тұрады. Осы ой университетте оқыған бүкіл төрт жыл бойы соңымнан қалмады. Маған жұрттың барлығы бәрін әлдеқашан біліп қойған, тек мен ғана ең соңына қарай бір тұста сүйретіліп келетін сияқты болып көрінетін. Сонықтан менің жұмс табуым қиын болады. Қатарға қосылуым үшін және ата-анамның сенімінен шығуым үшін белсендірек қимылдап, өзім әрекеттенуім кеерк болды. Сондықтан мен ешқашан әлдекімдермен байланысқа шығудан, барлығы ұнатпай бас тартып жатқан жерде тәжірибеден өтуден еш қорыққан емеспін. Мен үшін басқа нұсқалардың болмайтындығын жақсы түсіндім. Курстастарымының түгелінің бірдей өмірлері туралы біле бермеймін, бірақ олардың көбісі мұнайдан шет кеткендері маған белгілі. Ал менің жаныма біртүрлі жағымды болып шықты, мен осы салада жұмыс істеп қалдым. Ал теңіз – бұл енді үлкен бонус! Мұндай жұмысты армандап та көрмеген едім.

– Ал менен басқалардың бәрінің қолынан келеді деген сенімсіздік сізге қайдан келді?

– Мен курстастарымның барлығынан екі жас кішімін. Анам мектепке дейін-ақ маған жазуды, санауды, оқуды, көбейтуді үйретіп қойды, сосын мен бірден екінші сыныпқа қабылдандым. Бірақ 6 және 8 жастағы балалардың арасындағы айырмашылық – өте үлкен. Сыныптастарым үшін мен өте кішкентай болып көріндім. Олар мені пайызторғай деп атайтын, қанша бестік алсам да, оларға жақындауыма көмектеспеді, мен қашан да сыныптан алшақтау тұрдым.

3 сыныпта оқып жүрген жылы бірде мектептен жылап келіп, душ астына тұрғаным есімде. Анам жуынатын бөлмеге «не болды?» деп жүгіріп келді. «Менімен ешкімнің дос болғысы келмейді!» Жоқ, достарым болды, бірақ іште мен өзімді басқаша сезінетінмін.

Ата-анам келесі күні мектепке келіп, бүкіл сыныптың алдында менің қандай жақсы, кең пейілді және ақылды бала екендігімді айттып берді. «Бұл 4 жасынан бастап аяқ киімінің бауын өзі байлай алатын!» –  деп мақтанды мамам. – «Ғалиямен дос болыңдар!».

Қазір бұл күлкілі болып көрінеді, ал сол кезде маған шынымен де қиын болды.

– Сіз өзіңіздің бірінші шетелдік компанияңызға қалай шықтыңыз?

– Жұмыс істеуге келісімшартқа мен диплом қорғауға дейін-ақ қол қойғанмын. Жекелеген компаниялардың студенттер алып, сосын оларды өздері оқыту үшін әр елдерден бірнеше жоғары оқу орнын назарларында ұстайтындығы  (Қазақстанда КБТУ, Сәтпаев атындағы техникалық университет және Назарбаев университет) мен үшін үлкен сәттілік болды.

Түйіндемемді бірінші компанияма жіберген кезімде, рекрутер сұхбаттың скайп арқылы өтетіндігін ескертті, бірақ қашан және қандай тақырыпта болатындығынайтқан жоқ. Мен тек сейсмикалық инженер орнына адам керектігін ғана білдім.

Оқу бітірердің алдында біз отбасымызбен Араб Әмірліктеріне демалуға бардық. Дәл осы уақытта «Сізде ертең сұхбаттасу болады» деген хат келді. Ал Араб Әмірліктерінде бәрі де бұғатталған, скайпты қолдануға болмайды! Мен интернетке қолжетімділігім шектеулі деп жаздым да, «Не істеуге болар екен?»»деп сұрадым. – «Сіздің БАӘ-де екенідігіңіз тамаша, – деп жауап берді ықтимал жұмыс берушілер. – Міне, Әмірліктердегі компанияның кеңсесі». Бұл әңгіме кешкісін өте кеш уақытта өткен еді. Мен түні бойы өзімнің жазбаларымды оқыдым, интернеттен ақпарат іздедім. Ертеңіне тамақтанбастан, отельден жолға шықтым- басқа Әмірліктерге көлікпен екі сағат жүру керек еді. Компанияның кеңсесіне күнге күйіп, мұрын терім түскен қалпыммен, үстімде ең ресми деген киімім – қызғылт шорты мен ақ футболкамды киіп келдім. Сұхбаттасу техникалық, атап айтқанда – электр техникасынан болды. Ең оңайынан бастады: тура және айнымалы ток дегеніміз не? Ұғынықсыз бірдемелер айттым. Олар бір-біріне қаражы.

«Розеткаға екі спицаны тыққанда, неліктен ток соғады да, ал батареяны екі жағынан ұстағанда –  соқпайда?» деп сұрағанда, өтірік те ештеңе айта аламадым.

Келесі сұрақ : «Сен компьютерді қосасың, ал монитор жанбайда деп елестет. Не істейсің?»  болды.- «Қайта жүктеймін». – «Ал ол бәрі бір жұмыс істемейді». – «Шеберді шақырамын». – «Телефон жоқ. Сен оны шақыра алмайсың». – «Басқа компьютерден қандай да бір форумға енемін де, мұндай жағдайларда адамдардың не істейтіндіктерін оқып аламын».

-«Бірақ басқа компьютер де жоқ. Ал сен істемей қалған компьютерді бұзып қарар ма едің?» – «Жоқ, әрине! Мен сосын оны қайтадан құрастыра алмаймын ғой».

Сұхбат алушылар: «Сенің мобильді телефоның су кіретін, ал саған бассейнде фотоға түсіруің керек. Не істейсің?» Телефонымды пластик пакетке саламын деп жауап бердім. «Оk, – де «ді, – сен су астындасың, бірақ пакетің тесіліп қалды. Әрекеттерің қандай? Оны саусағыммен басып жабамын». Сосын мен шыдамай кеттім: «Менен сіздерге не керек? Мен инженер-электрик емеспін. Менің қолымнан ештеңе келмейді,  бірақ мені үйретіңіздер, сона мен бәрін істейтін боламын».

Осы сөзім мені құтқарып кетті. Кейін сұхбатты жүргізген менеджерлердің бірі үміткерлердің ішіндегі бір нәрсеге үйретуді өтінген мен жалғыз болғандығымды айтты. Мен сұхбаттан шындығындаөтпей тұрсам да, мені жұмысқа алу шешімі ауытқусыз қабылданды. Бірақ мен мұны кейін білдім, ал кетіп бара жатқанымда, сұхбат алушылардың жүзінде: «Өміріміздің білдей бір сағатын осыған неге кетіру керек болды?!» дегенді көрдім.

Біз Қазақстанға оралдық, диплом қорғайтын күн жақындап қалды. Мен ең сорақыға – аялдамада сатушы болып ұмыс істеуге дайындала бастады.

Бір күні таңертең поштаны ашсам, онда жұмыс ұсынған хат жатыр! Бұл күтпеген жерден болды! Папам (мен оған ең бірінші телефон шалдым) қуанып: «Бақытты бол, құлыным. Бәрі де жақсы болады», – деді. Мамам: «Кім болып, қайда, жұмыс кестесі қандай?» – деп құнттады да, сосын: «Жоқ» деді. «Жоқ деген не?» – «Сен бармайсың. Бұл қауіпті. Басқа жұмыс тап». Бұл 20 жасар қызы теңіздер мен мұхиттарда ер адамдар ұжымында жұмыс істеу үшін планетаның басқа бір түкпіріне кетіп бара жатқан кез келген ананың қалыпты реакциясы деп ойлаймын. Бірақ мен өзім үшін бәрін де шешіп қойған едім.

Рекрутер  іс жүзінде бәрінің қалай болғандығын маған айтып берді. Қазақстаннан көптеген қыздар сұбаттасудан өтіпті. Мені таңдап алуға сұхбаттан басқа, басқа компанияларда жұмыс істеген тәжірибем мен менің ол жерлерде кез келген жұмысқа дайын екендігімді көрсеткендігім  шешуші рол  атқарыпты – – қол астында дайын тұрып, кейде ұйқым қанбады, кейде тамағым тоқ болмады, кейде достарыммен кездесулерге бармай қалдым… Бірақ менің ауыр еңбегім еленбей қалмапты.  Осылай мен 20 жасымда, дипломымда әоі қорғамай тұрып, ірі халықаралық мұнай компаниясымен келісімшартқа қол қойдым.

Компания мені бірден жіберген техникалық мектепті бітіргеннен кейін, екі жыл бойы мұнай іздеп теңіздерді шарладым, сосын компанияда трансформация басталғанда, мені басқа сегментке – Қазақстанға бұрғылау мұнараларына жіберді. Бірақ бұл жерде, компания  бір, ал команда – супер болғанымен, мен мүлде басқа жағдайда жұмыс істеуге тап болдым. Корабльде мен палубада жұмыс істесем, ең дегенде теңіз суына шыланар едім. Ал қазақстандық жағдайда қысым да жоғары, күкіртсутек, радиация, оның үстіне жалақы да бірнеше есе төмен… МҰНДАЙ ЖАҒДАЙҒА шыдайтын, жоқ, шыдайтын емес, мұндай жағдайда өмір сүре алатын қыздардың бар екендігі сөзсіз. Оларға бас иемін және құрметімді білдіремін! Біреулер бәріне де қанағаттанады, ал енді біреулер салыстыратындай басқа ештіңі көрген жоқ, бірақ шетелде екі жыл жұмыс істегеннен кейін, менің салыстыратындай жағдайым бар. Сондықтан кемшіліктер басып кеткен кезде, мен жұмыстан шығуға шешім қабылдадым. 

Астанадағы бір компанияда сатып алу жөніндегі жетекші менеджер болып жұмыс істеп көрдім. Бұл – үлкен жауапкершілік болды, мен бар күшіммен талпындым, бірақ кеңсе тіршілігі – оның әдет-ғұрыптары мен этикеті–мен үшін мүлдем басқа әлем болды. Маған бастығым төрт рет келіп, хаттарды жаза алмайтынымды ескертті. Сөйтсем, алдымен адресаттың қандай құрметті адам екендігі туралы «50 жолдан тұратын» бүркеме сөзбасын жазу керек екен. Және соңында бір-екі жолақпен хаттың мәнісін түсіндіру керек. Осы екі ай мен үшін өмірімдегі ең «ерсі» кезең болды. Ал қазір, басқа компанияның шақыруымен кемеге қайтып оралған кезімде, әртүрлі елдерге көптеген хаттар жазамын –біздің жобаларымыз бүкіл әлем бойынша жүреді. Бірақ мұнда талаптар керісінше: хаттар қысқа болуы тиіс, өйткені шешімді аса жылдам қабылдау керек, ал сыпайылық танытып жатуға және оны екінші тараптың оқып жатуына уақыт болмайды. Қазақстанда артық сөздер үдерісті қиындата түсетінін білмейді деп ойламаймын, бірақ әйтсе де адамдар қысқа іскерлік хатты жақтыра бермейді немесе өзіне хатты «жақсылап» жазбағаныңды айтып, кері пікірін білдіріп жатады. Мен өзіме айтылған сындарды қабылдадым, әйтсе де маған бұл өте ауыр тиетін. Барлығы маған қарсы тұрғандай көріндіжәне мен өзімді бәрінен нашар адам ретінде сезіндім.

Ай және жұлдыздар

– Ал сіз өз келешегіңізді қалай елестетесіз? Бүкіл әлем бойынша мұнай іздей отырып теңіздерді шарлай бересіз бе?

– Олай болмайтын шығар. Әр кезде жаңа жерлер мен жаңа адамдар болса, – жұмыс та көңілдірек болады. Бұл – керемет, қызықты және келешегі мол, бірақ мен өзімді басқа салаларда да байқап көргім келеді. Мысалы, консалтингілік кеңесші немесе бизнес-талдаушы ретінде. Өзімді IT-инженер ретінде де байқап көргім келеді, және де мен осы бағытта ептеп әрекет етудемін: техника жылдамырақ жұмыс істеуі үшінқай кабельді қосқан дұрыс екенін білуге және бағдарламалауды үйренуге талпынамын. Менің сол бір алғашқы сұхбатымда электр техникасы туралы неліктен көп сұрақтар қойылды дейсіз? Өйткені кемеде серверлер мен компьютерлер көп. Олар істен шығуы мүмкін, бірақ шеберді шақыру мүмкін бола бермейді және сен тек өз күшіңмен мәселені ақырына дейін шешетініңдіжұмыскердің өкілдерініңбілгені маңызды болады.

Өмір емес, романтика.

– Романтика да шығар, бірақ қазір өзім жұмыс істеп жүрген Норвегиядашілде айында қар мен бұршақ жауып кетуі мүмкін. Мен палубада футболист інімнің термиялық іш киімін киіп жүремін (үйден шығып бара жатқан кезде соңғы сәтте ала кеткенім дұрыс болған екен). Немесе мынадай жағдай болады: толқындар 7-8 метр биіктікке көтерілген кезде, тіпті әккі теңізшілер де өзін нашар сезінеді. Бәрінің басы ауырып, жүрегі айниды және жұмыс толығымен тоқтап қалады, бұл – қауіпті.

Бірақ мен өз жұмысымды жақсы көремін. Менің мұнда келіп түсуім – айдың айналасындағы жұлдыздарға баруды армандап (айға жету қайда!),кенеттен оған келіп түскенім секілді. Университетте біз жер үстінде және теңізде кен орындарынан кен қазып шығаруды өткен болатынмыз. Бірақ мен ол кезде интернационалдық командамен толық қауіпсіздікте теңіздерде саяхаттау мүмкін екенін еслестете де алмаппын. Әрине, бұл туралы іштей армандағаныммен, дауыстап айтуға батылым жетпейтін. Мен жай ғана талпына бердім. Содан мен осы жерге тап болдым!

Сіздің23 жасыңызерте жас па, жоқ әлде кеш жас па?

 – Менің 23 жасым – кеш жас. Менің құрдастарымның көбісі отбасын құрған. Менің тұрмыс салтым жігіттердіүркітетін шығар. Қоғамдық орындарда танысқан кезде мен өзімді ландшафттық дизайнермін деп таныстырамын. «Әрине, бұл – күшті», – деп жымияды жігіттер. Ха-ха, хи-хи –және осыдан кейін сұрақтар қоймайды. Бірақ кейіннен мені әлеуметтік желілердегі достарының қатарына қосып, менің әлем бойынша саяхаттап жүрген немесе каска мен арнаулы жұмыс киім киіппалубада жүрген фотосуреттерімді көреді. Содан жаңа сұрақтар қояды: «Немене?! Сен құрылыста жұмыс істейсің бе? Жоқ әлде құтқарушысың ба?». Менің теңізші екенімді білген кезде, – есеңгіреп қалады, таңданады, содан кейін шағын сұхбат орын алады – мен ол жерге қалай тап болдым, кемеде қыздер көп пе, айлығым қандай, не жеймін, менің каютам қандай. Одан кейін үркіп қашады, немесе қыз баланың әр алты апта сайын әлемнің арғы жағында болғаны жақпайдыжәне сол сәттен бастап телефон қоңырауларына жауап бермейді.

Әзірге мені бұл аса қаймықтырмайды. Әрине, мен тұрмыс құрып, бала сүйгім келеді, бірақ бұған әлі дайын емес сияқтымын. Алдымен өзім дербес тұлға ретінде қалыптасқым келеді. Мозамбиктен келген әріптесім менің екі жылдан кейін тұрмысқа шығуды туралы жоспарымды білген кезде, 30 жасқа дейін бұл туралы ойламай-ақ қой деген кеңес берді. «Сен сондай жассың, бұл саған керек пе?». Ол 35 жаста және отбасын құруды енді қолға алайын деп жүр. Басқа әріптестерім менің барлық курстастарымның тұрмысқа шығып кеткенін білген кезде, қатты таңданады. Олардың басым көпшілігі үшін ерте тұрмыс құру –ақылға қонбайтын нәрсе. Олар біздің ел мұсылман елі болғандықтан, бұл жағдай – ата-ананың қысымымен жасалуда деген сенімде. Олар адамның дербес тұлға ретінде қалыптасуын бірінші кезекке қояды.

– Ал сіз өз келешегіңізді Қазақстанмен байланыстырасыз ба?

– Мен әзірге бұған сенімді жауап бере алмаймын. Мен Америкаға кетуді немесе Норвегияда қалуды ешқашан армандаған емеспін, бірақ әртүрлі елдерде өмір сүріп көргім келеді. Өзім болған көптеген жерлер жағымды әсер қалдырады. АҚШ та, Дания да, Англия да, Мексика да – керемет елдер, бірақ Қазақстан әрдайым бәрінен жоғары тұрады. Мен осында туылдым, мұнда менің достарым, белгілі бір әлеуметтік жағдайым бар және туыстарым маған әрдайым қолдау көрсететінін білемін. Сонымен қатар, бізде өмір сүру деңгейі жақсы. Біздегі салықтар норвегиялықтар мен американдықтардың төлейтін салықтарымен салыстырғанда өте төмен. Бізде өмір сүру салыстырмалы түрде арзан деуге болады.

–  Сіз республикамыздың батысында жұмыс істеуге тырысқан екенсіз, бірақ онда денсаулыққа қауіпті жағдайлардан басқа, Сізге қай жері жақпады?

– Қызметкерлердің өзін-өзі төмен бағалауы. Мұнда жұмыспен байланысты мәселелердің қалай шешілетініне таң қаламын. Өзім осыған дейін жұмыс істеген департаментте жұмыс тіршілігінің кейбір тұстарына мүлдем басқаша қарайтын еді. Егер аса төтенше жағдайларға қатысты болмаса, адамды дем алып жатқан вахта кезінде үйден ешбір жағдайда шақыртып алмайды. Ал егер де бұл орын алатын болса, кешірім сөздеріне толы үлкен хат жібереді, бірақ қызметкер әрдайым жоқ деп айтуға құқылы болады. Ал Қазақстанда сен міндетті түрде бару керексің деуге болады. Менің танысым шаршап тұрғанын айтып, жоспардан тыс вахтаға шықпай қойған еді, басшылық бұны – жеке өкпе ретінде қабылдады. Ол туралы кері пікір туындады және басшылық бұны назарға алатын болады деді. 

Бір компанияда белгілі бір стандарттың болмауы – қалыпты жағдай, және бұған жұмыс жағдайларын қосыңыз. Мен жұмыс жағдайлары нашар дей алмаймын, бірақ оларды жақсарта түсуге болар еді. Үнемділік –асбтрактылы ұғым, бірақ ұсақ-түйектерден үнемдей беретін болса (мысалы, арнаулы жұмыс киімінен), бұл – жұмысқа деген ықыласты жояды. Кейде расында да ақша жетпейді ме деп ойлайсың? Бірақ шетелдік филиалдарда бұлай емес. Адамдар алдымен ашынуға тырысады, бірақ нәтижесінде, басшылықтың ойынан шығу үшін, барлығы дұрыс болғандай кейіп танытады. Бірақ олар барлық наразылықтарды шешу мүмкін емес деп ойлай бастайтын болса, кейбір жағдайларда бұның нәтижесі өте мүшкіл болуы мүмкін. Желіде жарияланған шетелдіктің қазақ қызымен бірге түскен фотосуретінен басталған еліміздің батысындағы жағдай аяқ астынан орын алмаған. Бұл – іште жиналып қалған наразылықтың, ескермеудің, құлақ аспаудың нәтижесі.

– Мектепті немесе университетті тәмамдаушыларға қандай кеңес берер едіңіз?

– Негізі, мен Қазақстанның әртүрлі университеттерінің түлектерімен әлеуметтік желілерде белсенді түрде хат жазысамын. Бір жігіт жуырда маған Қазақстандағы ең үлкен операторлық компанияда жұмыс істегісі келетінін, бірақ өкінішке орай шетелдік жоғары оқу орнындағы магистратурабілімінің жоқ екенін жазды (бұл – осындай компаниялардың жасырын қалауы). Мен оған өз күшін шетелде байқап көруге кеңес бердім, ал ол: «Бірақ менің тәжірибем жоқ қой» деп жасқанады. – «Мұнда тұрған не бар? Қорықпа, алғашқы қадамыңды жаса. Егер күмәндансаң, қолымнан келгенше көмектесемін» дедім. Мен расында көмектескім келеді. Мысалы, түйіндемесін редакциялау, сұхбаттан қалай дұрыс өту керектігін айтып беру, өз конспектілерімді жіберу, барлық сұрақтарға жауап беру арқылы.

Мен ҚБТУ-да екі рет және Назарбаев университетінде бір рет дәріс бердім.  Мен өз жігіттерімізге көмектессем, маған бұл шабыт береді. Менде мұндай мүмкіншіліктер аз болды. Бірнеше адамнан сұрағаныммен, соңына дейін ағынан жарылғандар аз болды, бірақ бұдан өттім және енді өзімнің шағын еңбек жолым туралы басқаларға айтып бергім келеді. Қазақстандық жігіттер мен қыздар таныссыз еш нәрсеге қол жеткізе алмайсың деп ойлағанын қаламаймын. Таныссыз сен одан да көп нәрсені жасай аласың. Ешкімге арқа сүйей алмайтыныңды сезсең, басқалар армандай алмайтын нәрселерге қол жеткізуіңе болады.

Мерей Сүгірбаева

exclusive.kz