2050 жылға қарай Қазақстан өзінің энергия тұтынуының жартысын баламалы көздер есебінен жабуға ниетті

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомствоның алдына келесідей мақсаттар қойылғанын мәлімдеді: электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергетиканың үлесін 2020 жылы 3%-ға дейін, 2025 жылы 6%-ға дейін және 2030 жылы 10%-ға дейін жеткізу, 2050 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне барлық жиынтық энергия тұтынудың кемінде жартысы келуі тиіс.

Шенеуніктің пікірінше, елдің жаңартылатын энергия көздері нарығында «айтарлықтай маңызды әлеуеті», сондай-ақ жақсы заңнамалық базасы бар.

Заңмен жаңартылатын көздер объектілерінен электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – Қаржы-есеп айырысу орталығымен 15 жылдық шарт бойынша аукциондыө тарифпен (теңгемен) кепілді сатып алу түріндегі қолдау, сондай-ақ нысанды электр желілеріне қосуды қамтамасыз ету шаралары белгіленген», – деп хабарлады министр.

Инвесторлар мынадай преференцияларды алады:

  • тарифтер жыл сайын инфляция мен доллар бағамының өзгеруі есебімен индекстеледі;
  • энергия өндірушілер электр энергиясын беруге энергия беруші ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуден босатылады;
  • Кәсіпкерлік кодекс аясында инвестициялық преференциялар беріледі.

Дамудың бастапқы кезеңінде тіркелген тарифтердің мұндай жүйесі «жасыл» энергия нарығын жылдам «іске қосуға» мүмкіндік берді. 2014 жылы қуаты 178 МВт болатын 26 жұмыс істеп тұрған нысан болды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде қуаты 1042 МВт болатын 87 нысан жұмыс істейтін болады.

Ағымдағы жылдың 9 айында өңдеу 1,65 млрд кВтс құрады, оның үлесі ішкі нарықтың 2,2%-ға жуығын құрайды. 2019 жылдың 9 айында ЖЭК объектілерімен электр энергиясын өндіруді ұлғайту 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ды құрайды.

Қуаттарды өсіру бойынша жоспарлы жұмыстың нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша жүйеде қуаты 1610 МВт болатын 108 нысан жұмыс істейтін болады, 2024 жылдың соңына қарай жаңартылатын энергия қуатының энергия жүйесінде кемінде 3000 МВт болатын болады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, «жасыл» энергия секторында әлемнің 10 елінен инвесторлар, сондай-ақ ЕҚДБ, АДБ, ҚДБ сияқты ірі қаржы ұйымдары жұмыс істейді.

«Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы алғашқы инвестициялық жоба ретінде Жамбыл облысындағы 100 МВт жел паркін – ЖЭК нысанын таңдады. Бұл мәміле ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Біз үшін жақсы белгі – «жасыл» энергосекторға инвесторлар ретінде Shell, Eni, Total сияқты ірі мұнай компаниялары келді, олар бәсекелестік күресте Қазсақстанда жобаларды жүзеге асыру құқығын жеңіп алды.

Осылайша, Есеп айырысу-қаржы орталығы жұмыс істеген сәттен бастап жаңартылатын энергетика секторына шамамен 406 млрд теңге тартылды және салынған нысандар 81 млрд теңге салық төлейді.

Сондай-ақ, нысандардың құрылысы кезінде қазақстандық инженерлер, құрылысшылар мен қосалқы қызметкерлер (әрбір объектіге шамамен 300-400 маман) тартылады және тұрақты жұмыс істейтін «жасыл» 975 (оның ішінде 834 ер адам мен 141 әйел адам) жұмыс орындары құрылды, олардың көпшілігі Қазақстанның шалғай аймақтарында орналасқан», деп хабарлады Бозымбаев.

Министр Республикада өткен жылдан бастап аукциондық механизм бойынша өтетін жобаларды іске асыру үшін іріктеу басталғанын айтты. Бұл соңғы тұтынушыларда энергияға тарифтерді біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, 2018-2019 жылдардағы сауда қорытындысы бойынша жел электр станцияларының электр энергиясына тарифтер 11%-ға, шағын су электр станцияларына 15%-ға, күн электр станцияларына 36%-ға төмендеді. Бұл ретте, жекелеген жобалар бойынша тарифтердің барынша төмендеуі күн үшін – 51%, жел және су үшін – 23% құрады.

Ведомствода атап өткендей, Қазақстанда «жасыл» энергия құнын және соңғы тұтынушылар тарифтеріне және ел экономикасына әсер ету дәрежесін төмендету бойынша елеулі әлеует бар. Бұл келесі мәселелерді шешу кезінде мүмкін болады:

  • жаңартылатын энергия көздерінің жобалары алдындағы төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда Үкімет тарапынан Қаржы-есеп айырысу орталығына қаржылық көмек беру;
  • электр энергиясын сатып алу келісім-шартының әрекет ету мерзімін 20 немесе 25 жылға дейін ұлғайту;
  • бейтарап аумақта халықаралық төрелік;