Ақтөбенің индустриалдық аймағында жұмсақ контейнерлер шығаратын цех ашылды

Ақтөбе облысында қазақстандық«FIBСKazakhstan» компаниясы жүк көтергіштігі 500-2000 кг, бір рет пайдаланылатынбиг-бэг жұмсақ контейнерлерін (БЖК) және сусыма жүктерді тасымалдау үшін вагондарға салынатын төсем шығаратын цех ашты.

Бір рет пайдаланылатын биг-бэгтер немесе жұмсақ контейнерлер жүк көтеретін ілмектерінің конструкциялары әртүрлі болатын үлкен берік қапшықтар болып табылады. Олар әртүрлі, соның ішінде цемент, құм, әртүрлі қоспалар, түйірленген пластик және т.б. сияқты материалдардың, өнімдердің және шикізаттардың түрлерін орау, тасымалдау, сақтау және түсіру үшін пайдаланылады.Вагон төсемдері күкірт,тыңайтқыш, бидай, құм және басқа үйінді жүктерді ашық жылжымалы құрамдарда тасу үшін пайдаланылады.

«Біздің кәсіпорын құрылғалы небәрі үш жыл ғана, біз екі тігін машинасынан бастадық және «Ақтөберентген» ғимаратынан орынжай жалдадық. Ақтөбе полимерлік фабрикасын салу бойынша жобаны табысты қорғадық, биг-бэгтер шығаруды, полипропилен матаның өзін дайындаудан бастап, дайын өнімге дейінгі өндірісті жолға қоюды жоспарлап отырмыз», – деді зауыттың директоры Ботагөз Тайбукенова.

Оның айтуынша, кәсіпорынға Ақтөбе индустриалды аймағынан инженерлік коммуникациялар тартылған екі гектар жер берілген. Компанияның өкілдері хабарлағандай, төрт кезеңмен іске асырылатын жобаның құны  1 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Құрылыстың бірінші кезеңінде 200 млн теңге игерілген, пішу және тігін цехтары ұйымдастырылған. Екінші кезеңде өндірістік цехты кеңейту, үшінші кезеңде – полипропиленэкструдерлеуге арналған цехтар салу және өз шикізаттық базасын дайындау және төртінші кезеңде – полипропилен экструдерлеуге арналған жабдықтар сатып алу, жылына 1 млн БЖК өнімділігіне шығу қарастырылған.

«Бастапқыда біз маркетингтік талдауға бағдарландық, біздің өнімімізге сұраныстың көптігін, тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары бар екендігін анықтадық. Біз сапаға ерекше көңіл аударып отырмыз. Шикізат – ресейлік, оны әзірге Челябинск облысынан және Ярославльден әкеліп жатырмыз. Бүгінгі таңда «Теңізшевройл»  компаниясымен вагон төсемдерін жеткізуге келісімшарт жасастық», – деп ой бөлісті Ботагөз Тайбукенова.

Әзірге цех өз қуаттылығының 40%-мен ғана жұмыс істеуде, 17 өндірістік машинасы бар, оларда жылына 30 мың вагон төсемдері және 300 мың биг-бэг шығаруға болады. Қазіргі тағда 30 жұмыс орны құрылды.

Фото: facebook.com