2019 жылдың сәуір айында таныстырылымы болған Атырау МӨЗ-дің «Tazalyq» жобасы Жайық өзенінен алатын судың көлемін 30%-ға төмендетуге, ағынды суларды азайтуға және Атырау қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға уәде берді.
Табиғи ресурстар басқармасы 2019 жылдың соңында есеп берді: «Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігіндегі кәріздік сулар толы булану алаңын қалпына келтіру жобасын әзірлеу басталды (Тухлая балка). Жобаның құны: 193,264 млн. теңге. Тапсырыс беруші «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»». Мердігер (жобалаушы) «Құрылыс Эксперт Проект» ЖШС. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2019 жылдың желтоқсаны. Облыс әкімдігі мен зауыт басшылығы арасында жасалған меморандумға сәйкес, булану алаңын қалпына келтіру жұмыстарын 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда».
Бір күн бұрын, АМӨЗ-де өткен баспасөз туры аясында жоба менеджерлері барлық жұмыстар тек 2023 жылы аяқталады деп мәлімдеді. «Қазіргі уақытта жобаны әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды. Жергілікті атқарушы органдардың талқылауынан өтіп жатыр. Талқылау аяқталған соң құжаттарды мемлекеттік сараптамаға тапсырамыз. Содан кейін ЖАО-мен бірлесіп канал салу мен булану алаңдарын қалпына келтіруді бастаймыз. Мемлекеттік сараптамадан өту мерзімі – 2021 жылдың бірінші тоқсаны. Жоба 40-45 күн қаралады», – деп атап өтті «Tazalyq» жобасының технологы Әділбек Иманғалиев.
АМӨЗ Жайық өзенінен алатын суды айналым жүйелерін салқындатуға, сондай-ақ «мұнайды жуу» деп аталатын бастапқы өңдеуге жіберуге, содан кейін көлемі шамамен 500 м3/сағ сұйықтық механикалық, биологиялық тазартудан өтеді. Нәтижесінде 1 литрге 2 ммг аспайтын мұнай өнімдері бар су булану алаңына төгіледі. Шамамен жылына 4 миллион М3 су жасанды көлдерге ағызылады. «Tazalyq» жобасы булану өрістеріне тасталатын төгінділердің 50% азайтуға мүмкіндік береді. Ағынды суларды тазарту қондырғыларының құрылысы 3 учаскеге бөлінеді:
- жабық типті механикалық тазарту құрылыстарын салу(МОС);
- биологиялық тазалау қондырғыларын жаңғырту (БОС);
- булану алаңдарында дренаждық жүйелерді салу және булану алаңдарын қалпына келтіру (ПИ).
Сондай-ақ, жабық типті механикалық тазарту құрылыстарын салу мен биологиялық тазалау қондырғыларын жаңғырту жұмыстары талапқа сай ашық аспан астында жүзеге асуда.
Бұған дейін, жобаны таныстыру аясында тек тазарту қондырғыларының құрылысы 9 миллиард теңгеге жетуі мүмкін екендігі айтылған болатын. Оған қоса, булану алаңдарын рекультивациялау бойынша жұмсалатын қаражат шамамен 8 миллиард теңге болатын. Сол кезде АМӨЗ басшылығы жоба үшін үлгі ретінде Мәскеу МӨЗ инновациялық тазарту құрылыстарын таңдағанын мәлімдеді. Ол да Ресей астанасының іргесінде орналасқан. Мәскеу прототипі номиналды режимде 1400 м3/сағ. Салыстырмалы түрде қарасақ көлемі Атырау МӨЗ-ден үш есе көп. Демек, Атырауда жасалып жатқан жобаның құны Мәскеудегіден қарағанда аз. Экожобаға 9 млрд.рубль ($116 млн) инвестиция құйылды.
«Тухлая балка» аталып кеткен көлшікті кептіру және тазарту 2021 жылы басталады. 860 ГА жер учаскесін өз жауапкершілігіне алған АМӨЗ оны 4 бөлікке бөліп, кептіріп, топырақ үйіп, тырмалап, содан кейін биологиялық өнімді егеді. Осыдан кейін сарқынды сулар жаңа булану өрістеріне жіберіледі: «Мұнда барлық ағындар негізгі кәріз сорғы станциясына(ГКНС) бармайды. Ол жерде қалалық КТҚ-да жаңа булану алаңдары қарастырылған. Қала ағындарында да биологиялық тазарту құрылыстары болады. Олар, одан әрі жаңа булану алаңдарына жіберіледі. Ауданы 2000 ГА», – деп атап өтті «Tazalyq» ЖШС жобасының технологы Әділбек Иманғалиев.