Atyrau Energy Chalenge жеңімпаздары конкурсқа қатысу туралы өз ойларымен бөлісті

Petrocouncil.kz және Atyrau HUB, Society of Petroleum Engineers (SPE) – Мұнайшы инженерлер қоғамы және «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжімен бірлесіп ұйымдастырған бағдарламашылар байқауына 100-ден астам жұмыс ұсынылды. Бастаманы сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Атырау облысының әкімдігі және Astana HUB қолдады.

Саланы цифрландыру

«Атамекен» ҚР ҰКП мен «Kazenergy» қауымдастығы жанынан құрылған Petrocouncil.kz  Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес қазан айының басында бағдарламашылар байқауын өткізетіні туралы хабарлаған еді. Оның қатысушыларының алдына қауіпсіздік ережелерін ұстану, материалдарды сақтау және қоймалау процесстерін жеңілдету, қағаз құжат айналымын жіне өндірістік заттар интернетін қысқарту міндеттері қойылды. 

Байқауды Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) және «Теңізшевройл» ЖШС сынды ірі мұнай-газ операторлары, сондай-ақ Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі – Astana HUB қолдады. $10 мың көлеміндегі жүлде қорын Norsec Delta Projects (IT- қызметтер мен жабдықтарды жеткізуші), SITEK Caspian (мұнай-газ саласындағы электр аспаптарын жобалау, монтаждау және іске қосу-реттеу) және Ayacom (ақпараттық технологиялар және автоматтандыру) компаниялары бөлді.

«Atyrau Energy Challenge» байқауының мақсаты – Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін неғұрлым келешегі бар шешімдерді табу және енгізу болды, отандық әзірлеушілерді шетелдік баламалармен бәсекелесе алатын бірегей сандық өнімдерді жасауға ынталандыру болды.

«Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрландыру» атты дөңгелек үстел барысында Astana HUB атқарушы директоры Әділет Нұрғожин айтқандай, бүгінгі таңда республикада ІТ-саласының кадрлық әлеуетін дамыту міндеті тұр. Оның айтуынша, қазақстандықтарды ІТ-кәсіпкерлікке оқыту қажеттілігі бар.

Бұл ретте республикада мұнай-газ саласындағы тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемінің өсуі байқалады. Тек үш ірі оператор ТШО, НКОК және КПО өткен жылы ІТ-саласындағы сатып алуға шамамен $180 млн жұмсады, бұл көлем таяу бес жыл ішінде $500 млн-ға дейін ұлғаяды деп күтілуде, деді Petrocouncil.kz  Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің хатшысы Асылбек Жәкиев.

Жаңа идеялар

APEC PetroTechnic акт залында өткен «Atyrau Energy Chalenge»-дің Demo Day кезінде жарыстың ақтық кезеңіне іріктеуден өткен 10 қатысушы өз жұмыстарын ұсынды.

Бағдарламашылар мен web-мастерлер өздерінің әзірлемелерін көрсетуге және қазылар алқасы мүшелерінің білікті пікірін тыңдауға мүмкіндік алды, олардың қатарында ТШО цифрландыруды үйлестірушісі Бауыржан Қасенов, НКОК Ақпараттық технологиялар және ақпаратты басқару жөніндегі бас менеджері Иво Алберс, ҚР Энергетика министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаментінің директоры Алан Аралбаев болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орын және бас жүлде – $5 мың көлеміндегі сыйлықты «Naural Shield» компаниясының өкілі Сергей Ким алды.

Оның командасы қазылар алқасына НКОК компаниясы үшін техносфералық қауіпсіздік саласындағы процесті автоматтандыруға қабілетті «SAFE-R» карталарының мобильдік қосымшасын ұсынды. Қосымшаны іске қосу өтінім берудің жеделдігін арттыруға және ақауларды жою мерзімін қысқартуға көмектеседі.

Рetrocouncil.kz сұхбаттасушының айтуынша, «Naural Shield» компаниясы Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялар және IT-өнімдерді әзірлеу саласында жұмыс істейді. Негізгі бағыт – өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сондай-ақ техносфералық қауіпсіздік саласында үдерістерді автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. Қазіргі уақытта команда қолжетімділікті бақылау және есепке алу жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатыр.

«Бұл өте керемет конкурс болды, оны өткізу IT саласындағы цифрландыру мен шағын стартаптардың маңыздылығын атап өтті. Бұл алаңда көптеген мүдделі компаниялар, сондай-ақ талантты жас балалар жиналды. Конкурс ірі компаниялармен ынтымақтастық үшін көптеген перспективаларды ашты деп ойлаймын», – деді Сергей Ким және – «Біз қуатты таныстық желісін алдық, сондай-ақ алдағы уақытта осы компаниялармен ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, Atyrau Energy Challenge-ге қатысқаннан кейін көпшілігі «Naural Shield» қызметіне қызығушылық танытты.

Екінші орынды және $3 мың көлеміндегі сыйлықты Дармен Жолтай мен оның «InSight» командасы алды, онда бес дос бар, олар әр түрлі компанияларда жұмыс істейді, бірақ ортақ қызығушылығы бар, атап айтқанда жасанды интеллект жасау жұмысы, бұл SITEK Caspian компаниясынан тапсырмаларды таңдауға әсер етті.

Компания аппараттық жабдықтар (LIDAR) мен бағдарламалық қамтамасыз ету комбинациясының 2 міндетін қойды. Біріншісі – үй-жайдағы адамдардың санын визуализациялау, екіншісі – адамдарды, олардың бағыттарын анықтау үшін жеке бағдарламалық қамтамасыз етуді жазу.

«LIDAR-дың жұмыс істеу принципінің радардан үлкен айырмашылығы жоқ: сәуле көзінің бағытталған сәулесі мақсаттардан көрініс табады, көзге қайта оралады және жоғары сезімтал қабылдағышпен ауланады. Жауап беру уақыты мақсатқа дейінгі қашықтыққа тікелей пропорционалды», – деп түсіндірді petrocouncil.kz сұхбаттасы.

Байқау аясында әзірлеушілер өнімдердің демо-нұсқасын ұсынды.

Дармен Жолтай жасанды интеллект – биология немесе химия деген сияқты, бүкіл саланың атауы. Машиналық оқыту – бұл жасанды интеллекттің бөлімі, маңызды, бірақ жалғыз емес. Нейрондық желілер – соңғы уақытта танымал машиналық оқыту алгоритмдерінің бірі. Терең оқыту – нейрондық желілердің архитектурасы, оларды құру және оқыту тәсілдерінің бірі. Бұл ретте Data Science – деректерді талдау үшін статистикалық әдістерді қолдануға жататын жалпы термин. Деректер бойынша маманның жұмысы машиналық оқыту сияқты озық әдістерді пайдалануды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Сондай-ақ, дәстүрлі әдістер қолданылады, және міндеттер терең оқыту модельдерін құрудан деректерді сипаттау және визуализациялауға дейін түрленуі мүмкін.

«Бұл ретте бір деңгейдегі заттарды ғана салыстыруға болады, әйтпесе хаос болады, мысалы «не жақсы: сиыр немесе сүт?» деген сияқты. Шын мәнінде, барлық осы ұғымдар – технологиялардың кезең-кезеңімен дамуымен уақыт бойынша өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда «жасанды интеллектті» 2019 жылдың күзіндегі жағдай бойынша ғылыми қоғамдастық «машиналық оқыту», атап айтқанда «Deep Learning» деп анықтайды», – деп атап өтті маман.

Deep Learning алгоритмдері жақсы шешетін міндеттер – компьютерлік көру міндеттері: объектілерді тану және объектілерді сәйкестендіру. Дәл осы міндетті SITEK Caspian қойды.

«Әзірге біз компания ретінде ештеңе әзірлемедік, алайда команда мүшелері Data Science-пен байланысты, «Самұрық – Қазына» тобының компаниясында Біріктірілген Жоспарлау Жүйесін құрудан бастап «ақылды банкоматтарға» дейінгі әртүрлі жобаларға қатысты», – дейді Дармен Жолтай. 

Оның айтуынша, Atyrau Energy Challenge-ге қатысу жігіттерге өз компаниясын құруға серпін берді. SITEK Caspian-мен бірге әзірлеушілер одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.

НКОК үшін нақты уақытта қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған «AMANOS» мобильді қосымшасын әзірлеген Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің студенті Аружан Аманбаева және оның «Dream-Team» командасы үшінші орынды және $1,5 мың сыйақыны алды.

«Біз керемет үлкен кері байланыс алдық, НКОК, Ayacom сияқты компаниялардың өкілдерімен таныстық. 15 қарашадан бастап жобаларды енгізу басталады. Менторлардың тәжірибесі біздің жобамызды әрі қарай дамытуға көмектеседі деп ойлаймын», – деді Аружан Аманбаева және Ayacom компаниясы «Dream-Team» компаниясымен әрі қарай ынтымақтасуға және команда әзірлеген өнімді енгізуге ниетті екенін атап өтті.