«Atyrau Energy Challenge» қатысушылары APEC PetroTechnic колледжінде жобаларын тегін әзірлей алады

Оқу орнында «Atyrau Energy Challenge» Бірінші мұнай-газ хакатонының барлық қатысушылары үшін coworking space іске қосылды.  Компьютері немесе басқа да жұмыс жағдайы жоқ дарынды балалар APEC PetroTechnic халықаралық колледжінің жайлы бөлмелерін пайдалана алады және цифровизаторлар байқауына дайындықты жалғастыра алады. Мұнда қатысушылар APEC PetroTechnic нұсқаушылары болып табылатын мұнай-газ саласы мамандарының кеңестеріне, жергілікті кофеханадағы ерекше ұсыныстарға және қолайлы жұмыс үшін қажетті басқа да жайлылықтарға қол жеткізеді. Хакатонның қатысушылары қазірден осы ғимаратты пайдаланып жатыр.

APEC PetroTechnic базасында құрылған Atyrau HUB аймақтың айти мамандары үшін магнит, сондай-ақ Атырау облысындағы айти және стартап экожүйесінің даму орны болады. Atyrau HUB жасаушылары дәл осы жерде олар алдағы уақытта барлық мұнай-газ саласына ауқымды және барлық мұнай-газ саласын біртіндеп цифрландыруға мүмкіндік беретін жаңа шешімдер пайда болуы мүмкін екендігіне сенеді.

«Біз аймақтың талантты мамандары жиналатын және дамитын орынға айналғымыз келеді. Бүгінгі таңда біз осындай мамандардың Нұр-Сұлтан мен Алматыға кетуге мәжбүр екенін көріп отырмыз, өйткені бұл жерде оларға өз таланттарын дамытатын жер жоқ. Біздің міндетіміз – барлық талантты цифровизаторлардың дамуына тең және адал мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», – деді Atyrau Energy Challenge ұйымдастырушысы Раушан Найзабаева.

«Atyrau Energy Challenge» – бұл мұнай-газ саласындағы операциялық үрдістерді фасилитациялауға әсер ететін жаңа идеялардың пайда болуы мен дамуына түрткі болатын, бағдарламашылардың, әзірлеушілердің, web-мастерлердің марафоны. «Atyrau Energy Challenge» мақсаттары:

– Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін ең перспективалы шешімдерді табу және енгізуге көмектесу;

– Атырауда жергілікті контентті және сандық стартап-экожүйені әзірлеу;

– Көрші елдерден ғылыми қауымдастықтар мен стартаптарды тарту;

– Мұнай-газ саласына перспективалы стартаптарды, акселераторлар мен инвесторларды тарту.

Бірінші Atyrau Energy Challenge Society of Petroleum Engineers (SPE) мен Petrocouncil.kz («Атамекен» ҚР ҰКП және «Kazenergy» қауымдастығы), «APEC PetroTechnic» жоғары колледжімен бірлесіп, Энергетика министрлігінің, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің және Astana Hub қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бағдарламашылар байқауы бүкіл Қазақстаннан қатысушыларды мынадай мәселелерді шешуді іздеуге шақырады:

● Қауіпсіздік және экологиялық ережелерді сақтауды қамтамасыз ету

● Материалдарды қоймалау және сақтау процестерін фасилитациялау

● Қағаз құжат айналымын қысқарту

● Заттардың өнеркәсіптік интернет шешімдері

Tengizchevroil, NCOC, Norsec, Ayacom and Sitek Caspian компанияларымен айтылған мәселелердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ техникалық тапсырмалар мен қатысу ережелері http://atyrauhub.kz/ru/index.php. сайтында жарияланды. Міндетті шешу нәтижесі барынша жұмысқа қабілетті және тестілік режимде іске қосылған дайын өнімдер болады. «Atyrau Energy Challenge» қатысуға мұнай-газ саласында 3 айдан астам жұмыс тәжірибесі бар 16 жастан асқан қатысушылар жіберіледі. Қатысушылардың келіп түскен өтінімдерін қарау және іріктеу үшін ұйымдастырушы ТШО, ҚМГ, НКОК және ҚПО қызметкерлерінен, сондай-ақ басқа компаниялардан тартылған салалық сарапшылардан тұратын сараптамалық кеңес құрады.

Atyrau Energy Challenge миссиясы – ғылыми және инновациялық зерттеулерді ынталандыру, оларды коммерцияландыру және масштабтау, сондай-ақ елдің мұнай-газ жобаларында қазақстандық қамтуды дамыту. Басты міндеттердің бірі: Мұнай-газ саласы үшін сандық экожүйе құру. Мұнай-газ компаниялары, ғылыми қоғамдастық және стартаптар арасындағы серіктестік өзара іс-қимылды ұйымдастыру.