Atyrau Energy Challenge: IT-стартапты қалай дамытуға болады

Atyrau Energy Challenge 2019 «Neural Shield» жас компаниясы –  байқаудың жеңімпазы үшін болашаққа апаратын трамплинге айналды.

Atyrau Energy Challenge сияқты жобалар жас дарындарға әлеуетті тапсырыс берушілермен байланыс орнатуға және олардың өнімдері мен шешімдерін жарнамалауға көмектеседі.

Жарқын мысал ретінде 2019 жылдың қазан айында жұмысын бастаған «Neural Shield» бола алады. Үш адамнан тұратын компания қазірдің өзінде IT шешімдерін енгізіп, инновациялық жүйелерді жасауда.

Atyrau Energy Challenge-ге қатысуға және компанияны құруға дейін Сергей Ким басқаратын жас бағдарламашылар фриланспен айналысты, сайттар мен қосымшалар жасады. Қазір олар жасанды интеллект саласындағы жұмыстарға, атап айтқанда, машиналық оқытуға (machine learning) және жасанды нейрондық желілерге (neural network) бағытталған.

Олар өндірістегі адами факторды жоюмен айналысады. Қауіпсіздіктің бұзылуын анықтайтын нейрондық желілерге негізделген жүйені жасауда.

«Яғни, қауіпсіздік техникасындағы бұзушылықтарды барып және оны анықтаумен адам емес, машиналар айналысатын болады. Камералар бұзушылықтарды анықтап, оператордың пультіне сигнал жібеетін болады», – деді «Neural Shield» басшысы Сергей Ким.

Сондай-ақ, APEC негізінде сынақ режимінде, саусақ ізін оқу және бетті тану (facial recognition system) жүйесі әзірленген және енгізілген.

Жүйе жұмысшылардың жұмыс уақытының статистикасы мен есебін автоматты түрде жүргізеді, қауіпсіздікті арттырады және қызметтік кеңселерге бөтен адамдардың өтуін болдырмайды, адами фактор мен алаяқтық жағдайларын болдырмайды.

«Мысалы, RFID карталары жиі қолданылатын, қызметкерлер кеңсеге немесе ғимаратқа кіруге болатын БҚБЖ (бақылау және қолжетімділікті басқару жүйесі) бар. Мысалы, бұл картаны күзетшісіне тапсыруға болады, ол оны «ұрады» және қызметкер жұмыс орнында «болады». Бірақ адамның бетін ешкімге беруге болмайды», – деді компания басшысы.

Әзірлеушілер елдің орта және ірі кәсіпорындарында қауіпсіздік және басқару саласындағы өз шешімдерін жүзеге асыруға, сондай-ақ «ақылды қалаларды» (smart cities) құруға бағытталған.

Сергейдің айтуынша, мұндай IT жобаларды Қазақстанда жылжыту қиын. Бүгінде олар жарнамалауды қажет етеді.

Дәл осы жерде, мысалы, Atyrau Energy Challenge сияқты жобалар көмектеседі, олар әлеуетті тапсырыс берушілермен байланыс орнатуға және ірі компаниялармен ынтымақтастықтың келешегін ашуға мүмкіндік береді.

«Біз Facebook-те жарияланғаннан кейін байқауға қатысуды ұйғардық. Жеңіске жетем деп ойламадым. Atyrau Energy Challenge барысында біз көптеген таныстық орнаттық, байланыс жасадық. Мәселен, қазір біз АРЕС-пен ынтымақтастықтамыз», – деді С. Ким.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен бағдарламашылар қатыса алады. Олар қауіпсіздік пен экологиялық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін, материалдарды қоймалау және сақтау үдерістерін жеңілдететін, қағаз айналымын азайтуға, сондай-ақ өнеркәсіптік Интернетке арналған шешімдер жасауы керек. Ұйымдастырушылармен алған өтінімдерді қарастыру және таңдау үшін ТШО, ҚМГ, НКОК және КПО қызметкерлерінен, сондай-ақ тартылған басқа компаниялардың салалық сарапшыларынан тұратын сараптамалық кеңес құрылады.

2019 жылы байқауға қатысуға 100-ден астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 42 жоба іріктелді. Байқауға Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) және «Теңізшевройл» ЖШС сияқты ірі мұнай-газ операторлары, сондай-ақ Astana HUB – Қазақстанның астанасында Нұр Сұлтан қаласында орналасқан IT-стартаптардың халықаралық технопаркі қолдау көрсетті. 10 мың долларға жуық жүлде қорын Norsec Delta Projects (IT қызметтері мен жабдықтарын жеткізуші), SITEK Caspian (мұнай-газ саласындағы электр құрылғыларын жобалау, монтаждау және іске қосу) және Ayacom (ақпараттық технологиялар және автоматика) бөлді.