Атырау облысындағы оңалту орталығына арнайы жабдық сатып алынды

Жобаны «КҚК-Қ» Акционерлік қоғамы мен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры іске асырды. Жуырда ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі бас директордың орынбасары Қайыргелді Қабылдин «Жұлдызай» оңалту орталығында жұмыс сапарымен болып қайтты.

2020 жылдың наурыз айынан бастап «БОС» бағдарламалық-жаттығу
кешенінің арқасында тірек-қимыл аппараты Атырау облысындағы ерекше балалардың ем қабылдауына ықпал ететін болды. Аппарат, қимыл-қозғалысы бұзылған пациенттерге медициналық көмек көрсетеді.

Биологиялық кері байланыс әдісі адамның іс-қимыл функцияларын дамытуға жәрдемдеседі және оны объективті бақылаудағы жаттығу терапиясының нұсқасы ретінде қарастырған жөн.

«Жұлдызай» оңалту орталығы мамандарының айтуынша, «БОС» аспаптарының арқасында біркелкі жаттығулар балалар үшін қызықты ойын түріне айналуда. Айта кетейік! 2018 жылы Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұңғыш рет дарынды балалардың қатысуымен «Jas Tolqyn» байқауы өткен еді.

Атылмыш шарада «КТК – дарынды балаларға!» Жобасы аясында компания «Жұлдызай» қорының оңалту орталығымен ынтымақтастық орнатты. Заманауи және қымбат құрал-жабдықтарды жеткізу бойынша қайырымдылық бағдарламасы жемісті ынтымақтастықтың жалғасы және Атырау облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үлкен
сыйлық.

Мұндай «БОС» кешендер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының
медициналық орталықтарында бар, – деді «КТК-К» АҚ ҚР Үкіметімен
байланыс жөніндегі бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин.

«Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы Атырау қаласының № 7
қалалық емханасының ғимаратында орналасқан. Өткен жылдың өзінде онда 356 бала оңалтудан өтті. Науқастардың құрамында – 69% – ДЦП, 31% – түрлі даму ақаулары бар балалар. Атырау облысында оңалтуды қажет ететін 3 429 мүгедек бала тіркелген. Оның ішінде психоневрологиялық патологиясы бар – 2 503 бала.