Атырау облысында 90 адам мұнай-газ саласында қызмет ету үшін арнай білім алды

Әлемдік экономикалық форумның зерттеуінше 2015-2020 жылдары дағдыланған базалық жұмыс 35% дейін өзгермек. Компания басшыларының(52%) тең жартысы оны кәсіби мамандардың жетіспеуінен және бизнестің бәсеңдеуінен деп дабыл қағуда. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 50-ге жуық білікті маманның жетіспеуі белгілі болған. Ал жұмыспен қамту орталығында тіркелген 16 мың тұрғынның 52% ер кісілер.

Осы мәсененің шешімін табу мақсатында Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен дәнекерлеуші, құбыр монтаждаушы, электромонтаж, лесомонтаж, стропальшы, металл құрылымдарын монтаждаушы мамандықтарын жастар игеріп шықты. «Тенгизшевройл» ЖШС-нің қолдауымен болған арнайы студенттік бағдарлама 3 айға дейінгі уақытты қамтыды: 70% практикалық, 30% теориялық негізде. Оқу барысы APEC PetroTechnic Жоғары колледжінде өтті. 

Бағдарламаның басты ерекшелігі «мамандықты дағдыландыруды» басшылыққа алу. Сондай-ақ «Көпшілік қауыммен қалай жұмыс істеу керек?», «Түсініспеушілікті алдын алу», «Ораторлық шеберлік» негіздері бойынша арнай курстар болып өтті.

Ал қауіпсіздік техникасының ережелерін жұмыс кезінде зардап шегіп бүгінде мүгедек, жартылай мүгедек болып қалған жандар түсіндірді. Ұйымдастырушылар осы арқылы «қауіпсіздік – кез-келген адам үшін маңызды дүние екенін ұғындырғымыз келді» дейді. 

Сапалы білім берудің негізгі көрсеткіші, орталықтан білім алушылар қолдарына сертификаттарын алмай жатып арнайы келісімшартпен жұмысқа тұрып жатты. Жұмыспен қамтушы тарап АтырауНефтеМаш, Teslatan, Kazoiltech, Velesstroy компаниялары.