Атырауда мұнай-газ секторы операторларының сатып алуларына қазақстандық жеткізушілерді дайындау бойынша оқыту курсы өтті

Жергілікті мердігерлер мен жеткізушілерді қолдау бағдарламасы аясында Теңізшевройл ЖШС мен Еуропалық қайта құру және даму банкі «Мұнай-газ секторындағы сатып алуға қатысуға дайындық» атты тренинг ұйымдастырды. Максим Баранов – Қазақстандағы PWC кеңсесінің сатып алу және жеткізу тізбектерін басқару жөніндегі кеңес беру тәжірибесіндегі сарапшы 24 сағаттан астам уақыт практикалық тәжірибе мен теориялық білімдермен бөлісті. Максимнің функционалдық мамандануы – сатып алу және жабдықтау функцияларының тиімділігін арттыру, бизнесті трансформациялау және сатып алу стратегияларын әзірлеу.

Сарапшы мұнай-газ секторы компанияларында сатып алу кезінде туындайтын қиындықтар себептерін түсіндірді. Ең алдымен Максим Баранов жеткізушілерге қойылатын қандай да бір талаптардың табиғатын ашты. Мемлекеттік органдар ірі мұнай-газ компанияларының сатып алуын отандық бизнесті дамыту құралы ретінде пайдаланады. Дәл осы мемлекет қызметкерлерді дамытуға, тауарлардың сапасына, әлеуметтік жауапкершілікке талап қоюды бастамалайды, ал мұнай-газ операторлары орындайды.

Қазақстандағы және басқа елдердегі тендерлік құжаттамаға қойылатын талаптарды салыстыру қазақстандық мердігерлерден барлық қосалқы мердігерлік ұйымдардан сертификаттауды растауды және бірдей құжаттаманы жинауды талап етпейтінін көрсетті, ал басқа елдерде бұл міндетті. Осылайша, жер қойнауын пайдаланушы жеткізілімнің барлық процесін қадағалап, өздерінде жеткізілімдермен іркіліс тәуекелдерін төмендетеді. Сонымен қатар, Еуропалық Одақта сатып алу процедуралары мен техникалардың 28 түрін пайдаланады, ал біздің елде тек 4 түрі ғана пайдаланылады.

Сонымен қатар, сарапшы кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге отандық компанияларды тартпауы тапсырыс берушілерге де, жеткізушілерге де түсініспеушілік туғызатынын және зиян келтіретінін түсіндірді. Максим Баранов сатып алудағы қазақстандық қамтудың кепілдендірілген 50% отандық бизнеске зиян келтіріп, олардың дамуын тоқтататынына сенімді. Бұл ретте бизнес пен бәсекелестікті дамытуды ынталандыру үшін кепілдік берілген 50%-ды жүйелі түрде төмендететін категориялық-сатып алу стратегиясы неғұрлым тұрақты үлгі болып табылады.

Тренинг қатысушылары мен спикерлер бір ауыздан отандық бизнес-қоғамдастық, жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекет арасындағы сапалы диалог мұнай-газ саласындағы сатып алудағы қазақстандық қамтуды дамытуға мүмкіндік беретініне келісті.

Сондай-ақ тренинг барысында қатысушылар практикалық жаттығу шеңберінде «гарвардтық» кейс-талдау әдісімен ТШО сатып алуларына сынамалы түрде қатыса алды. Тренингке Атырау, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Қазақстанның басқа қалаларынан отандық компаниялардың сатып алу департаментінің басшылары мен өкілдері қатысты.