Bloomberg: Қазақстан қысқарту туралы уәдесіне қарамастан, мұнай өндіруді ұлғайтуда

Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты үш ірі мұнай кен орындарында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Қазақстандағы мұнай өндіру жаңа рекордтарды орнатып жатыр. «Қара алтынды» өндіру наурыз айының соңына дейін жалғасатын, қысқарту туралы мәміле шеңберіндегі ОПЕК-тің квотасынан асып түсетін сияқты, деп жазады Bloomberg.

Осылайша күнделікті өндіру 269 000 тонна рекордтық деңгейге жетті. Баррелге қайта есептегенде бұл көлем мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ел өндіруге уәде еткеннен айтарлықтай асып түседі.

Қазақстанда 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында мұнай өндіру.

Бірақ өндірудің өсуіне қарамастан, Қазақстан квота көлемінен аса қоймайтын шығар (2019 қаңтар – 2020 қаңтар).