Бозымбаев ТШО, НКОК және ҚПО компанияларында неше шетелдік жұмыс істейтінін айтып берді

ҚР Энергетика министрі ҚанатБозымбаев Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруға шетелдік мамандарды тарту бойынша өз пікірімен бөлісті.

«КДЖ жобасы (ТШО – PetrocouncilКелешек даму жобасы)жоғары технологиялық күрделілігімен, қауіпсіздік бойынша жоғары талаптарымен, жұмыстарының үлкен көлемімен, еңбек ресурстарының көп мөлшерде тартылуымен ерекшеленетін бізайқын түсінуіміз керек», – деді Қанат Бозымбаев, жуырда Атырауда өткен мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Ол 36,8 млрд АҚШ долларына бағаланып отырған жоба үшінші буынды зауыттың, шикі газды қабатқа айдау зауытының, бүкіл ТШО кешенін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшінгаз-турбиналық электр станциясының, қосалқы станциялардыңқұрылысын салуды қамтитынын, сондай-ақ сағалық қысымды басқару үшін 125 жаңа ұңғыманы бұрғылауды қамтитынын атап өтті.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда жобада 360-тан астамкомпания жұмыс істеуде. Қазақстанда шамамен 53 мың жұмыскер тартылды. Соның ішінде 48 мың жергілікті және 5 мың шетелдік қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 23 мың жұмыскер – мердігер компаниялардың, ал 25 мың жұмыскер – қосалқы мердігер компаниялардың жұмыскерлері болып табылады.

«Жоба технологиялық күрделілігімен өзгешеленеді және ең жаңа әлемдік технологиялардың енгізілуімен ерекшеленеді. Шетелдік мамандарды тарту қажеттілігі туындауда, бірақ бұл ретте ол мемлекеттік квоталармен шектелген», – деп айтып берді ҚанатБозымбаев.

Министрдің пікірінше, мұнай-газ операторларымердігер және қосалқы мердігер компаниялардың жұмыскерлеріне төленетін жалақыға талдау жүргізуі тиіс. Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың жұмыскерлеріне төленетін еңбекақының арасында айырмашылықтың болуына жол бермеу мақсатында. Өйткені қосалқы мердігер ұйымдардың жұмыскерлері алатын жалақы мердігер компаниялардың жұмыскерлері алатын жалақыдан едәуір аз болған деректер орын алған.

Энергетика министрлігінің басшысы бүгінгі таңда  Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) қызметкерлерінің саны 3220 адамды құрайтынын хабарлады, оның ішінде 90%-ынемесе 2898 қызметкер Қазақстан азаматы болып табылады. НКОК компаниясының мердігер ұйымдарында 6978 жұмыскер еңбек етуде,оның ішінде 6518 жұмыскер немесе 92%-ы– жергілікті кадрлар.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (ҚПО) компаниясында барлығы 3 994адам жұмыс істейді,оның ішінде 3613 адам немесе 92%-ы–қазақстандық мамандар.ҚПО компаниясыныңмердігер ұйымдарында 14 422 адам еңбек етеді, оның ішінде қазақстандық кадрлардың саны 88%-ға жетеді немесе 12 754адамды құрайды.

«Теңізшевройл» ЖШС-де негізгі өндірісте 4 890 жұмыскер еңбек етеді,оның ішінде 88% қазақстандық кадрлар бар.

Жоғарыда айтылғанындай,бүгінгі таңда Келешек кеңею жобасында 48 мыңнан астам қазақстандық еңбек етуде. Жобаны іске асырудың басынан оқыту мен біліктілікті арттырудың нәтижесінде 120 шетелдік маман қазақстандық кадрлармен алмастырылды.

«Осылайша, операторлардың жұмыскерлерінің құрамында шетелдік жұмыскерлердің саны 10% құрайды. Бұл – әлемдік тәжірибеге сәйкес, төмен көрсеткіш болып табылады», – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Фото: freestockimages.ru