Цифрлық трансформациялау мұнай-газ индустриясының кірістілігін $1 трлн-ға дейін арттыра алады

«Теңізшевройл» компаниясы қандай цифрлық технологияларды пайдаланады және келешекте қандайларын енгізуді жоспарлаған. Осы туралы  энергетикалық компаниялардың басқарушылары, ІТ-басшылары үшін ұйымдастырылған «PROFIT Energy Day. Энергетикадағы ақпараттық технологиялар» конференциясында «Теңізшевройл» ЖШС бизнес-қосымшалар тобының супервайзері  Айдар Сатыбалдин әңгімеледі.

«Цифрландыру тек ақшаны сақтауда ғана пайда әкеліп қоймайды, сонымен бірге ол компанияларға қауіпсіздірек болуға және экологиялық стандарттарға сәйкес келуге көмектеседі. Мұнда экологиялық пайдалар бар, оларға шығарындыларды қысқарту, суды үнемдеу кіреді, мұнайдың төгілуін болдырмауға мүмкіндік береді», – деп есептейді «Теңізшевройл» ЖШС бизнес-қосымшалар тобының супервайзері  Айдар Сатыбалдин.

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес,  цифрлық трансформациялау мұнай-газ саласы индустриясының кірістілігін  $1 трлн-ға дейін арттыра алады. Соның ішінде, экологиялық пайдаларға СО2 шығарындыларын 1 300 млн тонна баламасымен қысқарту кіреді, бұл  800 млн галлон су үнемдейді және шамамен 230 000 баррель мұнайға балама мұнайдың төгілуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазіргі мезетте әлемдік мұнай-газ саласы цифрландыруды енгізуге қатысты басқа өнеркәсіптік индустриялардың арасында соңғы орында тұр.

ТШО өкілі конференцияға қатысушыларға бүгінгі таңда компанияда қандай ақпараттық ресурстардың белсенді түрде пайдаланылатындығы туралы айтып берді. Мысалға, кәсіпорын бұлттық есептеулер, деректерді өңдеу және талдау, жоғары өнімді есептеу жүйелері, заттардың өнеркәсіптік интернеті технологияларын пайдаланады.

Атап айтқанда, ТШО Бірыңғай корпоративтік деректер базасы құрылды, оған құрылымдастырылған деректер мен шынайы уақыт деректері кіреді.

«Бұл деректердің барлығы бірыңғай базаға жинақталғанда, сізде қосымша талдама құру мүмкіндігі пайда болады. Жасанды интеллектіні пайдалану, сіздің кен орныңызға, сіздің кәсіпорныңызға басқа тұрғыдан, тиімділік тұрғысынан қарау», – деп түсіндірді Айдар Сатыбалдин.

Сонымен қатар цифрлық технологияларды қолданудың оң тәжірибесі ретінде ол өндірістік объектілердің ақпаратын басқаруды атады, мұнда техникалық құжаттаманың барлығы бірыңғай портал арқылы қолжетімді. Техникалық құжаттама көп және ол әртүрлі бөлімдерде болуы мүмкін үлкен компанияда мұндай бірыңғай порталмен жұмыс істеу уақытты өте үнемдейді және өндірістің тиімділігін күшейтеді.

Компания деректерді өңдеу және талдау үшін бұлттық шешімдерді және серверлерді пайдаланады. Жұмыс процесін басқарған кезде ақпараттық технологиялар материалдық қорлардың сенімділігін жоғарылату және шығындарды төмендету үшін пайдаланушылық шешімдер қабылдау, әлеуеттік мүмкіндіктерді айқындау арқылы пайдаланылады.

ТШО сонымен қатар жаңа идеялар алу, тәртіп бұзушылықтарды айқындау және көлік жүргізушілердің жүріс-тұрысына оң ықпал ету үшін автокөлік құралдарын спутниктік мониторингтеудің қолда бар жүйесін пайдаланалады.

Мысалға,  әрбір машинада камера орнатылған, ол жасанды интеллект технологиясының көмегімен адамның шаршағандығын анықтай алады.  Егер ол көлік жүргізушінің шаршағандығын анықтаса, онда жүргізушіге жол шетінде тоқтап, сергіп алуы және осыдан соң ғана жол жүруін жалғастыруы үшін сигнал береді.

Қазір компания жасанды интеллектіні пайдалану, процестерді автоматтандыру және робот техникасы бойынша жобалар әзірлеуді жүргізуде. Ал келешекте блокчейн технологясын, аддитивті технологияны, қосымша және виртуалды нақтылықты енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр.