Энергетика министрлігі мұнай өндіруші компанияларды мұнайға бағаның күрт құлдырауынан қорғау үшін заңнамада қандай шаралар көзделгені туралы хабарлады

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингінде сөз сөйлеу барысында айтты. Әсет Мағауов Президент берген тапсырмаларды іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы жұмыс сапарымен еліміздің мұнай өңірлерді аралап, мұнай өндіруші компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізгенін хабарлады.

Өңірлердің мұнай өндіруші және мұнай сервистік компания басшыларымен кездесулер өтті. Кездесулерде көтерілген мәселелер қазіргі уақытта Үкіметпен қарастырылуда.

Магауовтың айтуынша мұнай бағасының төмендеу салдарын төмендету мақсатында мұнай өндіру компаниялары үшін заңнама келесіні көздейді:

Ренталық салықты мұнай бағасына байланыстыру. Ренталық салық мұнай бағасына бекітілген және егер 1 баррель үшін баға 60 АҚШ доллары болған жағдайда ставка экспорт құнынан 11% болса, онда 40 АҚШ долларынан кем баға болған жағдайда ставка 0% – ды құрайды.

Экспорттық кедендік баж салығын мұнай бағасына байланыстыру. Экспорттық кедендік баж салығы да мұнай бағасына бекітілген. 1 баррель үшін баға 60 АҚШ доллары кезінде ол 1 тоннаға 60 АҚШ долларын құрайды, 1 баррель үшін баға 40 АҚШ доллары болған жағдайда ол 1 тоннаға 40 АҚШ долларын құрайды және 1 баррель үшін баға 35 АҚШ доллары болған жағдайда ол 1 тоннаға 35 АҚШ долларын құрайды.

Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орындары үшін мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы, сондай-ақ басқа да шаралар.

Әрине, баға белгіленімдерінің күрт төмендеуіне байланысты мұнай нарығындағы жағдайды тұрақты деп айтуға болмайды, бірақ біздің мұнай өндіруші компанияларға қолдау көрсету үшін бізде барлық құралдар бар, – деді Әсет Мағауов. – Біз қазіргі жағдайға тұрақты мониторинг жүргіземіз, өндіру көлемі қысқартылған жоқ және олар бұрынғы режимде жүргізілуде