Энергетика министрлігі Мұнай-газ жобаларында жергілікті қамту үлесін арттыру жұмыстары туралы хабарлады

Энергетика министрлігі жергілікті қамту үлесін арттыруға үлкен мән беріп, ол бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Нұр-Сұлтандағы баспасөз конференциясында ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов.

Вице-министрдің мәліметінше, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар жалпы сомасы 3,5 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді (ТЖҚ) сатып алды, оның ішінде жергілікті қамту үлесі (ЖҚ) 44%-дан сәл асып, 1,5 трлн теңгені құрады.

Атап айтқанда, мұнай-газ операторлары 129 млрд.теңгеге қазақстандық өнімді немесе тауарларды сатып алды, ол сатып алуға жұмсалған 623 млрд. теңгенің жалпы көлемінің 20%-дан астамы.

Жұмыстар бойынша қазақстандықтар 948 млрд теңгені немесе барлық жұмыс түрлерінің 48,68%-ын игерді.

Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар мұнайшылар үшін 459 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл қызмет көрсету саласында игерілген 918 млрд теңгенің жалпы көлемінің 50%-ға жуығын құрайды.

Жалпы, Энергетика министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесі артып келеді. Атап айтқанда, «тауарлар» санатында қазақстандық үлес 1,6 есеге немесе 74 млрд теңгеден 120 млрд теңгеге дейін артты. Жұмыста ЖҚ үлесі 1,8 есеге – 834 млрд теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін, қызметтерде 1,1 есеге – 771 млрд теңгеден 835 млрд теңгеге дейін өсті.

«Жергілікті қамтудың өсуіне Энергетика министрлігінің заңнамалық нормаларды енгізу бойынша жүйелі жұмысы, атап айтқанда, мұнай-газ кешеніндегі отандық бизнесті қолдау мен дамыту нормалары қарастырылған Жер қойнауы туралы кодексті және заңға тәуелді актілерді әзірлеу ықпал етіп отыр», – деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобалары аясында ЖҚ дамуының маңызы зор. Энергетика саласындағы ТЖҚ-ны сатып алу көлемінің 70%-ы үш ірі операторға – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (ҚПО) тиесілі болғандықтан.

Бұл ретте соңғы бес жылда Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ жобаларында ЖҚ үлесі: тауарларда 1,3 есеге – 15 млрд-тан 19 млрд теңгеге дейін артты. Жұмыстарда ЖҚ үлесі 2,1 есе – 552 млрд теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін, қызметтерде 1,2 есе – 307 млрд теңгеден 390 млрд теңгеге дейін өсті.

Вице-министр осы кезеңде 43 бірлескен кәсіпорын/консорциум құрылғанын, операторлармен ерте тендер және ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау тетіктері енгізілгенін хабарлады.

ҚПО тендерлік рәсімдеріне сондай-ақ отандық компаниялар арасында, яғни шетелдік ұйымдарды конкурсқа қатысуға шақырусыз, сатып алуды өткізу тетігі енгізілді.

Теңізшевройл сағалық қысымын басқару жобасы / болашақ кеңейту жобасына қатысты Досмұхамбетов мырза жобаның құны $37 млрд, оның ішінде $12 млрд, немесе 32% – Қазақстандық қамту екенін айтты.

«Жоба басталғаннан бері қаражатты нақты игеру $ 21,2 млрд құрады, қазақстандық компаниялардан сатып алудың нақты сомасы $6,3 млрд құрады», – деп атап өтті ол.

Мәселен, тауарлар бойынша ЖҚ үлесі 8%, жұмыстар бойынша – 40%, қызметтер бойынша – 26%. БКЖ-дағы жергілікті қамтудың орташа үлесі 29,6%-ға жетті.

Бұл ретте мыңнан астам қазақстандық компаниялар алдын ала біліктіліктен өтті, 430 қазақстандық компанияларға БКЖ-да жұмыс істеу үшін 1000-нан астам келісім-шарт берілді.

ТШО қазақстандық өндірушілермен 31 келісімшарт жасады, оның 18-і бұрын ТШО-мен жұмыс істемеген.

Жоба басталғаннан бері ҚР-ның 21 600 азаматы арнайы дайындықтан және жұмысшы кәсіптеріне оқытудан өтті. Қазақстан азаматтары үшін 48 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Ірі шетелдік сервистік компаниялар ЖҚ үлесін: Бонатти – 65%, ГАТЕ – 80%, Велестрой – 72%, Сенымды Курылыс-73%, CCEP-65%-ға жеткізу міндеттемесін қабылдады.

Фото: gidjob.ru