30-дан астам ОЕМ (original equipment manufacturer – бірегей жабдық өндірушісі) және елдің түрлі өңірлерінен 57 отандық өндірушілер өндірісті оқшаулау мүмкіндіктері туралы ақпаратпен алмасу үшін Атырауға келді. ҚР Энергетика министрлігі, PSA өкілетті органы және Атырау облысының әкімдігі Қазақстандық өндіріс нарығының өсуі мен дамуын ынталандыру мақсатында ОЕМ оқшауландыру бойынша осы форумды ұйымдастырды.
Форумның басты оқиғасы бірден алты меморандум мен келісімге қол қою болды: ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС өкілетті органы мен КПО арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС өкілетті органы және NCOC арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум, ҚР Энергетика министрлігі мен ТШО арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Сонымен қатар өндірушілер мен Операторлар арасында бірнеше негіздемелік келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың негізгі міндеттері ірі мұнай-газ жобалары үшін жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдардың бірыңғай тізбесін құру, бірегей жабдықты өндірушілермен және басқа да мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы кәсіпорындары базасында тауарлардың тестілік өндірісін іске қосу, өндірісті оқшаулау (сервис, жөндеу, қызмет көрсету) және Қазақстан Республикасының аумағында бірегей жабдықты өндірушілердің жабдықтары мен қосалқы бөлшектерінің қоймасын (-ларын) жасау болып табылады.
Сондай-ақ Операторлар (НКОК, ТШО) негіздемелік келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойды. Осылайша, НКОК ОЕМ-өндірушілермен (Liebherr (via Liebherr LLP), Parker Hannifin (via Gateway Valves), John Crane Middle East FZE, Caterpillar (Borusan Makina LLP)) 4 негіздемелік келісімге және отандық тауар өндірушілермен (Simtronics (via Altezza), Boehmer Armaturen Kazakhstan LLP) келісім-шартқа қол қойды. ТШО ОЕМ-өндірушілермен (Cameron, MRC) 2 негіздемелік келісімге қол қойды.
Іс-шараға Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларының операторлары: «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (бұдан әрі – NCOC) және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» (бұдан әрі – ҚПО) демеушілік көрсетті. Олардың барлығы қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада жабдық өндірушілердің қажеттіліктерімен танысу мақсатында OEM тауарларын оқшаулау бойынша өз стратегиясын ұсынды.
«Қазіргі таңда ТШО 70-тен астам қазақстандық компаниялармен 45-тен астам тауарлар мен материалдардың жіктелуін әзірлеуде. Сонымен қатар, біз ұлтшылдыққа, қосалқы келісім-шарттар жасасуға және Қазақстандағы инвестицияларға бағытталған біздің тұрақты жеткізушілеріміз бен халықаралық OEM-мен қазақстандық қамтуды дамыту бойынша 100-ге жуық жоспарға қол қойдық. Біз бұл күш-жігер біздің компаниямыз бен осы саланың Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді деп есептейміз. Олар жергілікті бизнесті қолдайды. Олар қазақстандықтар үшін жұмыс орындарын ашады», – деп атап өтті форум барысында ТШО бас директоры Имер Боннер.