ЕҚДБ МЕН ТШО-НЫҢ БІРЛЕСКЕН БАСТАМАСЫ ТУРАЛЫ

Сурет: ЕБРР
Сурет: ЕБРР

«Теңізшевройл» компаниясы мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамтуды дамытуға баса назар
аударады. Отандық бизнесті ілгерілетудегі бағыттардың бірі Еуропалық қайта құру және даму
банкі (ЕҚДБ) мен ТШО-ның жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін қолдау және нығайту жөніндегі
бірлескен бастамасы болып табылады.


БІРЛЕСКЕН БАСТАМА ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?


ТШО осы бағытты 2015 жылдан бастап қаржыландырып келеді. Бағдарламаға ірі мұнай-газ
жобаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар тартылды. Мердігерлерге қауіпсіздік
техникасы, экологиялық нормаларды сақтау, өнім сапасын басқару және көрсетілетін қызметтер
саласында жоғары талаптар қойылады. Сондықтан ЕҚДБ мен ТШО бағдарламасы жергілікті
компаниялардың халықаралық стандарттарға сай болуы үшін оларды қолдауға бағытталды.
Бағдарлама шеңберінде компаниялар кеңес алады. Бұл ретте ЕҚДБ-ның Атырау облысында өз
бөлімшесі бар, өйткені жобалардың 20%-ға жуығы Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында
орналасқан. Банк жүйелі және жеке тәсілді ұсынады, сондай-ақ бүкіл консультациялық жобаны
бақылайды. Бұған қоса,клиенттерге сарапшы қызметіне жұмсалған шығындар құнының 50%
көлемінөтеу ұсынылады.Таңдаудақазақстандық және шетелдік кеңесшілердің кеңейтілген
базасы бар у.


КОМПАНИЯЛАР БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСҚАННАН НЕ ҰТАДЫ?


Қазақстандық сарапшылар компанияларға қысқа мерзімді (3-6 ай) жобалар шеңберінде өз
міндеттерін шешугекөмектеседі. Ал, халықаралық сарапшылар анағұрлым ірі компанияларға
кеңес береді. Бағдарламаға қатысушы компаниялардың жартысына жуығы ISO, ASME, OHSAS
сияқты халықаралық сапа стандарттарын енгізу жөніндегі жобаларды жүзеге асырады. Бұл
компаниялар мұнай-газ саласында жұмыс істейді. Олар құрылыс және инжиниринг, электроника
және АТ, машина жасау, металлургия, химиялық кәсіпорындар сияқты секторларды ұсынады.
Бағдарлама шеңберінде компаниялардың басшылары мен қызметкерлері үшін тұрақты түрде
әртүрлі тақырыпта оқулар ұйымдастырылады. Негізгі бағыттардың бірі- жергілікті
кәсіпорындардың ірі тендерлерге қатысу мүмкіндіктерін арттыру. Сонымен қатар, 2020 жылы
қалдықтарды басқару, саладағы гендерлік инклюзивтілік, қаржы, қорларды басқару, АРБ курстары
өткізілді. 2020 жылы 200-ден астам адам арнайы оқудан өтті.


Бағдарламаға қатысу кәсіпорындардың айналымын 80%-ға арттыруға көмектесті, ал
кәсіпорындардың 60%-ы өз қызметкерлерінің санын арттыра алды. Бағдарлама 170 жаңа жұмыс
орнын ашуға көмектессе і, әйелдер саны 50%-ға өсті. Бұған қоса,кәсіпорындардың 10% -дан
астамы экспорт көлемін ұлғайтты, ал 80%-ға жуығы өз өнімділігін арттырды.


12-16 шілде аралығында жергілікті қамтушыларды қолдау бойынша «біріктірілген менеджмент
жүйелерінің ішкі аудиторларын даярлау» тақырыбында онлайн-тренинг өтті. Курстың басты
мақсаты қатысушыларды ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 стандарттарына
сәйкес сапа менеджменті, экология, кәсіби денсаулық және қауіпсіздік философиясымен
таныстыру болды.


Тренингке барлығы 25 адам қатысты, олардың дені – Атырау қаласындағы компаниялардың
өкілдері. Тренингтің 8 қатысушысы финалдық емтиханды сәтті тапсырып, сертификатқа ие болды.


«REAL CONSTRUCTION» -ТАБЫСТЫ ЖҰМЫСТЫҢ ҮЛГІСІ

Атырау қаласыдағы«Real Construction» компаниясының тәжірибесі бағдарлама шеңберіндегі сәтті
ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Компания 2007 жылдан бері өнеркәсіптік және
коммерциялық нысандар құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді.


«Real Construction» дәнекерлеу процедураларын әзірлеуде, сондай-ақ жобаны техникалық
сүйемелдеуде сараптамалық компанияның көмегін алды. Дәнекерлеу процестерін жақсарту және
дәнекерлеудің тиісті сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі көбінесе компанияның ККЖ-ҰЕҚБЖ
шеңберіндегі ТШО жобалары бойынша мердігерлік жұмыстар жүргізу жоспарларымен
байланысты болды.


«Жобаның нәтижелері бізді таң қалдырды. Және де ол ККЖ-ҰЕҚБЖ бойынша жұмыстарымыза
күнделікті негізде пайдаланылды. Енгізілген рәсімдер кез келген басқа жобаларда да, соның
ішінде құбырларға, металл конструкцияларға арналған дәнекерлеу технологиясы ретінде де
қолданылады, бұл біздің компаниямызға қосымша мүмкіндіктер береді және үздік сапаны
қамтамасыз етеді», – деп атап өтті «Real Construction» ЖШС жобаларының директоры Миржан
Құсманов.


Осылайша, кәсіпорын ТШО үшін де, НКОК компаниясы мен басқа серіктестер үшін де сенімді
қамтушы екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, клиенттік база, жұмыс көлемі ұлғайды, түсім өсті.Тек
бір жылдан кейін жаңа келісімшарттар 25 жаңа жұмыс орнын ашуғасептігін тигізді.
Айта кетейік, «Real Construction» компаниясы ЕҚДБ және ТШО-мен ынтымақтастық шеңберінде
зияткерлік меншікке айналған өзінің бекітілген рәсімдерін алды. Сондықтан, бір реттік қаржылық
қолдаудан айырмашылығы, жаңа білімге қол жеткізу мен бірлесіп қаржыландырудың үйлесуі
бизнестің ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз етті.