Geneva Business School-да МВА-да оқу барысында мұнайшылар мен вахташылар үшін ыңғайлы кесте

Вахталық жұмыс пен оқуды қалай қатар алып жүруге болады?

Әлемнің оншақты елінде танылған MBA Geneva Business School (GBS ) Атырау қаласында Мұнай және газ саласында «Master of Business Administration» (МВА) бағдарламасы бойынша оқытуды іске қосады.

Geneva Business School-да MBA дәрежесіне оқу – бұл жаһандық, тұлғалық және мансаптық өсудің тамаша құралы, ол үнемі өзгеріп отыратын іскерлік ортаға дайындалуға мүмкіндік береді. Оқыту кезінде дамытылатын қабілеттер бизнеске әсер ететін трендтерге және нарықтағы өзгерістерге жедел әрекет етуге және алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.

MBA-да оқу жайлылық аймағынан шығарады, бірақ оның орнына халықаралық бизнестегі соңғы үрдістермен, басқарудың жаңа құралдары мен әдістерімен танысуды ұсынады. Оқыту нәтижесінде студенттер: жаңа практикалық дағдылар мен білімді, жалақыны арттыруды, әлеуметтік байланыстарды кеңейтуді, мансаптық саты бойынша жылжуды, кең мансап перспективаларын алады.

Geneva Business School дипломы әлемнің ондаған елдерінде, соның ішінде АҚШ, Ресей, Швейцария, Испания, БАӘ және басқа да көптеген мемлекеттерде танылған. Арнайы Атыраулық GBS студенттері үшін вахтовиктер режиміне бейімделген кесте қарастырылды.

Оқыту келесі бағыттарды қамтиды: Management in Oil and Gas, Organizational behavior, Human Resource Management, Strategic Management, Change management, Finance and accounting, Managerial Economics, International accounting, Finance for Oil and Gas.

Geneva Business School 1995 жылы Женева банкирлері Ассоциациясымен Швейцарияның жеке меншік банктерінің қызметкерлерін Халықаралық банк ісіне оқыту үшін құрылды. 2001 жылдан бастап GBS басқа бағыттар бойынша да оқытуды бастады.

Магистратура түлектерінің орташа жалақысы жылына 96 000 долларды құрайды, бітірушілердің 85%-ы жұмыс тауып, бітіргеннен кейін үш ай ішінде әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларына қабылданады. Әлемнің 50 елінен 3000-нан астам түлек Еуропа, АҚШ және Азия оқытушыларынан білім алды. Енді оқу Атырау тұрғындарына да қолжетімді.