Кэти Лич: Ұлыбритания 2020 жылы Қазақстанға 849,6 миллион фунт стерлинг инвестициялады

Жақында Ұлыбритания елшісі Кэти Лич Атырауға жұмыс сапарымен келді. Біз онымен Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы трансформация туралы әңгімелестік.

– Кэти ханым, Сіздің сапарыңыздың мақсаты қандай?

– Мен Атырауға келгеніме өте қуаныштымын, елдің батыс өңірінде болып, көркем қаланы көргеніме, оның халқының жылы шырайын сезінгеніме қуанамын.

Қазақстан өзіне маңызды міндеттемелер алған COP26 конференциясынан кейін, шешім қорытып шығаруға тікелей атсалысуы тиіс энеретикалық компанияларға айтқым келетіні – көптеген мұнай-газ компаниялары барынша көміртексіздендіру және жаңа технологиялардың келесі буынына инвестициялау бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Мен бизнес үшін жасыл трансформациялар саласындағы жаңа мүмкіндіктерге және мемлекеттік саясат, қала / облыс саясаты мен халықаралық қоғамдастық қандай қолдау көрсете алатынына тоқталғым келеді.

Сонымен қатар мен Атырауға британиялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, өз бизнестерін дамытуларына, осы арқылы жұмыс орындарын көбейтіп, осы өңірді гүлдендіру үшін оларға не көмектесетінін түсіну үшін келдім.

– Сіз 30 жыл ынтымақтастық жөнінде не айтасыз?  

– Біздің мұнай-газ саласындағы, білім берудегі, қаржы секторындағы және басқа да көптеген салалардағы тамаша серіктестігіміз 30 жыл бойы созылып келеді. Қазір біз «жасыл» трансформацияға шоғырландық: электр энергетикасы секторын көміртексіздендіруге, энергияның жаңартылатын көздеріне, цифрландыру мен білім беру саласында ынтымақтасуға ұмтылып отырмыз. Бұл шешім жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесетін соншалықты маңызды міндет. Және ең тартымдысы сол, бүгінгі таңда Ұлыбританияда көптеген жылдар бойы білім алып, өз салаларында бірнеше жыл жұмыс атқарған және екі елге де пайда әкелетін байланыстар орнатуға көмектесетін тамаша мүмкіндіктері бар жастар Қазақстанда көптеп пайда болды.

Экономиканы көміртексіздендіру мүмкін бе?

– Ұлыбритания бұл салада көшбасшы болып табылады, ол жасыл өсудің мүмкін екендігін дәлелдеп берді –шығарындылар 44%-ға азайған соңғы 30 жылдың ішінде біздің экономикамыз 78% өсіп отыр. Ұлыбритания өзіне көміртек шығарындыларын 2035 жылға қарай 78%-ға азайту міндеттемесін алған алғашқы ел. Біз 2024 жылға қарай көмір энергетикасынан толығымен бас тартамыз және 2030 жылға қарай автомобиль көлігін көміртексіздендіру бойынша алғашқы G7 елі болуға ниеттеніп отырмыз. Мұның бәрі үкіметтің, мақсаттық индикаторлар мен саясаттың ниеттері біріктірілген жағдайда, батыл трансформация мақсатына жету мүмкін екендігін көрсетеді.

Сонымен, Ұлыбритания өз тәжірибесімен бөлісуге және бүкіл әлемде таза нөл мен жасыл трансформацияға қол жеткізуге көмектесуге әзір.

Соңғы COP26 конференциясы бүкіл әлемде орнықты дамудың күн тәртібін қалай өзгерті?

– COP2 иелері ретінде біз климаттың өзгерістерімен күресу бойынша іс-қимылды үйлестіру үшін бүкіл әлем тез арада бірігуі тиіс екенін сезінеміз. Әрбір ел, әр үкімет, әрбір компания мен қоғамның әр бөлігі планетамызды қорғау үшін және жаһандық жылынудың өсуін 1,5 градус деңгейінде шектеу үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс. Біздердің әрқайсымыз да өз рөлдерімізді атқаруымыз керек.

Біз Премьер-министр Асқар Мамин 120 әлемдік көшбасшы қатысатын Әлемдік көшбасшылар саммитіне қосылғанына және Қазақстан климаттың өзгерістері саласындағы жаһандық күн тәртібіне өз бейілділігін растағанына шын мәнінде қуанамыз. Біздің премьер-министріміз, атап айтқанда, «жылынуды 1,5 градус деңгейінде шектеу» үшін төрт бағытты бөліп көрсетті, олар: көмір, автомобиль, ағаш және қолма-қол ақша.

Біз ең ластағыш отын болып табылатын көмірден кезең-кезеңмен бас тарту, сол сияқты бензинмен жүретін автомобильдерді 2040 жылға қарай шығарынды деңгейі нөл болып табылатын көлікпен алмастыру саясатын әзірлеуіміз керек. Және де бұл міндеттемелер таза көшуге өту жолында алға жасалған үлкен қадам болып табылады,– қазіргі басты мәселе қажетті мемлекеттік және жеке инвестицияларды ынталандыратын нақты саясат, нормативтік-құқықтық база мен көміртек шығарындылары үшін тариф белгілеу жүйесі қандай екендігінде. Біз сонымен бірге әлемдік ормандарды қорғауға және жерді пайдалануда көміртектің артуын барынша пайдалануға тиіспіз; және біз қажетті инвестицияларды көміртексіздендіруге де, сол сияқты климаттың қазір өзіміз сезініп те отырған өзгерістеріне бейімделуге де жұмылдырылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Егер біз қазірден әрекеттенбесек, апатты су тасқыны, ауаның ластануы, орман өрттері, ауа-райының катаклизмдері, түрлердің жаппай жойылуы сияқты климат өзгерістерінің үрейлі салдарын бұдан  әрі қарай да көре береміз.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Сіз мұнай-газ компанияларының болашағын қалай пайымдайсыз?

– Біз Атырауда 28 жылға жуық табысты жұмыс атқардық, 2004 жылдан бері біз 34 серіктестік құрдық. Сіздер Baker Huges, Bureau Veritas, Fluor, Halliburton, Worley және т.б. сияқты компаниялар туралы естіген де боларсыздар.

Британиялық компаниялар Қазақстанмен ынымақтастықты жалғастыруда. 2020 жылы Қазақстанға 849,6 млн фунт инвестицияланды, 2021 жылдың бірінші тоқсанында ғана бұл сома 397,9 млн фунт құрады.

 Ұлыбритания сенімді серіктес болып табылады және біздің компанияларымыз Атырауға және Батыс Қазақстанға елеулі инвестициялар салуда, біз ендігі жерде мұнай-газ компанияларынан «энергетикалық компанияларға» көшуде өз көмегімізді ұсынғымыз келеді.

Британиялық компаниялар озық әлемдік стандарттарымен және тәжірибелерімен белгілі,  олар осы жаһандық проблемаларды шешуге және өңірдің өркендеуіне өз үлестерін қосуға дайын.