КҚК Қазақстанда киіктерді мониторингтеу үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын табыстады

Ұшқышсыз ұшу аппараты2016 жылдан бері Қазақстанның биоалуандылықты сақтау қауымдастығының  (ҚБСҚ) Қазақстандағы киіктердің популяциясын қорғау қызметін «Киелі Киік» бірлескен бағдарламасының шеңберінде қолдайтын КҚК-Қ қаражатына сатылып алынды деп хабарлайды «Каспий құбыр консорциумы» АҚ баспасөз қызметі.

Ұшу аппаратының презентациясы Ақмола облысының Қабанбай кентінде, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің және «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ (КҚК-Қ) бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдиннің қатысуымен өтті.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) қазіргі заманғы мүмкіндіктері тек киіктерді ғана емес, жалпы қазақстандық биоалуанылықты сақтау және зерттеу бойынша іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

«Қазақстанда жыл сайын киіктердің үш популяциясын мемлекеттік авиаесепке алу жүргізіледі. Алайда авиациялық техниканы жалға алудыңқымбаттығы аумақтарды жүйелі түрде патрульдеуге және киіктерді қосымша мониторингтеуге мүмкіндік бермейді. Ұшқышсыз ұшатын жаңа аппараттардың нарығына шығу деректер алу шекарасын кеңейтуге және бұл жануарларды сақтаудың және зерттеудің жаңа тәсілдемелерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Шетелдерде, соның ішінде Ресей Федерациясында ҰҰА-ны табиғатты қорғау мақсаттарында пайдаланудың оң тәжірибесі бар», – делінген КҚК хабарламасында.

Аталып көрсетілгендей, Supercam S350ұшқышсыз ұшу аппараты өз класы бойынша ең үздік тактикалық-техникалық сипаттамаларға ие – габариттері шағын бола тұра (қанат құлашы 3,2 м, салмағы 12 кг), ол әуеде 4,5 сағатқа дейін бола алады. Бұл аппарат деректерді 90 шақырымға дейінгі қашықтыққа толық беру мүмкіндігімен фото- және бейнетүсірілімдер жасауға мүмкіндік береді.

Жоба ҰҰА-ны тек киіктерді ғана емес, сол сияқты басқа да жабайы жануарларды есепке, соның ішінде мемлекеттік деңгейде алу үшін  пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстарәзірлеуге (жануарлардың түріне, ландшафт типіне байланысты)мүмкіндік береді.ҰҰА-ын ерекше қорғалатын аумақтарды қорғауда, жабайы жануарлар үшін қатерлерді монитрингтеуде (өрт және т.б.) және олардың мекен ететін ортасының жағдайын зерттеуде қолдануға болады.

Жұмысты ҚБСҚ «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК және ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және  жануарлар дүниесі комитетінің басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп жүргізетін болады.

Еске сала кетелік, 2019 жылы Қазақстанда израилдық технология бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару басталады. «Elbit Systems Ltd.» тауарлық белгісін пайдалануға айрықша құқықтарды табыстау жөніндегі лицензиялық келісімге қол қойылды.

КҚК құбырлар жүйесі – ТМД аумағындағы шетелдік капиталқатысатын энергетика саласындағы аса ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз – Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км; бұл бағыт бойынша Қазақстанның бүкіл мұнай экспортының үштен екіден аса бөлігі, сонымен қатар ресейлік, соның ішіне Каспийде орналасқан кен орындарының шикізаты тасымалданады. КҚК теңіз терминалы танкерлерге жағадан айтарлықтай қашықтықта, соның ішінде қолайсыз ауа-райы жағдайларында қауіпсіз жүк тиеуге мүмкіндік беретін айлаққашығарылатын үшқұрылғымен (АШҚ) жабдықталған.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть – 24% және КТК Компани – 7 % арқылы) – 31%; Қазақстан Республикасы (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%арқылы) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, LUKARCO B.V. — 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company — 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%, BG Overseas Holding Limited — 2%, Eni International N.A. N.V. — 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%.

Фото суретті ұсынған КҚК баспасөз қызметі