КҚК арқылы шілдеде 5 млн тоннаға жуық қазақстандық мұнай тиелді

2019 жылғы қаңтар-шілде кезеңі ішінде Новороссийскідегі теңіз терминалында 340 мұнай құятын кеме өңделіп, олар өз танктеріне 36,2 млн тоннадан аса мұнай қабылдады деп хабарлады «Каспий құбыр консорциумы» АҚ.

Шілде айының өзінде ғана теңіз терминалында (ТТ) 5,6 млн тоннадан аса мұнай тиелді, 54 танкер өңделді, бұл маусымдағымен салыстырғанда екі мұнай құю кемесіне артық.

«Шілде айындағы тиеу кестесі толық орындалды», – деп атап көрсетті компанияда.

Бұл ретте 2019 жылғы қаңтар-шілде ішінде 340 мұнай құятын кеме өңделіп, олар өз танктеріне 36,2 млн тоннадан аса мұнай қабылдады.

Өткен айда тиелген мұнайдың2,4 млн тоннадан артығы – бұл Теңіз кен орнының мұнайы, 822 мың тоннадайы – Қарашығанақ кен орнынан және 1,3 млн тоннадан артығы – Қашаған кен орнынан. Бұдан басқа, шамамен 233 мың тонна мұнай басқа қазақстандық өндірушілерден келіп түскен.

Қазақстандық жүк жөнелтушілер шілде айының ішінде барлығы 4,9 млн тоннадан аса мұнай тиеді, тағы 777,5 мың тоннаға жуық мұнай Ресей аумағынан келіп түсті.

Жалпы алғанда, 2001 жылдан бастап 2019 жылғы 31 шілдеге дейін Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесі арқылы әлемдік нарықтарға 618,8 млн тоннадан аса мұнай жеткізілді. Олардың 538,8 млн тоннаға жуығы – бұл Қазақстан мұнайы және 79,9 млн тоннасы – Ресейде өндірілген мұнай.

Ағымдағы жылы мұнай құбыры арқылы айдалған жалпы көлем,нақты тапсырылғанды ескергенде, 65,1 млн тонна құрауы мүмкін, оның ішінде Қазақстаннан – 57,7 млн тонна, Ресейден – 7,4 млн тонна.

Еске сала кетелік, жуырда «КҚК» АҚ бас директоры Николай Горбань КҚК Мұнай құбырлары жүйесін жаңғырту кешенді бағдарламасыныңконсорциум акционерлерімен қаралып, іске асыруға жалпы келісілгендігі туралы хабарлады. Бұған $600 млн шамасында инвестициялау жоспарланып отыр.

Фото: cpc.ru