КҚК мұнай құбырларының қуаттылығын арттыруға шамамен $600 млн инвестицияланатын болады

Теңіз бен Қашағанда мұнай өндіру көлемдерінің ұлғаюы «КҚК» АҚ акционерлерін мұнай құбырлары жүйесінің қуаттылықтарын жаңғыртуды жүргізуге мәжбүр етіп отыр

«Қазіргі уақытта Консорциумның акционерлері ҚҚК мұнай құбырларының жүйесін жаңғыртудың кешенді бағдарламасын іске асыруды қарады және келісілді», – деп хабарлады «КҚК» АҚ бас директоры Николай Горбань 9 шілде күні Атырауда.

Оның айтуынша, жүк жөнелтушілердің болжамды сұранымдарына сәйкес,  2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасынан КҚК үшін мұнай жеткізілімдерінің көлемдері КҚК мұнай құбырлары жүйесінің ағымдағы механикалық өткізу қабілетінен асады деп күтіледі.

Осы орайда, «Каспий құбыр консорциумының» құбырлар жүйесінің бірқатар объектілерін жаңғырту талап етіледі. Мұнай құбырлары жүйесінің ағымдағы қуаттылықтарын оңтайландыру жүргізілетін болады.

Бұл іс-шаралар үйкелуге қарсы қоспаның (ҮҚҚ) оңтайлысаны мен мұнай құбырларын пайдаланудың жоғарылатылған коэффициенттері жағдайында, айдау пунктерінің жұмыс режимдерінің икемділігін және  ҚР аумағынан шикі мұнайдың қосымша көлемдерін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге жағдай туғызады.

Бағдарлама іске асырылғаннан кейін жүйенің өткізу қабілеті республика аумағынан жылына ең аз дегенде 72,5 млн тонна мұнай тасымалдауға мүмкіндік береді. Өткізу қабілетін одан әрі арттыруға үйкелуге қарсы қоспаның жабдықтарды ауыстырусыз тұтынылуын ұлғайту есебінен қол жеткізуге болады.

Жұмыстар КҚК алаңдық объектілерінің (мұнай айдау станциясы (МАС) және Теңіз Терминалы) барлығында дерлік жүргізіледі. Мұнай құбырының желілік бөлігін жаңғырту бағдарлама көлемдеріне енбейді.

Мәселен, КҚК мұнай құбырлары жүйесін жаңғырту бағдарламасының шеңберінде Атырау Мұнай айдау станциясында жаңа магистралдық сорғы агрегатын салуды қоса, станцияны жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Теңіз Мұнай айдау станциясында мұнайды есепке алу торабын жаңғырту, үш магистралдық сорғыны алмастыру, бірнеше тіректік сорғы агрегаттарын орнату, көлемі 20000 текше метр құрайтын екі РВСПК (қалқымалықақпақты тік болат резервуар) салу, қосалқы станция салу, ЭБЖ, қорғаныштық тарату құрылғысын жаңғырту және т.б. мүмкіндіктері қарастырылуда. 

Қазақстандағы А-МАС-3А и А-МАС-4 станцияларында магистралдық сорғы агрегаттарының (МСА) жұмыс доңғалақтарын алмастыруды жүзеге асыру жоспарланды.

Инвестициялау туралы түпкілікті шешім құжаттарының топтамасына сәйкес, Қазақстан аумағынан шикі мұнайдың қосымша көлемдерін қабылдау мүмкіндігін 2022 жылдың ортасынан бастап қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы, жаңғырту бағдарламасының өзі 2023 жылғы желтоқсанға дейін аяқталатын болады.

Жалпы алғанда 2019-2023 жж. кезеңіне арналған инвестициялық шығындардың мөлшері $599,9 млн, олардың ішінде КҚК-Қ – $156,4 млн, КҚК-Р – $ 443,5 млн.құрайды.

КҚК бас директорының деректері бойынша, Қазақстанда 2018 жыл ішінде КҚК-Қ төлеген салықтарының сомасы 31,2 млрд теңгеден асты. Деректерде аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға аударымдардың сомасы ескерілмеген.

2018 жылы КҚК арқылы 61 млн тоннадан аса мұнай тасымалданды , бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10,8 %-ға немесе 5 млн тоннаға артық.

2018 жылы тиелген 61 млн тонна мұнайдың ішіндегі 54,3 млн тонна мұнайды қазақстандық жүк тиеушілер жеткізген, тағы 6,8 млн тонна Ресей аумағынан келіп түскен.

2018 жылы КҚК құбырлар жүйесіне мұнайдың ең көп көлемдері Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарынан келіп түскен – тиісінше 28,7 млн тонна, 10,3 млн тоннажәне 13,2 млн тонна мұнай.

2019 жылға жүк жөнелтушілердің 67,7 млн тоннаға ұжымдық жалпы сұранымы қабылданды. Сонымен бірге, іс жүзіндегі тапсырылымды ескерумен, айдаудың жалпы көлемі 65,1 млн тонна, оның ішінде Қазақстаннан – 57,7 млн тонна, Ресейден – 7,4 млн тонна құрауы мүмкін.

2001 жылдан бастап, 2019 жылғы 30 маусымды қоса кезең ішінде «Теңіз – Новороссийск» мұнай құбырларының жүйесі арқылы әлемдік нарықтарға 613 миллионнан аса мұнай жеткізілді. Олардың 533 млн тоннадан астамы -қазақстандық мұнай және 79 млн тоннадан астамы–ресейлік мұнай.

Фото: cpc.ru