КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУДЫ БІР МИНУТҚА ДА ТОҚТАТҚАН ЖОҚ

ОПЕК+ келісімі негізінде өндістің төмендеуі, әлемдік нарықтағы энергия ресурстарының ең төменгі құны, іскерлік белсенділіктің баяу жұмысы және қазақстандық «қара алтынға» сұраныстың төмендігі – осының барлығы Компанияның қызметіне әсер етті.

«Каспий Құбыр Консорциумы» (КҚК) басшылығы мұнайды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және барлық міндеттемелерді орындау үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдауға мәжбүр болды.

«Ресей мен Қазақстанда бүкіл әлемдегі сияқты пандемиямен күресу үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдануда. Біздің федералды және аймақтық билік органдары салдарды азайту үшін алғышарттар жасай отырып, алдын-ала жұмыс істеуге бағыт алды. Бұл шаралар өте қатал, бірақ отандастарымыздың өмірі мен денсаулығы өте маңызды.

КҚК уақыт өте келетін сын-сағаттарға жауап беруге дайын. Біздің халықаралық компания өзінің бірде-бір өндірістік жобасын мен бағдарламасын тоқтатпайды. Барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып және вирустың таралуына жол бермейді. Нысандарда да қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Біз бұрынғыдай Каспийдің ірі кен орындарынан өндірушілерден шикізаттың барлық көлемін қабылдауға дайынбыз.«КҚК бөлімшелерінде, Теңізден Новороссийскіге дейінгі нысанда біздің көпұлтты ұжым күрделі жағдайларда қойылған міндеттерді табысты орындауда», – деп мәлімдеді КҚК бас директоры Николай Горбань.

Қазақстанда коронавирус анықталып, ТЖ жарияланған кезде компанияның бас директоры Николай Горбан бастаған ұжым дағдарыс жағдайларың басқару (ДЖБ) тобын ұйымдастырды.

Қазақстан мен Ресейде орналасқан бөлімше басшыларының қатысуымен кеңестер өткізілді. Кеңселер мен өндіріс орындарына келген қызметкерлер мен мердігер ұйымдардың адамдарын арнайы медициналық тексерістен өткізу жұмыстары ұйымдастырылып, ара-қашықтықты сақтау, ТЖ кезіндегі ережелерді таныстыру секілді жұмыстар жүргізілді. Маңызды өзгерістердің бірі вахталық жұмыс режиміне көшу болды.

Бұрын «Атырау» мұнай айдау станциясында жұмыс 2 күн түнгі және 2 күн күндізгі ауысыммен жүргізілді. Ал карантин енгізілгеннен кейін жұмысшылар 14 күн вахталық әдіспен жұмыс істеп, кейін 28 күнге ауысты. Сондай-ақ, компанияның Атырау қаласында орналасқан бас кеңсесінде жұмыс істейтін қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Алғашында компания өкілдерінің 50%, ал жағдай нашарлаған кезде кеңседегі бүкіл ұжым үйде отырып жұмыс істеді. КҚК-нің IT-қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеу режимін ұйымдастыру үшін компьютерлер мен басқа да қажетті жабдықтарды тасымалдауды қамтамасыз етті.

«Компанияда арнайы бақылау шаралары жүргізілетін орталық бар. Қызметкер вахтаға келер алдында бақылау орталығына (карантинге) орналасады. Ол үшін компания өз қызметкерлеріне қала ішіндегі қонақ үй кешенін жалға алды. Вахталық жүмыс кезінде қызметкерлер осы қонақ үйде тұрды. Біздің жұмысшылар, негізінен Атырау қаласының тұрғындары. Олардың көбі жұмысқа өз үйінен қатынайды. Біз барлық эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып технологиялық процесті тоқтатпау және өндірісті қысқартпау үшін оларды оқшаулау және ұжым санын сақтау туралы шешім қабылдадық», – дейді Рафаэль Уәлиев.

Коронавируспен ауратын науқастарды анықтаған кезде басшылық олардың қайда екенін, өзін қалай сезінетінін, дәрі-дәрмектерге мұқтаждығын бақылап, қажетті дәрілермен қамтамасыз етті. Ол үшін қосымша дәрілер Ресейден сатып алынды. Қазіргі уақытта компанияда тек бір қызметкер ауруханада жатыр, қалғандары сауығып өз міндеттеріне қайта кірісті.Коронавирусты тексеруде қиындықтар туындаған соң аймақта зертханалық клиникалардың көбі жабылды. КҚК болса қиын жағдайдан оңай шықты. Компания жергілікті жерге барып тест алды. Ал зертханалық талдау көршілес Ресей елінің Астрахань қаласында жүргізілді.

«Бұл бізге көп көмектесті. Өйткені Теңіз кен орны карантинге жабылды. Оған жету үшін кіру және шығу бекетінде КОВИДке тестілеудің жаңа нәтижелерін сұратады. Ал Теңізде мұнай айдайтын біздің бас станциямыз орналасқан. Қызметкерлер ол жерге кезек пен кезек барып тұруы керек еді. Сынақтар болса еш жерде жасалмады».

Қазір қызметкерлер вахтаға кірер алдында ПТР-тестілеуден өтуде. Сонымен қатар, әр 15 күн сайын кеңсе қызметкерлері тест тапсырады. Олардың барлығы медициналық маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз етілген.Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қызметкерлердің жалақысы толық көлемде жүргізілді. Жұмысшылар саны қысқарған жоқ.

«Біз карантиннің келесі толқынына толықтай дайынбыз! Қазір қызметкерлердің 40 пайызына кеңседе жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ станцияларда бәрі бұрынғыша қалады: ұзақ вахталық жұмыс пен қауіпсіздік шаралары сақталады. Соңғы уақытта, адамдардың өздері де денсаулығына мән бере бастады», – дейді Рафаэль Уәлиев.