Kazakhstan Energy Week форумында не болады?

2019 жылғы 23-29 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында KAZAKHSTAN ENERGY WEEK энергетикалық форумы мен «KAZENERGY» қауымдастығының ұйымдастыруымен ХІІ KAZENERGY Еуразиялық форумы өтеді.

«Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен салалық компаниялар іс-шаралардың тақырыптарын мазмұндық толтыру және бірлескен оқиғаларды ұйымдастыру сұрақтарын пысықтауда», – деп әңгімеледі petrocouncil.kz сайтына «KAZENERGY» қауымдастығы Басқармасы Төрағасының Хаттама басшысы Дәмелі Бакиева.

Оның айтуынша, энергетикалық апта шеңберіне Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы бойынша конференция (GBC), Инженер-мұнайшылар қоғамының форумы (SPE), KAZENERGY Жастар форумының шеңберіндегі байқау (SEC), Әйелдердің энергетикалық клубының форумы және басқа іс-шаралар өтеді.

«KAZAKHSTAN ENERGY WEEK форумының негізгі оқиғасы ХІІ KAZENERGY Еуразиялық форумы болмақ, оның аясында жоғары лауазымды шақырылған қонақтардың қатысуымен Пленарлық отырыс өткізу жоспарланып отыр, – деп атап өтті Дәмелі Бакиева. – Панельдік сессиялардың бірқатары салада цифрланыруды дамыту, тұрақты даму, халықаралық ұйымдар тақырыптарына арналатын болады».

Қазақстандық мазмұнға арналған екі сессия өтетіндігін атап өту керек, оларды Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі (Petrocouncil) ұйымдастырады. «Қазақстандық мазмұн: Ақтау 2.0. декларациясы» сессиясында мұнай-газ операторларының қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша жаңартылған бағдарламасы талқыланатын болады.

«KAZENERGY» қауымдастығы және ҚР Энергетика министрлігі бірлескен жұмысты жандандырды, соның ішінде жергіліктендірілетін тауарлардың тізімін жаңартты», – деді Дәмелі Бакиева.

Petrocouncil кеңесінің №2 сессиясы «Мұнай-газ саласындағы қажеттіліктер үшін қазақстандық өндірісті дамытуға» арналған.

Сонымен қатар 2019 жылғы Ұлттық энергетикалық баяндаманың жаңартылған нұсқасының таныстырылымы өтеді. Қазақтандық мұнайдың 120 жылдығына арналған іс-шаралар кешені өткізілетін болады.

Қазіргі мезетте негізгі спикерлердің сапалық құрамын қалыптастыру сұрақтары белсенді түрде  пысықталу үстінде.

Бүгінгі таңда өздерінің қатысатындықтарын ОПЕК бас хатшысы Мохаммед Баркиндо, Халықаралық Энергетикалық Хартияның бас хатшысы Урбан Руснак, Global Gas Centerатқарушы директоры Валери Дюкро,Румыния энергетикалық орталығының президенті Корнелиу  Бодеа; Ливияның Ұлттық Мұнай Корпорациясының төрағасы  Мустафа Саналларастады.

Бұдан басқа, «Digital Energy» тақырыбында салалық KAZENERGYEXPOКөрмесін өткізуге дайындық жүргізілуде, оның негізгі бағыты – виртуалды және цифрлық технологиялар кешенін пайдалана отырып, интерактивті түрде компания қызметі туралы ақпарат ұсыну.