Кевин Лион: Болашақты кеңейту жобасы 83% аяқталды

2021 жылдың ақпанында Кевин Лион «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Ол бұл қызметте компанияның сол кездегі басшысы Ймер Боннерді алмастырды.
Бұрын Кевин Лион Бангладеш, Индонезия, Нигерия, Нидерланды, Филиппин және Америка Құрама Штаттарындағы Chevron компаниясында инженерлік және басқарушылық қызметте әр түрлі қызметтер атқарды.
Лион мырза сұхбатында ТШО-ның алдағы жылдарға арналған жоспарлары және оның бұрынғы жұмыс тәжірибесі туралы айтты. ККЖ, цифрландыру және мұнай -газ саласындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселелері де талқыланды.
- Құрметті Лион мырза, бұл сіздің ТШО-ның бас директоры қызметіндегі алтыншы айыңыз. Сіздің таяудағы 2-3 жылға арналған жоспарларыңыз/ басымдықтарыңыз қандай болмақ?
- Ең алдымен, Қазақстанда жұмыс істеу және Теңізшевройл (ТШО) сияқты әлемдік деңгейдегі ұйымды басқару мен үшін үлкен мәртебе екенін атап өткім келеді. Теңіз кен орны Қазақстан Республикасы үшін керемет актив болып табылады және  де ол елдің экономикалық өсуі мен дамуын қолдауды жалғастыруда. Жаһандық пандемия жағдайында, біз бұрынғыша ең алдымен өз қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға, қауіпсіз және сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз етуге және барлық мүдделі тараптардың мүдделері үшін ККЖ-ҰЕҚБЖ жобаларын қауіпсіз жүзеге асыруға баса назар аударудамыз.
- ТШО-ға келгенге дейін сіз әлемнің түрлі бөлігінде, соның ішінде Индонезияда жұмыс істедіңіз. Өзіңіздің өткен еңбек жолыңыз туралы көбірек айтып берсеңіз. Қазақстандағы жұмысыңыздан алған әсеріңіз қандай?
- 33 жылдық қызметімде мен мұнай газ бизнесінің барлық негізгі бөлімдерінде, соның ішінде мұнай өңдеу зауыттарының жобаларында, құбырлар бойынша жобаларда, барлау мен әзірлеуде жұмыс істеп үлгердім. Сондай-ақ, Бангладеш, Нидерланды, Индонезия, Филиппин, Нигерия мен Америка Құрама Штаттарында басшылық және техникалық лауазымдарда жұмыс істедім.
Біз осынау керемет елге келген сәттен бастап, бүкіл отбасымызбен Қазақстан халқы тарапынан аса бір жылылық пен қонақжайлылықты байқадық. Пандемия кезінде халқының төзімділігіне тәнті болдым.Сонымен қатар, Теңізде болып, жергілікті мамандардың кәсіби дағдыларын өз көзіммен көрдім. Қазақстанның ең үлкен байлығы - оның халқы.
- ККЖ-ның орындалу барысы туралы айтып берсеңіз. Жақында Қазақстан Президенті ККЖ жобасы аяқталғаннан кейін 55 000-ға жуық қызметкер жұмыссыз қалатынын мәлімдеді. Сіздің  ойыңыз қандай?
- Қазіргі уақытта жоба 83%-ға аяқталды, және де біз Теңіз кенішіне қызметкерлерді қайта мобилизациялауды сәтті аяқтап, вакцинация бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырудамыз. COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, жоба негізгі кезеңдерге жетуді жалғастыруда. Мәселен модульдік жүктерді халықаралық пункттерден Теңізге жеткізу жөніндегі үш жылдық теңіз науқаны белгіленген мерзімде сәтті аяқталды, алдын ала жиналған барлық сексен алты модуль іргетасқа орнатылды және Теңізде құрылыс-монтаж жұмыстары ойдағыдай жалғасуда.
Бұндай күрделі құрылыс жобаларының басталу және аяқталу кезеңі болатынын атап өткен жөн. Яғни, жұмыстың аяқталуына орай, қызметкерлерді біртіндеп демобилизациялау болады. Осы ретте,ТШО-ның жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі ерікті бастамасы шеңберінде Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерімен жыл сайын 900 қазақстандықты электр монтерлері, дәнекерлеушілер, құбырларды монтаждаушылар, арматурашылар, құрылыс ағаштарын монтаждаушылар, автоматика және өлшеу сияқты сұранысқа ие мамандықтарға оқыту туралы келісімге қол қойылды. Аталған оқудан өткен тыңдаушылар жаңа жұмыс табады, ал кейбіреулері жеке кәсібін ашуды ұйғарады
ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырудың өткен кезеңінде ТШО мен оның бизнес-серіктестері 16 000-нан астам адамды оқытты. Әлемдік ауқымдағы жобаның нәтижесінде қазақстандық кадрлар   халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес, тамаша білім алды, тәжірибе жинақтады. 
- ТШО таяу болашақта жаңа жобаларды дамытуды жоспарлап отыр ма? Осыған байланысты жергілікті ұйымдар үшін қандай мүмкіндіктер бар?
- ТШО қазақстандық қамтуды қолдайтын елдегі жетекші компания болып қалуды жалғастыра бермек. Біз 1993 жылдан бастап қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге (ТЖҚ) 37,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салдық. ТШО-ның жергілікті ТЖҚ-ны сатып алуға жұмсаған шығыстары соңғы бірнеше жылда пайыздық және нақты мәнде айтарлықтай өскенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта, жоба бойынша қалған жұмыстардың басым бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқандықтан,11,3 млрд.-тан астам  АҚШ доллары жоба аясында қазақстандық ТЖҚ-ны сатып алуға жұмсалды, бұл ел экономикасына оң әсер етеді. Жақында жүргізілген тәуелсіз зерттеу ТШО-ның экономикаға әсері Атырау облысынан тыс жерлерде де байқалатынын және облыстардың 50%-на оңды әсер еткендігін көрсетті. Біздің қызметкерлердің көпшілігі осы аймақтарда тұрады, аталмыш зерттеу ТШО-дағы бір жұмыс орны экономикада қосымша 39 жұмыс орнын қолдайтынын көрсетті.  
- ТШО әрдайым жергілікті қамту үлесін арттырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Компанияның 28 жылдық тарихы барысында біз Қазақстанда мыңдаған білікті кәсіпорындармен келісімшарттарға сәтті қол қойдық. Тек ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында ғана біз қазақстандық компанияларды инжиниринг, сатып алу және өндірістік қызметтерге қатысуға тарттық және алдын ала біліктіліктен өткен 2276 қазақстандық компания мен 1585 компанияға алдын ала іріктеу жүргіздік. Қазақстанда тіркелген компаниялармен 630-дан астам келісімшарт жасалды.
- ТШО-ның бас директоры ретінде сіз қазақстандық қамту (ҚҚ) үлесін дамытуға бейімсіз бе? Қазақстандық қамту үлесін дамытудың кейбір нәтижелері туралы айтып берсеңіз.
- ТШО өзінің бизнес шеңберінде қазақстандық қамту үлесін дамытуды жақсарту үшін үнемі жұмыс жасайды. Біріншіден, ТШО біздің ірі стратегиялық жабдықтаушыларымыздың ҚР-на инвестиция салуын және қызметкерлерді ұлттандыруын талап етеді. Олардың бұрғылау ерітінділерінен, қашықтағы құрылғылар мен қосалқы станциялардан локализацияланған өнімдері бар. 
Екіншіден, біз компаниялардың ТШО талаптарына сай болу қабілетін анықтау үшін біліктілік қызметтерін ұсынамыз. Өткен жылы біз қайта өңдеу қызметтерімен, жылу оқшаулағыштарымен, төмен және жоғары вольтты қозғалтқыштарды жөндеумен және басқалармен жұмыс жасадық. Сонымен, біз халықаралық сапа сертификаттарын алу үшін тікелей кеңес беру және оқыту үшін Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) сияқты сыртқы бағдарламалармен ынтымақты жұмыс жүргізудеміз.Өзіміздегі бар деректерге сәйкес, қатысушы компаниялар айналымды шамамен 80%-ға дейін ұлғайтып, өнімділігін айтарлықтай жақсартты. Нәтижесінде, ТШО-да тауарларда жергілікті қамту және ұлттандыру деңгейінің өсуі және қазақстандық азаматтарды тек Атырау мен Маңғыстау облыстарынан ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша жалдайтын жергілікті кәсіпорындардың құрылуы байқалады. Біз осы табыстарды одан әрі дамытуға қуаныштымыз және әрқашан осы саладағы жұмысымызды жақсартудың жолдарын іздейтін боламыз.
- ТШО жақында  өзінің сатып алу жоспарын сайтта жариялады. Осы ретте, ТШО жергілікті қоғамдық бірлестіктер үшін бұрынғыша ашық бола ма?
- ТШО жергілікті қамтушыларға компанияның қызметі және оның техникалық қажеттіліктері туралы ақпарат бере отырып, жұмыс салаларына қатысу мүмкіндіктерін ұсынуға тырысады. Кәсіпорын 2019 жылы алғаш рет өзінің 2020 жылға арналған сатып алу жоспарын жариялады және біз 2021 жылға арналған сатып алу қызметі мен қажеттіліктерін жаңарттық. Сонымен қатар, осы жылдың басында материалдық қамту менеджері Petrocouncil басшылығымен ҚҚ дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау үшін кездесті. 
Бұған қоса,ТШО мұнай-газ өнеркәсібіне арналған тауарларды өндіру мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесу үшін мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту жөніндегі Халықаралық орталыққа қолдау көрсетеді.  Қорыта айтқанда, біз бизнес-қауымдастықтарды тартудың күшті екі жақты синергиясын көріп отырмыз және оны болашақта да жалғастыра береміз.
- ТШО жергілікті жұртшылықты қалай қолдайтынына тоқталып өтсеңіз?   
- ТШО-ның бүкіл тарихында кәсіпорынның әлеуметтік инвестициялар бағдарламалары шеңберінде өзіміз тұратын және жұмыс істейтін жұртшылыққа инвестиция салу негізгі құндылық болып келеді. ТШО Атырау облысының жұртшылығына екі бағдарлама: «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы және ұзақ мерзімді әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) шеңберінде қолдау көрсетеді. «Игілік» бағдарламасы экономикалық даму, білім беру және денсаулық сақтау саласында әлеуметтік инфрақұрылым салуға бағытталған. «Игілік» бағдарламасы арқылы көрсетілетін үлесімізге қоса, біз биылғы жылы ӘИБ аясында қосымша 2 млн. АҚШ доллларын 14 жобаға жұмсауды жоспарлап отырмыз. 
ТШО COVID-19 пандемиясы  басталғаннан бері   жұртшылықты осынау қиын кезде қолдап келеді. Компания медициналық жабдықтар мен материалдарды сатып алды, медициналық мекемелердің құрылысын қаржыландырды, сонымен қатар ПТР сынамасы мүмкіндіктерін кеңейтті.
- ТШО-ның цифрландыру жөніндегі күш-жігерінің нәтижелері қандай, әсіресе қазіргі пандемияға байланысты?
- Цифрлық трансформация ТШО-ға бизнестегі өзгерістерді ілгерілету бойынша біздің күш-жігерімізде икемді және инновациялық болуға, проблемаларды мүмкіндіктерге айналдыруға көмектесуге және ҚР мен біздің акционерлеріміз алдындағы міндеттемелерді орындауды жалғастыруға мүмкіндік берді. Құрылғанына бірнеше жыл өткен соң, ТШО-ның цифрлық трансформация жолы атқарылып жатқан қызметімізді тікелей жақсартуда.
Келешекте бізді қызықты оқиғалар күтіп тұрғаны рас. Оның ішінде кен орнының барлық аумағында ұтқырлықты кеңейту, операцияларды басқарудың технологиялық интеграцияланған орталығын іске қосу және ККЖ-ҰЕҚБЖ жаңа нысандарын пайдалануға беру шамасына қарай жұмыс параметрлерін толық оңтайландыру үшін «виртуалды зауыт» шешімінің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жоспарлар бар. 
ТШО-ның болашағы жарқын. Компанияның бәсекеге қабілеттілігін үздіксіз жетілдіру мен арттыруды қамтамасыз етуде цифрлық мүмкіндіктер шешуші рөл атқарады. 
Цифрлық трансформация ол үшін стратегиялық императив болып табылады және ол таяудағы жылдары цифрлық технологияларды енгізу есебінен ҚР және біздің акционерлер үшін құндылықты барынша арттыруға ұмтылатын Қазақстанда көшбасшы болып қала береді.