«Petrocouncil» Ассоциациясы мұнай-газ компанияларының облыстық əкімдіктерге қанша сомма бөлгенін, жəне де бұл қаражат қайда жұмсалғанын есептеді. COVID-19 пандемиясы мұнай-газ саласына теріс əсер еткеніне қарамастан, өндіруші компаниялар елдің ең көп салық төлеушілері болып отыр.
NCOC , денсаулық сақтау басқармасына 2,5 миллиард теңге жұмсады. Компания көпфункционалды кереуеттер, дефибрилляторлар, ЭКГаппараттары, ультрадыбыстық аппарат, төсектер, түрлі анализаторлар, мониторлар, қан сақтауға арналған мұздатқыш аппарат, тепловизорлар мен ӨЖЖ (ИВЛ) ұсынды. Бұдан бөлек, NCOC қазақстандық дəрігерлерге жəрдемші болсын деп өз қражатына британдық қарқынды терапия дəрігерді арнайы шақыртқан, ол дəрігер тұрақты түрде оқу курстарын, кеңестерін, семинарларын өткізеді.
ТШО шамамен 3 миллиард теңге бөлді. Компания Денсаулық сақтау мекемелері үшін медициналық жабдықтар менқажеттіқұралдардысатыпалды. Олардың қатарында қорғаныс комбинезоны, қолғаптар, шаш торлары жəне ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттары бар. Олардың ішінде: оттегі концетраттары, жеке қорғаныс құралдары, ӨЖЖ (ИВЛ), термосканерлер, пирометрлер жəне т. б..
ҚМГ орталық аппараты Қазақстанның барлық өңірлеріне таратылатын 600 оттегі концентраторын сатып алды.
МаңғыстауМұнайГаз компьютерлік томография аппараттарына 1,3 млрд қаражат жұмсап, реанимобильдері бар ИВЛ аппаратын сатып алды. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы дəрігерлерді керекті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті.
Ембімұнайгаз 300 миллион теңге бөлді. Бұл қаражатқа медициналық жабдықтар мен дəрі-дəрмектер, сондай-ақ карантиндік стационарлар үшін азық-түлік, тұрмыстық техника, гигиеналық құралдар жəне жеке қорғану жабдықтары сатып алынды. Компания қолдауынан бөлек, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жұмысшылары медицина жəне полиция қызметкерлеріне материалдық көмек ретінде 1 миллион теңгеден астам қаражат жинап берді.
Қазмортрансфлот 320 миллионнан астам қаражатты УЖЖ аппараттары мен дəрігерлер үшін арнайы қорғаныс құралдары үшін беруге əзір екендерін айтты.
Өзенмұнайгаз Жаңаөзенге көмек ретінде 40 миллионға бірнеше реанимобиль сатып алды. Сондай-ақ, компания ауруханалар үшін оттегі концентраттарына, мониторларға жəне т.б. керекті жабдықтарға 12 миллионнан астам қаржы жұмсады.
Қаражанбасмұнай Маңғыстау облысының əкімдігіне оттегі концентраторларын сатып алуға 20 миллион сомаға демеушіліккөмеккөрсетті. Сондай-ақ, компания Ресейден дəрігерлер шақыртып, шығындарын өздері төлеуге ниетті.
ҚазМұнайГаз 2.6 миллиард теңге сомасында көмек көрсетті. Қаражатқа медициналық жабдықтар, реанимобильдер, оттегі концентраттары мен ӨЖЖ (ИВЛ) сатып алынды.
Өзенмұнайгаз Жаңаөзенге көмек ретінде 40 миллионға бірнеше реанимобиль сатып алды. Сондай-ақ, компания ауруханалар үшін оттегі концентраттарына, мониторларға жəне т.б. керекті жабдықтарға 12 миллионнан астам қаржы жұмсады.
Қаражанбасмұнайдың жұмсаған қаражатының жалпы сомасы 100млнтеңгені құрады. Қомақты ақша Маңғыстау облысының əкімдігіне оттегі концентраттарын сатып алуға жəне «Біз біргеміз» корына демеушілік көмек ретінде жұмсалды. Сонымен қатар, компания Ресейден келген дəрігерлердің шығындарын өтеді. Жетібаймұнайгаз өндірістік басқармасының қызметкерлері жергілікті ауруханаға 5 оттегіконцентраторынсатыпалып,тағы екі оттегі концентраторын «OSC» ЖШС-не берді.
ҚазТрансОйл өңірлік медициналық мекемелерге 1 млрд теңгеге 68 ИВЛ аппаратын сатып алатын болды. Сондай-ақ компания жабдықтарды жеткізуді жəне орнатуды міндеттемелеріне алып, медицина қызметкерлерін өз есебінен оқытуды жоспарлап отыр.
Павлодар мұнай-химия зауыты Павлодардағы жедел медициналық жəрдем ауруханасы үшін оттегі станциясын орнатты. Енді 50 төсек-орынды оттегімен қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы Орал қаласындағы №7 қалалық емхананы күрделі жөндеуден өткізді. Ақсай қаласының ОАА-на қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтар, ӨЖЖ аппараттары, ЖҚҚ берілді. Жақын арада КПО жылу түсіргіштерді, ПТР-талдауларға арналған жабдықтар мен тест-жүйелерді, экспресс-тестілеуге арналған жиынтықтарды, төсек жанындағы мониторларды, ЭКГ, шприцтік сорғыларды, зертханалық анализаторларды жəне инфекцияға қарсы бақылаудың басқа құралдарын, сондай-ақ жедел жəрдемнің екі автомобилін беруді жоспарлап отыр.
Итальяндық Eni ArmWind Ақтөбе облысының Денсаулық сақтаубасқармасына 400 000 медициналық масканы тегін берді.
Chevron корпорациясы ICAP-пен бірлесе отырып 70 000 респиратор маскасын тапсырды. Сондай-ақ, компания бірнеше ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратын сатып алып орнатты (71.8 миллион теңге сомасына). Қытайдан COVID-пен қарқынды түрде күресетін мамандарды шақырды. Шілде айында Chevron covid-19-ды емдеу бойынша жаңа стационардың жұмысына тартылған медицина қызметкерлері үшін арнайы онлайн семинар ұйымдастырды. Мыңдаған дəрігерлер мен медбикелерге COVID-19 эпидемиясын жəне COVID-19 эпидемиясы жағдайында инфекцияны алдын-алу жəнеинфекциялық бақылау шараларын түсіндірді. Компания еліне бара алмай жатқан еңбек мигранттарына, аз қамтылған отбасыларға, вирусқа қарсы күрес жүргізетін дəрігерлерге көмектесті.
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар тобы, оның ішінде «Шелл Қазақстан», «Эни», » ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.», «Тоталь», «ЛУКОЙЛ», «Камеко Қазақстан», «Эр Ликид», «Такеда», «Фрипорт-МакМоРан», «Рио Тинто», сондай-ақ «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталыққа (ХМО) қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтарды, сондай-ақ covid-19 коронавирустық инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жəрдемдесу мақсатында жеке қорғану құралдарын сатып алып, сыйға берді. Жабдықтың жалпы құны 200 млн. теңгеден астам.
Қарқынды терапияға арналған жабдықтар: кереует жанындағы мониторларды, инфузиялық сорғыларды, қан анализаторын, электроимпеданс томографын, сондай-ақ реанимациялық іс-шараларды жүргізуге арналған функционалдық жабдықты қамтиды. Медициналық персонал осы жабдықты пайдалану бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар,ХМО-да жұмыс істейтін жəне COVID-19 вирусын жұқтыру қаупі бар медицина қызметкерлеріне 10 000-нан астам жеке қорғаныс құралдары, соның ішінде медициналық маскалар, қорғаныс халаттары, көзілдіріктер мен қолғаптар табыс етілді.
Айта кетейік, компаниялар əкімдіктердің, Денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері мен өтініштері бойынша бірлесе жұмыс істеп, керек жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыруда.