Мұнай-газ машиналарын жасау – Қазақстан экономикасының импортқа ең тәуелді секторларының бірі.

2018 жылы қазақстандық машинажасау өндірісінің көлемі $3,1 миллиардқа жетті. Алайда мұнай-газ машиналарын жасау өнімдерін шығарудың сала құрылымындағы үлесі небәрі 5% немесешамамен 53 млрд теңге құрады.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мұнай-газ саласы отандық машинажасаудың өсуі үшін елеулі әлеуетке ие деп есептейді. Әсіресе республикамыздың мұнай-газ жобалары операторларының тауарлар сатып алуы. Сала тарапынан орын алып отырған импортталатын машинажасау өнімдерінің кең номенклатурасына сұраныстыотандық кәсіпорындардың қанағаттандыруына болар еді.

Министрдің деректері бойынша, өткен жылы елдегі импорттың жалпы көлемі $32,5 млрд құрады, олардың ішінде машинажасау саласының өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығын үлесі  39%-ға немесе $12,7 милиардқа жетті.

Бұл ретте экономиканың импортқа ең тәуелді секторы болып саналатындар: электр жабдықтары саласы – $2,7 млрд соманың өнімдері импортталған, автомобиль жасау – $1,8 млрд, мұнай-газ машиналарын жасау – $1,3 млрд, тау-кен металлургия машиналарын жасау– $1,04 млрд.

«Біз жер қойнауын пайдаланушылардың соңғы үш жыл ішіндегі көмірсутек шикізаты саласындағы сатып алуларын 22 негізгі тауар топтары бойынша талдадық. Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы машинажасау өнімдерін импорттау үлесі 88% немесе шамамен $2 млрд құрайтындығы анықталды», – деді министр.

Оның айтуынша, бизнес өкілдерімен жүргізілген кездесулер «Теңізшевройл» ЖШС сатып алулары бойынша отандық машинажасау саласының 12 кәсіпорны жалпы сомасы  $21 млн құрайтын өнімдер жеткізіліміне қатысуға әзір. Бұдан басқа, жалпы сомасы $62 млн асатынжаңа өнімдерді игеруге қосымша әлеует бар.

Және де бұл деректер жұмыс істеп жатқан өндірістің шеңберіндегі тауарларға ағымдағы қажеттілікті ғана көрсетеді. Ал өндірісті кеңейту бойынша перспективті жобалардағы тауар сатып алу бұл талдамаға енгізілмеген. Мысалы, ТШО Келешек кеңейту жобасы бойынша тауар сатып алу 90% келісімшартталып та қойылды, бұл қазақстандық компаниялардың осы жобаға қатысуына мүмкіндік бермейді.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (ҚПО) сатып алуары бойынша –отандық машинажасау саласының 18 кәсіпорны $84 млн аса сомаға өнім жеткізуге қызығушылық білдірді. Отандық машинажасау өнімдерін $149 млн сомаға жеткізу үшін қосымша мүмкіндіктер бар.

14 жергілікті кәсіпорынНорт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компаниясына $45 млн сомаға тауар жеткізуге дайын. Тағы $60 млн сомаға әлеует бар.

Жер қойнауын пайдаланушылардың басқалары бойынша – 19 отандық кәсіпорын $60 млн аса сомаға машинажасау тауарларын  жеткізуге қызығушылық танытты. Тағы $150 млн сомасына тапсырыстар орналастыруға қосымша әлеует бар.

Жалпы алғанда, 80-ге жуық қазақстандық өндіруші мұнай-газ саласы үшін өнім шығаруға дайын.

«Біздің өндірушілердің алдын ала үш жылдық өндірістік көлемі 56 млрд теңгеден асады. Бұдан басқа, үш ірі оператордың сатып алулары шеңберінде $270 млн аса сомаға тауарлардың 6 жаңа санатын игеру бойынша жоғары әлеует бар екендігін атап өту маңызды», – деді Роман Скляр.

Жалпы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп жүргізген талдаудың негізінде отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту бойынша 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Еске сала кетелік, мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту жөніндегі таяуда өткен кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай-газ жобалары операторларының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және уәкілетті орган «PSA» ЖШС қатысуымен 2019-2020 жылдары барлық өндірушілермен келіссөздер жүргізулері және өндірісті жергіліктендіру бойынша келісімдер жасасулары қажет екендігін айтты.

Фото: freestockimages.ru